Сәбит. Сонда қалай?
Шаншар атай. «Шартты» мына балалардың өздері жазған.
Сәбит. Мұнысы қызық екен...
Шаншар атай. Мен бұлардан аузыма қай сан түссе, соншама шертпек ап жүрсем, өздері мынаны жазып әкеп: «Ата, осыған келісейік», – деді, көндім. Бүгін бұлар осы «Шартта» жоқ әбестік жасады. Мен де соған орай жаза қолдандым.
Сәбит. Бұлардың әбестігі, сіздің жазаңыз қандай сонда?
Шаншар атай. Бұлардың әбестігі – қауынға түсті, менің жазам – өз алғандарын өздеріне көтертіп қойып отырмын. Бар әңгіме осы.
Сәбит. Әбестік-ақ екен. Жазаңыз да орынды, сыйымды.
Шаншар атай. Сұрағың бітті ме, балам? Бітсе, ендігі сауал менен болсын. Сен: «Орынды, сыйымды», – дейсің, бригадирің: «Мұның – қылмыс» – дейді. Мұның қайсысына сенеміз біз сонда?
Достарыңызбен бөлісу: |