Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.
Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.
Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.
Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс туындысы.
Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.
Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі- нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |