Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет8/21
Дата08.12.2016
өлшемі2,87 Mb.
#3458
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Міфологія сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997

15 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Ертегіден тыс прозалық жанрлар (аңыздық проза)
Жоспары :
1. Аңыз - әңгімелер.

2. Аңыз әңгімелердің реалистік ертегілерге ұқсастығы және одан

айырмашылығы.

3. “Алдар көсе” әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкерлер.



  1. Асан қайғы - аңыз және ақиқат.

Аңыз халықтық наным сенімнен қиял – арманынан туған. Осыған орай онда фантастикалық элементтер мол аңыз мазмұны бірде тарифи фактілерге негізделсе бірде нақты дерегі жоқ, қиялдан туған қызық ғажайып оқиғаларға құрылады.

Қазақ фольклорындағы аңыз мазмұнына, тақырыбына қарай шартты түрде былайша жіктеледі :

а) аспан әлемі, жер, су, қала, ауыл аттарына ;

ә) халықтық ру, тайпалардың шығу тегіне байланысты аңыз ;

б) діни – мистикалық ;

в) әлеуметтік – утопиялық ;

г) тарихи- қаһармандық яғни жеке адамдардың өмірі, іс - әрекеті жайлы аңыз.

Табиғат құбылысы, аспан әлемі, хайуанаттар жайындағы аңыз басқалардан бұрынырақ шыққан тәрізді олар жер мен аспан. Жеті қарақшы, үркер жұлдыздры, әлемнің жұмбақ сырлары жайындағы, самұрық құс, айдаһар, боз інген тағыда басқа хайуанаттар жайындағы аңыз. Ал жер, су, тау, қала, ауыл аттарының пайда болу жайындағы географиялық – топонимиялық аңыздар кейінірек пайда болған.

“Бурабай”, “Іле”, “Келіншек тау”, “Қалмақ қырған” тағыда басқа әр халықта өзінің шығуы, таралуы жайында этногеналық аңыздар бар.

Қазақ халқының оқиғасын болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз - әңгімелер. Аңыз - әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта боған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз - әңгімеге айналып, ұрпақтан – ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу – сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз - әңгімелерінде сақталған.

Қазақ халқының оқиағасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз-әңгімелер. Аңыз-әңгімелерджің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.

Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздары болып кеткен. Бұл әңгімелер бертін келе әр түрлі қоғамдық жағдайларға, халық тілегіне сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған, оған бергі заманның өмңр шындығынан туған жаңа оқиғалар, көзқарастар қосылған. Солардың бәрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы кездің тілектерін көрсететінаңыздар да туған. Мысалға, Алдар көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларда әр заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген заманның да, бертінде байлар мен саудагерлер әкімдік еткен дәуірдің де елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғармақ; екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар көсені бергі заманға алып келгенде, бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді беруді мақсат еткен деуге болады.

Аңыздардың әңгімесе тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады дегенді біз шартты түрде (условно) айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар көсе, Асан қайғы, Жиренше туралы тарихи деректер жоқ, тек аңыз-әңгімелер бар. Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаған халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп жіберген.



Алдар көсе.

Қазақ арасында туған аңыз-әңгімелердің бірсыпырасы Алдар көсе жайында айтылады. Бұлардың бәрінде ол халықтың ақылды-айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді, өжет жігіті болып суреттеледі.

Алдар көсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікпен, елдерінде де бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бәрінде Алдар көсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске шыққан, қанаушы тап адамдары мен алысып өткен азамат бейнесінде келеді.

Қазақтың аіңыз-әңгімелерінде Алдар көседе осындай ер жігіт, Қазақ аңыздарының қайсысы болса да оқиғаны күлдіргі халге, өткір мысқыл, ащы әжуаға құрады, олардың бәріне Алдар көсе халық өкілі ретінде белмсене араласып жүреді. Халықтың әңгіме-аңыздарының сүйікті кейіпкері болған Алдар көсе топас ханды, сараң байды, елді жегідей жеп жүрген саудагерді, әр түрлі діндар адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жұрт алдында жиренішті етіп көрсетеді. Осыған сәйкес аңыз-әңгімелерді халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдар көсені қалың көпшілік ортасынан шыққан және сол көпшіліктің мүддесі үшін кұрескен адам етіп бейнелейді.

Алдар көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-әңгімелердің тақырыбьы, мазмұны әр алуан болып келеді, соның бәрі еңбекші бұқараның тұрғысынан айтылады. Мұны біз “Алдар көсе мен Алаша хан”, “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”, “Алдар көсе мен саудагер” т. б. аңыз-ертегілерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласы арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Оларды Алдар көсе қара басының пайдасын көздеп алдамайды, халықтың намысын қорғау үшін, еңбекшілерді езіп келген қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.

Алдар көсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-әңгіменің күрделісі - “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”. Бұл аңызда сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екенін айқындайды. Және де Шығайбай аңыз-әңгіменің жекелеп алған жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар, өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған сілкіп саларға сырмағы жоқ ертедегі қазақ байларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.



Асан қайғы.

Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны тарихта болған адам және Жәнібек ханның (XV ғасыр) тұсында өмір сүрген деседі. Бұған келтірер тарихи дәлел, дерек жоқ. Сондықтан да біз Алдар көсе секілді Асан қайғыны да аңыз-әңгімелердің жағымда кейіпкері деп аламыз.

Халықтың аңыз-әңгімелері Асан қайғыны, ең алдымен, ел үшін қызмет еткен, халық қамын ойлағын ер-азамат, әрі әнші, домбырашы, әрі талапкер, тапқып, әрі құралайды көзге атқан мерген етіп көрсетеді. Халық аңыздарында оның аты Асан болады. Асан ел сүйген, көпшілік қамын ойлаған ер-азамат болып келеді. Осы тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері суреттеледі.

Халықтық ортада туған аңыз-әңгімелердің бәрінде Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп ардақтайды. Оның алға қойған мақсатына жете алмауын халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса, болашақта жүзеге асады деп сенім білдіреді.

Асан жайындағы халықтық аңыз-әңгімелердің мәнін қанаушы тапта, кейінен, ұлтшыл-байшылдар да төмендетуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы болған Асанға жала жабуға дейін барады, Асанды хан сарайының жоқшысы етпек те болады. Және де олар “Асан қайғы айтыпты” деген атпен халық мүддесіне жат әңгімелер шығарады. “Асанның Жәнібек ханға айтқаны” дейтін әңгімеде немесе Бұқар жыраудың толғауында Асанды хандық құрылысты қорғаушы, соның қаймағы бұзылмауын көксеуші, яғни өз адамы етіп, көрсетушілік орын алады. Асан жайында феодалдық ортада туған бұл әңгімелерді халыққа жат және қанаушы таптың қоспасы деуге болады.

Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама – қарсы бағытта шығарылған аңыз-әңгімелер бар екенін көреміз. Мұның ішінде көркемі де күрделісі де халықтікі. Олай болса біз сол халық шығарған аңыздарды, халық ардақтаған Асанды аламыз.




Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976


Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Мифология сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

“Филология ” факультеті


“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
“Халық ауыз әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін
ОБСӨЖ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет