Јлдихан Ќалдыбаев


Әлім (Балқияға). Не деп кетті ана жүгермегің? Балқия



бет89/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   371
Әлім (Балқияға). Не деп кетті ана жүгермегің?
Балқия. Білмеймін. «Мен – итпін» – демеді ме?
Әлім. Деді. Ит екен.
Оспан. Айтарсыздар. Білсеңіздер, ол өзін емес, бізді ит деп кетті. Шынында , біз – итпіз, Ерлан – адам.
Тәттігүл. Қойшы, құрысын! Мейлі, біз ит-ақ болайық, ал, Әлім жездем – адам.
Оспан. Бәріміз – бір сортпыз.
Әлім (түтігіп кетіп). Әй, не деп тәнтіп тұрсың сен? Күшік!
Оспан (Тәттігүлге). Міне, көрдің бе, ырылдап шыға келді жездең.
Әлім. Ырылдағанның көкесін ертең кеңседе көресің сен.
Оспан. Сіздің сол кеңсеңіз, жұмысыңыз кімге керек қазір осы? Коммерсант, бизнесмен, кәсіпкер дейтін пысықайларға керек. Олар заңсыз тірлігін сізге мақұлдатып алып, алаяқ тірлікке көшіп жатыр. Сіз – шәпкі жинап отырған біреусіз.
Балқия. Шәпкісі несі құдай-ау!
Тәттігүл. Шәпкісі – пара. Оны солай атайды қазір. Білмейсіз бе, біреуге кішкентай бір жақсылық жасасаңыз, шәпкісі әзір.
Балқия. Онысы дұрыс екен. Алыпсатар бол, шәпкі ки, іс қып-піс қып дүние тапқанды айт!
Тәттігүл. Қазір әйел атаулының бәрі – алыпсатар. Әйел озып тұр еркектен.
Әлім. Ендеше, ертеңнен бастап мен Оспанды қызметінен алып, әйелдердің қатарына қосамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет