Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.
Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді.
Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды.
Номотетикалық бағыт – тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты
әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу.
Идеографиялық бағыт – тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек- сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.
Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.
Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.
Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды.
Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инс- тинктері.
Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстин- кттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.
Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.
Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инс- тинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:
«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫ МЕН»(СУПЕР ЭГО-
Достарыңызбен бөлісу: |