Тәттігүл. Сонда сен қайтіп бастық болып жүрсің?
Оспан. Еңбегіммен болып жүрмін.
Тәттігүл(кекетіп). Еңбегіммен! Ойбай-ау, еңбекті кім істемейді, бастық болып жүргені қайсы солардың? Сені жездеме айтып мен өзім өсіргенмін.
Оспан. Қолынан біреуге не жақсылық, не жамандық жасау келген адам ғана адам. Олай ете алмаған адам – әшейін біреу. Сенің жездең сол әшейіндердің санын көбейтіп жүрген адам.
Тәттігүл. Болды! Сендер қызың екеуің жыныма тие бермеңдер, әйтпесе...
Зәуре. Мама, абайлаңыз, қазір стресс, инфаркт заманы.
Тәттігүл. Жоқ, қызым, қазір СПИД заманы. Онымен кім ауырады? Жатақханада сенің Ерланың құсап қаңғып жүргендер ауырады.
Зәуре. Жоқ, мама, Ерландар – жатақхананы құтқанаға айналдырып жіберген жігіттер. Маған мынандай жиһазды үйден жатақхана, ұрыс-керісі көп отбасынан жастар ортасы артық.
Оспан. Дұрыс айтасың, қызым. Азғындар еңбек етіп жүрген жігіттердің ортасынан емес, біз сияқты бастықтардың балаларының арасынан шығып жатыр.
Тәттігүл. Түу, сендерге сөз айтып болмайды екен! Түңілдім мен екеуіңнен!