Әлім. Бар, анауың тағы сұрап жатыр.
Балқия. Жетеді. Бере берсең, іше береді ол.
Ерлан кіреді.
Ерлан. Неғып отырсыздар маужырап? Мама, мен не дедім сізге? Тағы жүз грамм тауып бер дедім. Қане, әкеліңіз.
Балқия. Болды енді, жоқ. Қазір Тәттігүлдің үйінен ішесің қалғанын.
Ерлан. Онда жүріңіздер тезірек!
Әлім. Жүр. Сенің ындыныңды құрытқан қыз болмай, жүз грамм болып жүрмесін.
Балқия(жақтырмай). Сен де айта береді екенсің әрнемені! Менің күнім айтқанға көнеді.