Тәрбиешінің жұмыс жүйесінің тиімділігі мен нәтижесі



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#5869
  1   2   3
Тәрбиешінің жұмыс жүйесінің тиімділігі мен нәтижесі
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы мен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы мемлекет тарапынан еліміздің кішкентай бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетудің негізі деуге болады. Осы орайда өз жұмысымды, өзім қызмет етіп жүрген «Балапан» шағын орталығымыз деп аталатын «мектепке дейінгі кіші жас» ІІ сәбилер аралас тобында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүргізілетін жұмыс жүйемді таныстырып өтейін.

Бұл топта бүлдіршіндер мемлекеттік стандарт талаптары бойынша салауатты да, сауатты болып өсуіне барлық жағдай жасалып, ойын, ұйқы бөлмелері заман талабына сай жабдықталған. Атап айтсақ үш мезгілді тамақтандырудың әр түрлігі мен қуаттылығы, дәрумендері бар көкөністер мен жеміс-жидектермен қамтамасыз етулі.





ІІ Негізгі бөлім

  1. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет бойынша білім берудің бес саласы- бала тәрбиесінің басты құралы

Педагогикалық үрдіс, осы үрдіске қатысушылардың рөлі мен орны, мектепке дейінгі мекеме мен отбасы қарым-қатынасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚРМЖМБС) және 3жас пен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеуге арналған «Зерек бала», бағдарламаларға сүйене отырып жүзеге асырып келеміз.

ҚРМЖМББС да Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіретіндігі туралы айтылған.



  • «Денсаулық»

  • «Қатынас»

  • «Таным»

  • «Шығармашылық»

  • «Әлеуметтік орта»

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны берілген білімнің қызметіне қарай нәтиже ретінде баланың құзыреттілігін қаншалықты дәрежеде қалыптасқандығын анықтауға болады. (4- кесте)

Жоғарыда аталынып өтілген мақсат, міндеттерді алға қоя отырып, 3 таңдап алған бағытта балалармен жұмыс істей отырып, болашақ ұрпақтан алда күтер үмітіміз көп.

«Денсаулық құзыреттілігі» бойынша:



  • Салауатты өмір салты ережелерін білетін, саптық және спорттық жаттығуларды ересектердің көрсетуімен жалпылай барлық баланың орындай алатындығын

«Коммуникативтік- тілдік құзыреттілігі» бойынша:



  • Барлық баланың «үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсете білу керек екендігін ұғынып, ересектерге «сіз» деп сөйлеп, ешбір ересектен жасқанбай сұрақтары мен өтініштеріне жауап беретін, қарым-қатынасқа түсе білгендерін

  • Тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айтып, сөздерді өзгертіп, басқа сөздермен сәйкестендіре алатын сөздік қоры дамыған, заттардың аттарын толық дерлік айта білетін, әңгіме құрап, ертегінің мазмұнын сипаттай алғандарын

«Танымдық құзіреттелік бойынша:



  • Заттардың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін сезу, есту, иіс сезу арқылы қабылдап, оларды 2-3 сөйлем арқылы жеткізгендерін

  • Уақыт, кеңістік, себеп-салдарлық, мөлшерлер туралы қарапайым ұғымдарды түсіне білгендерін

  • Табиғатта өзін-өзі ұстаудың бірнеше нормасын меңгерген, ересектер мен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайтын, жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінетін

«Шығармашылық құзыреттілігі» бойынша:



  • Музыкалық бейнелерді жасап, аспаптармен ойнай білетін, дауысын пайдаланып ән айту жолдарын меңгерген

  • Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгеріп, әр түрлі кескінді орындай білетін

«Әлеуметтік құзыреттілік» бойынша:



  • Эмоционалдық көңіл-күйді түсінетін, құрдастармен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне қатысатын, ересектермен танымдық тақырыпта әңгімелесетін, өз қылығын ертегі кейіпкерлерінің іс- әрекетімен бағалай білетін дүниетанымы кеңінен дамыған, қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасқан, жан жақты білім ала отырып, тәрбиеленген ұрпақтардың өсіп- өніп жетілетіндіктеріне сенімімді артып, осындай дәрежелерге көшпен бірге жететіндігімізге сенемін




  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процессі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарына сүйене отырып, шағын орталық қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты оқыту, дамыту, тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан. Балалармен оқыту, білім беру жұмыстары үздіксіз орындалып отырады.

Жалпы Оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін айтады. Дәл сондай тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер арсындада бірлескен іс -ә әрекет оқыту процесстері орын алады.

Оқыту процессінің қызметтері: 1. Білім беру;2 Тәрбиелік; 3 Дамыту

Жоғарыда негізге алып отырған бағыттарымның бірі «түсіндіру, суреттеу» арқылы оқыту деп атап өткен болатынмын. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру, көрнекілік- мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау- оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту- негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт.

