Оспан. Не болды сонша айғайлап?
Тәттігүл. Кетті ана қызың бай іздеп!
Оспан. Сен өзі қалай-қалай сөйлейтін болғансың, Тәттігүл.
Тәттігүл. Солай сөйлеймін. Сөздің көкесін қазір көресің. Есік қоңырауы шылдырайды.
Оспан барып есік ашады.
Келгендер – Әлім, Балқия, Ерлан.
Оспан (салқындау). Келіңіздер. Сәлематсыздар.
Әлім (маңғаздау). Сәлематсыздар. Қалай, балалар аман?
Тәттігүл (қуанып). О-о, Әлім жезде, Балқия тәте, Ерлан айналайын, келіңіздер-келіңіздер, төрлетіңіздер.
Келгендер диванға жайғасады.
Балқия. Тәттігүл, Зәурені көріп қалдық. Асығыс сияқты.
Тәттігүл. Кетті, айтсам, тыңдамай.
Әлім. Қайда барсын, келеді де біз кеткенше.
Тәттігүл. Әй, қайдам, тіл алатын қызды көрмедім.
Балқия. Көнеді. Көндіреміз.
Оспан. Тәттігүл, бұл қалай? Біздің үйдегі әңгімені мына кісілер қайдан біліп жүр?
Достарыңызбен бөлісу: |