Грипп (6)
261. Гриппке тән синдром:
a) ринит
b) фарингит
c) ларингит
+d) трахеит
e) пневмония
262. 30 жастағы ер адамға «Грипп» диагнозы қойылған:
Негізгі клиникалық синдром қандай?
+а) интоксикациялық
b) катаралді
c) эксикоз
d) артралгиялық
e) геморрагиялық
263. Науқаста аздаған интоксикация белгілері мен «дөрекі» жөтел байқалады:
Сіздің диагнозыңыз:
a) грипп
+b) парагрипп
c) аденовирусты инфекция
d) риновирусты инфекция
e) респираторлы-синцитиалді инфекция
264. Грипп кезінде тыныс жолдарының зақымдалатын бөлігі:
a) көмей
b) жұтқыншақ
c) бронхты
+d) кеңірдек
e) альвеолалар
265. Ер адам, 20 жаста, диагнозы «Грипп».
Осы диагнозды дәлелдеуге қандай белгілер көмектеседі?
+ a) айқын улану симптомы
b) аздаған интоксикация
c) субфебрилитет
d) біртіндеп басталуы
e) айқын катаралді белгілер
266. 35 жастағы ер адамға «Грипп» диагнозы қойылған.
ЖҚА қандай өзгерістер тән?
a) лейкоцитоз
+ b) лейкопения
c) нейтрофиллез
d) эозинопефилия
e) ЭТЖ жоғарлауы
267. Ер адам, 31 жаста жедел ауырған, қалтырап, дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бұлшық еттері мен буындары қақсап, мұрны бітеліп, тамағы жыбырлап ауырған. Ауруының 2-ші күні қарап тексерген кезде бетінің қызаруы, ісінуі, көз тамыры шырышты қабатының иньекциясы,құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, тахикардия байқалады.
Қандай ауру туралы ойлайсыз?
+а) грипп
b) аденовирусты инфекция
c) менингит
d) парагрипп
e) бөртпе сүзек
Достарыңызбен бөлісу: |