Френч және Фроммболжамдарына орай, түс көру адамның психологиялық қалпын тұрақтандыру тетігі ролін атқарып, осыдан адам өз проблемаларын шешу үшін қажет күш-қуатын көтереді. Түс арқылы адам бейсаналық дүниеге ерекше бір «терезе» ашады. Сонымен бірге, түс бейсана мен ашық сана арасында ақпарат алмасуға қажет «арна» қызметін де атқарады. Осыдан ақпарат қоры басымдау бейсана рәміздік не айқын формада ашық санаға керекті ақпарат жеткізеді (мысалы, болашақта күтілген оқиғалар, болып қалар сырқаттар, ішкі жандүниелік сырқатты нүктелер жөніндегі сәуегейлік болжамдар.