Оспан. Қайтемез, өзің біл.
Зәуре. Мама, сіз түңілген жоқсыз, түсіндіңіз бізді. Сол үшін мен сізге бір ән айтып берейін. Әннің аты – «Махаббат – от-жалын», тыңдаңыз. (Көңілденіп әндетеді). 3
Махаббат – ол асау жүрек – от-жалын, Шын сүйгеннің шарпымайды оқ талын. Жүрек – жалғыз, махаббат та біреу-ақ, Өзге жанды қалай алман, жоқ халім.
Қайырмасы:
Келмейді ұнап күйгім, Мен оны құлап сүйдім. Біз – енді бір-ақ әнбіз, Бұрауы құлақ күйдің.
Махаббатты қастерлеп мен өтейін, Дей алмайды ешкім мұны төте мін. «Сүйем», – дестік, қол алыстық, серттестік, Аяулым – ол, емес енді бөтенім.
Қайырмасы:
Махаббат – ол сүйгендердің еншісі, Тек адалдық – қос жүректің емшісі. Арманы бір адамдарды айнытпас, Еш суық қол – әзәзілдің елшісі.