Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы
Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі – генотипімен анықталады. Дамудың әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында бола- ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады.
Психикалық даму үдерісі тек генетикалық себептерден ғана бол- май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс- ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.
Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігі- мен ерекшеленеді.
Сензитивтік – бұл кей орта ықпалдарын өткізіп, қалғандарына тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.
Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек өкіліне, оның даму бағытына қоршаған орта ықпал-әсерінің ауқымы мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.
Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъек- ті болуына оның бір ғана белсенділігі жеткіліксіз. Оның қандай орта ықпалдарын қалайтыны сол адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді. Өзін қоршаған ортаға жаңалықты өзгерістер ендіре отырып, адам өз генотиптік бағдарламасын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет-қылық формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде даралықты, жекеленген қылық формалары пайда бола бастайды.
Адамның табиғи тұстарын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адамдағы биологиялық сипаттарды оның бойындағы қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн. Адам құрылымындағы биологиялық нышандардың өзін де тек адамилық ныша- ны деп білген дұрыс. Адам тумадан өзінің әмбебап дамуының генетикалық мүмкіндіктеріне негіз болған жоғары биологиялық құрылымға ие. Адам биологиясының өзі де әлеуметтік себепті, яғни оның қоғамдық – тарихи дамуымен орайласқан.
Психиканың пісіп жетілуі мен қалыптасуын ажырата білген орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |