Лекция 5. Тақырыбы :Қылмыстың субьективтік жағы бойынша саралау 1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі
2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау
3. Қылмыстық құрамның субьективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау
4. Қате және оның түрлері бойынша саралау
Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.
Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық 120 бап – Зорлау, 312 бап – Пара беру.
Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің 165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет ғана мемлекеттік опасыздық деп танылады. ҚК-тің 216 бабы бойынша әдейі банкроттық оның қандай мақсатпен жасалатындығына тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші жағдайда қылмыстың мақсаты мемлекеттік сатқындық құрамының міндетті белгісі болып табылатындығын ал екінші жағдайда – әдейі банкроттық барысында ол жауаптылық пен саралауға ықпалын тигізбейді (алайда ол барлық уақытта да анықталуы тиісті болғанымен және жазаның түрі мен мөлшерін таңдауға ықпал етуі мүмкін).
Немесе ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі – Адам өлтіру (ауырлататын мән жайда) басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру күшейтілген қылмыстық жауапкершілікті қарастырады егер ол пайда табу ниетімен (пункт «з»), бұзақылық ниетпен (пункт «к»). Мұнда алғашқы екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.
И. Г. Филановскийдің айтуынша: «Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады.
Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып табылатын кінә түсінігінен бастаймыз.
Аталған мәселені анықтауды қылмысты дұрыс сарлау табанды түрде талап етеді: А.А. Пионтковский «Кінә туралы ілім кеңестік қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады»- деп жазған./ 27/
Біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған Қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда келтірілген кінәнің анықтамасы қортындылай айтқанда төмендегідей мазмұнда берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған.
Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы құқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өтуге тиістіміз. Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған.
Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз.
Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 20; 21 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Қасақаналық ұғымы негізінен екі түрлі элементтен – интеллектуалдық және еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады. Тікелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың арасындағы басты айырмашылық еріктілік сәтінен айқын көрінеді. Тікелей қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық ниеттің болғандығын төмендегі жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу үшін кісі өлтіру). 2) пайда болған салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз.
Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады. Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз. Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады. Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық, бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)
Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді, және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Мысалы адамның басына, денесіне соққылар жасай отырып кінәлі, жәбірленушіге өлім келуі немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына да қол жеткізуге мүдделі.
Қасақаналықты анықталған және анықталмаған етіп бөлудің қылмысты саралау үшін маңызы бар. Жай анықталған қасақаналық барысында егер кінәлі тілеген салдар оған қатысты емес мән-жайларға байланыссыз болмай қалса жасалған әрекет тек сол салдардың болуын тілеуге оқталу болып саналуға тиіс. Мысалы жәбірленуші өлтіруді тілей отырып оған ауыр дене жарақатын келтіру. Ондайда әрекет адам өлтіруге оқталу деп саралануы тиіс. Қасақаналық ниет қалыптасу уақытына байланысты алдын-ала ойластырылған және кенеттен пайда болған болып бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық оның пайда болу сәтімен жүзеге асырылуының арасында айта қаларлықтай уақыт болуымен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында кінәлі адам қылмысты жасаудың жоспары мен тәсілдерін ойластырады, оның ізін жасыру шараларын қарастырады. Кенеттен пайда болған қасақаналық ниет атауынан байқалып тұрғандай қылмыс жасауға деген ниет кенеттен пайда болып жүзеге асырылады. Кенеттен пайда болған ниет кейде қатты жан күйзелісінен туындаған жағдайда болса жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша алдын-ала ойластырған қасақаналық пиғыл, кенеттен пайда болған пиғылдан қауіптірек болып саналады. Алайда, кейде кінәлі адам қылмыс жасауға қалыптасқан әрекетін бірден жүзеге асыруы мүмкін. Субъектінің әрекеттеріне қасақаналық бар немесе жоқ екендігін шешу барысында және әрекетті саралау барысында қатені құқықтық бағалау мәселесі туындайды. Қатенің екі түрі болады заң туралы қате және фактілік қате. Заң туралы қате барысында тұлға өзінің әрекетінің қылмыс екендігін немесе қылмыс болып табылмайтындығын бағалауда жаңылсады. Бұл жағдайда жалпы ереже әрекет етеді. Егер субъект өзінің әрекеті қылмыстық жазалаушылыққа жатады деп есептесе, ал іс жүзінде ол әрекетке қылмыстық заңмен тыйым салынбаса, онда ол қылмыстық жауапкершілік туындатпайды. Керісінше субъект өзінің әрекетін қылмыс-деп санамаса, ал әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген болса, тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Адамның өзінің іс-әрекетін саралаудағы және соған сәйкес жаза түрі мен мөлшерін белгілеудегі қатесі қылмыстық жауапкершілікті шешуге ешқандай ықпал етпейді.
Фактілі қате дегеніміз қылмыс құрамының элементтеріне қатысты, әрекетінің нақты мән-жайларын теріс ұғынуы болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында және практикада фактілік қателерді төмендегідей түрлерге бөледі: қылмыс объектісі мен заты жөніндегі қате, жәбірленушінің жеке басы жөніндегі қате, себепті байланыс, ауырлататын мәністер бойынша қате.
Объект бойынша қате кінәнің нысанын анықтауға ықпалы тигізбейді тек оның мазмұнын өзгертеді.
Егер субьекті заңмен қатаң қорғалатын объектіге қол сұқтым дап ойлап қатаң емес түрде қорғалатын объектіге қол сұқса, ол қатаң қорғалатын объектіге қол сұққан ретінде жазаға тартылуы тиіс. Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында оны екі қабат деп ойласа алайда ол ондай болмай шықса онда ол кінәліге алдын-ала белгілі екі қабат әйелді өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады. Керісінше тұлға әйелдің екі қабат екенін алдын ала білмей, екі қабат әйелді өлтірсе ол жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке басына байланысты қате, әдетте егер жәбірленушінің жеке белгілері қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмаса жауапкершілікке ықпал етпейді. Мысалы көршісін өлтірмек болып кездейсоқ адамды өлтіреді. Егер кінәлі судьяны немесе тергеушіні өлтірмек болып алайда қателесіп кездейсоқ адамды өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жзеге асыру адамның өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға. 340 баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы.
Зат бойынша қателесу екі жақты мәніске ие болады. Егер тұлға заттың сапалық мәнісіне байланысты қателессе ондай қателесу жауапкершілікте ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры магнитофон ұрлаймын деп қателесіп, радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер тонаушылар ақша ұрламақ болып сейфті ашқанда онда ақша жоқ болып шықса онда олардың әрекеті осы затты ұрлауға оқталу болып есептелінеді. Қылмыс жасау құралы бойынша қателесу, тұлға, белгілі бір себептермен, қол сұғылған объектіге залал келтіре алмайтын құралмен, жасалған кезде орын лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос оқпен оқталған мылтықпен адам атпақ болады. Бұл жағдайда ол адам өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Егер субъект өзінің қараңғылығынан қылмыстық заңмен қоргайтын объектіге залал келтіру мақсатын да оған жарамйтын құралдарды пайдаланса (дуа салу, қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті анықтау болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды. Себепті байланыс бойынша қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланысқа қатысты жаңылысу болып табылады. Егер тұлға өзінің әрекетінен қандай салдар туындайтынын анық білетін болса онда оның себепті байланыстың дамуы бойынша қатесі жауапкершілікті анықтау үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп есептесе ол саралау белгілері бойынша қателесу болып саналады. Бұл кезде екі жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың ауырлататын мән-жай екенін білмейді. Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау 175 бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын, ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға білмеуі мүмкін.
Бұл жағдайда қателесу назарға алынбайды және заңды қателесу бойынша ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект өзінің нақты әрекетінің ауырлататын жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа немесе алдын ала сөз байласқан топқа өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Фактілік қателердің кез-келген түріне заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстын субъектівтік жағына түсініктеме берініз
Қылмыстың субъектівтік жағының қандай міндетті белгілері бар?
Қылмыстң субъективтік жағының қандай қосымша белгілері бар?