Сәбит. Әрине. Райком жіберді. Оқыдық.
Шаншар атай. Міне, сөздің атасы осы. Бұл бір көңілдегі күдікті сейілткен әңгіме болды. Қо-о-ош... (Пауза). Ал, бірақ мен бір ашықауыздық жасап алдым, балам. Сендердің шөп шабуға жәрдем сұрап отырғандарыңды шыдай алмай, мына балаларға күнілгері айтып қойғанмын. «Бүлдірдім-ақ қой», – деп едім әуелі, жоқ, оным бекер екен. «Шөпке барамыз», – деп шетінен жұлқынып тұр әшейін балалар осы тұрғанда. Сөйтсе, мына Мұсатай елден ерекше: «Баламды қалаға апарамын, пара беріп оқуға түсіремін», – деп сыңар езулеп көнер емес.
Достарыңызбен бөлісу: |