Осындай кемшіліктердің шыныменде орын алғандығын байқағандықтан, жалпы мектеп жасына дейінгі балалардың іс- әрекетінің негізгі түрі «ойын» болғандықтан, «Ойын технологиясын» оқытып білім беруді басты әдістемелік жүйемнің бірі болар деп таңдап алдым. Бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.

Білім беру бағытымда таңдалып алынған Оқытудың түрі



Оқытудың түрі

Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің іс- әрекеттерінің кезеңдері

Жақсы жақтары

Кемшіліктері

Түсіндіру- суреттеу арқылы (И.Гербарт)


  • Уақыт үнемдейді

  • Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің күшін сақтайды

  • Күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді

  • Процестерді тиімді басқаруды қамтамасыз етеді

  • «дайын» білімдер тәрбиеленушілерді өз бетімен ойлауға үйретпейді

  • Жеке жұмыс істеу мүмкіншіліктері шектеулі

  • Ақыл- ой қабілетін және іскерлігін нашар дамытады.



  1. Ойын технологиясы арқылы баланы оқыту

Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін- өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың





  • Қажеттіліктерін

Қанағаттандырады



Д.Б.Эльконин

  • Қызығушылықтарын



  • Өмірге бейімделуін жеңілдетеді

  • Болмысты тануға көмектеседі.

Оқыту білім беру барысында әрбір сабақта ойын түрлерін (дидактикалық, сюжеттік- рөлдік, қозғалмалы) қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

Білім беру барысында, әдістемелік жүйе ретінде , «ойын технологиясы» қолданылатын ойынның түрлері

Ойынның түрлері

Рөлдік

Қозғалмалы

Іскерлік

Дидактикалық

Ертегілерді сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.

Мысалы: «Шалқан», «Әтеш пен мысық», «бауырсақ» т.б.

Өмірде болатын оқиғаларды, іс- әрекеттерді сюжеттеп ойнайды.

М.лы: «Қонаққа бару», «Дүкенге бару», «Ауруханаға бару», «қонақты шақыру»



Дене тәрбиесінің дамуына ықпалын тигізеді.

Бұл ойын қатарына өзіміз қолданып жүрген «саусақпен ойынын» жатқызуға болады.

Мысалы: «тоқта ұшақ», «тиындар мен иттер», «екі аяз», «қаздар мен аққулар».

«Мысықты, үйректі, көжекті, әтешті» т.б. бейнелеу




Бал түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынасарға енуге әзірленеді.

Мысалы: «үйдегі ана мен әкенің іс- қимыл қозғалыстарын келтіру.



-саяхат

-қоннаққа кейіпкердің келуі

-құпияхат, жұмбақтар

Мысалы: «кім жылдам», «кімнің төлі», «қайсы жеміс»



Есте сақтау, ойлау, логикалық ойлауларын, ойластыру, жинастыру қбілеттерін оятатын ойындар.

Алайда, оқытудың әдісін таңдау- күрделі процестің бірі.оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Білім алу көзіне қарай жұмыс істеуде әдістемелік жүйе ретінде мынадай 3 түрге бөлінген әдістерді қолданамын.



  1. Сөздік әдісі (әңгіме, түсіндіру, әңгемелесу, қосымша дәптер оқулықтарымен жұмыс істеу)

  2. Көрнекілік әдісі (иллюстрация, демонстрация)

  3. Тәжірибелік әдісі (жаттығу)

Бұл әдістер өзіндік қарапайымдылықтарымен, тиімділіктерімен маған өте қатты ұнайды. Тек үйдің ғана тәрбиесінде өсіп келген балаларда балабақша туралы ешқандайда түсінік болмаған. Балаларды қойып кейбір ата- ана балабақша қабырғасында сабақтар, білім беру процестері өтетіндіктерінен хабарсыз болған. Дегенмен осындай дәстүрлі қарапайым әдістерді қолданудың арқасында біртіндеп жетістіктерге жетіп келеміз.

Тек ойын технологиясын білім беру барысында ғана емес, сабақтан тыс (ертеңгілік, мерекелік қойылымдар, спорттық шараларды) шараларды ұйымдастыру кезіндеде қолданамыз. Осындай шараларды ұйымдастыра отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізе алдық.



  1. Балалардың өлең, тақпақ жаттауда есте сақтау қабілеттері дамыды

  2. Ән, тақпақ айтуда өзін- өзі ұстау мәдениеті, өлең, тақпақ айту мәнері пайда болды

  3. Ертеңгіліктер мен спорттық шаралар арқылы ата-аналармен жұмыс тәртіптілік қалыптасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет