Балқия. Бәсе, ақылы бар менің күнімнің!
Әлім. Жүзі нене керек, Зәуре жетеді, бізге.
Балқия. Иә, Зәуре керек бізге. Зәурені алсаң, арақ жетеді саған. Ас үйдегі шкафта тұр арақ, бар да құйып іш жүз грамыңды.
Ерлан ас үйге кетеді.
Әлім. Мынау тез көнді ғой өзі.
Балқия. Айтпа, құдай берді деген осы! Зәуре біздің келініміз деп есепте енді!
Әлім мен Балқия тәтті қиял құшағына еніп кетеді. Екеуі дәл осы орындарында шіреніп отыр. Есіктен Оспан мен Тәттігүл асығып-аптығып кіріп келеді. Екеуі де естері шығып, еліріп алған.
Тәттігүл. Жезде, әкпе, жастар келе жатыр!
Оспан(жастар кірген есікке бұрылып). Ал, қарағым, атта ақ босағаңды!