Оспан. Кімге-е?
Тәттігүл. Әлім жезденің Ерланына. Біліп қой, Зәуре Әлім жездеме келін болмаса, бір күн де тұра алмайсың сен бұл қызметте, ұшып кетесің орныңнан.
Оспан. Тұрмай-ақ қойдым. Зәуре сүйгеніне барсын.
Тәттігүл. Түсіп көр қызметіңнен, сол заматта ажырасамын мен сенен. Ноқтаңды түріп, айдап қоя беремін.
Зәуре. Мама!
Оспан. Міне, сөз. Сонда мен адамдығыммен, арыммен емес, атағыммен, қызметіммен жолдас болып жүр екенмін ғой саған.
Тәттігүл. Енді қалай деп едің? Біле білсең, сені осы дәрежеге жеткізіп отырған мына мен. Мен болмасам, әлдеқашан қаңғып кететін едің.