Тәрбиешінің жұмыс жүйесінің тиімділігі мен нәтижесі


Инновациялық технологияларды қолдана отырып мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің түрлері



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#5869
1   2   3

Инновациялық технологияларды қолдана отырып мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің түрлері





  1. Ата-аналармен жұмыс формалары

Әдістемелік құралдың мақсаты - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында тиімді әріптестік механизмін құру болып табылады.
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- отбасына қатынау;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

-біріккен бос уақыттар;



- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.
Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды мәселе екені айқын.

Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.

А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.

Т.А.Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.

Ал, Т.Е.Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылдайды. Тәрбие әдістеріне берілген мұндай әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онды:


  • жеке басқа ықпал ету құралы;

  • тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

  • тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

  • тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

Мысалы, жаттығу әдісі: бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл – кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру,талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру, т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты.

«Балапан» Шағын

орталығының тәрбиешісі:

Тлеуова У.Б.





Каталог: EC7B705FA331990F
EC7B705FA331990F -> Сабақтың жоспары: Кіріспе. Сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру Пысықтау сұрақтары
EC7B705FA331990F -> Сабақтың тақырыбы: Көліктер Сабақтың мақсаты
EC7B705FA331990F -> Сабақтың тақырыбы: Оқушыларды адамдар жүретін көліктермен, олардың түрлерімен, жолаушылардың жол ережесімен таныстыру
EC7B705FA331990F -> Сабақ ұзақтығы 35 минут 1-сынып Оқушылар саны 6 Сабақтың мақсаты
EC7B705FA331990F -> Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Мерзiмі: 15. 01. 15. №17 Cынып: 11 Оқушылар саны
EC7B705FA331990F -> Сабақтың мақсаты: Білімберушілік: Жай бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу
EC7B705FA331990F -> Наурыз – көктем мерекесі! 1-жүргізуші
EC7B705FA331990F -> Сабақ жоспары Өткізілетін орны Первомай орта мектебі ғимараты, қазақ тілі кабинеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет