Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет5/21
Дата08.12.2016
өлшемі2,87 Mb.
#3458
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964



  1. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993

5 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Тұрмыс – салт жырлары.
Жоспары :


  1. Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы.

  2. Еңбек кәсібіне байланысты өлең жырлар.

  3. Аңшылық жырлары.

  4. Наным – сенімдерге байланысты өлеңдер.

  5. Отбасы салтына байланысты өлең түрлері.

Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс – тіршілігі күн – көрісі, әдет – ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көз қарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылар мыналар :

1.Төрт түлік мал., еңбек кәсіп жайында.

2.Үйлену салтына байланысты.

3.Діни ұғымға байланысты.

4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.

Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс – тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе-киім, мінсе-көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш. Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп. әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғаныды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай деп айтады.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсыл қара жануар содан қалған.

Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп - өскендігі жайлы алғашқы көз қарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдана иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар – жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.

Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертеден келе жатқан діни ұғымдары ескі-наным сенімі болған. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой - өрісі, дүние – танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы : ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы деп түсінген, мұнымен бірге М. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс – тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз етенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.

Діни ұғымға байланысты. Қазақ халқының ертедегі тұрмыс – салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.

Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы – қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -

дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.

Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер.


1. Затаевич А. В. 1000 песен киргизького народа. –Оренбург, 1925

2. Ерзакович Б. Г. Песенная культура казахського народа-А., 1966

3. Уақатов Б Қазақтың халық өнері. –А., 1974

4.Уақатов Б. Қазақтың тұрмыс – салт жырларының тирологиясы. –А.,1983



Тарихи жырлар

5.Қазақ тарихи жырларының мәселерері. –А.,1979

6.Бердібаев Р. Абылай асуы // Абылай хан// - 1993

7.Хан Кене // - А., 1993

8.Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Тарихи жырлар. 3-т.,

А., 1981


6 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Төрт түлік мал жайындағы шығармалар.
Жоспары :
1.Аңшылық жайыныдағы өлең – жырлар.

2.Наурыз туралы өлеңдер.

3.Бесік жыры, жаңылтпаш.

4.Өтірік өлеңдер.


Негізінде қазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал. шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе- киім, мінсе – көлік дегендей, көшпелі жағдайда болған, экономиканың басқа түрі дамыған қазақ халқы үшін төрт түлік мал. тіршілік тірегі болды.

Өзінің тұрмыс – тіршілігенде осындай айырықша орын алған, пайдасы тиіп қызметі сіңген төрт түлік май жайында қазақ халқы ерет заманда – ақ неше түрлі әңгіме, жыр, өлеңдер шығарған. Бұлардың бәрінде мал. шаруашылығымен кәсіп еткен адамның төрт түлік жайындағы көзқарасы, ой – арманы, тілек – мүддесі өрініп отырады.

Ауыз әдебиетінде төрт түлік май жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері ең ерте заманда, ертедегі адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің өзінде – ақ туа бастаған. Шоқан Уәлиханов “Шамандықтың қазақтардағы қалдығы” дейтін еңбегінде төрт түлік мал. жайында туған шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой - өрісі төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ертедегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбәр құбылыстарды өзінше долбарлап жорыған, бұларда жаратушы күш бар деп. сенген, соған табынған.

Төот түлік мал. жайында шығарылған шығармалардың алғашқы үлгілері осындай ескі сенім – нанымдарға байланысты туған. Онда әрбір түлікітің жаратушы құдайы бар деп. білген. Мәселен, қазақта “Қазықұрт тауы” деген әңгіме жыр бар. Осы жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі Діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндайды. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су қаптап кетеді. Тек қана Қазықұрт дейтін тауды су баспайды және осы таудың ығында Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түліктің де тұқымы болады. Әрбір түліктен бір-бір тұқым аман қалады да, кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы, селері болады. Жылқының иесі – Жылқышы ата (кейде Қамбар ата деп. те аталады), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі-баба, ешкінің иесі – Сексек-ата деп. әрқайсына жекелей ат қояды. Әрбір түліктің осы секілді селері болғандығын, олардың арқасында топан-судан аман қалғандығын “Қазықұрт тауы” дейтін әңгіме-жыр былай суреттейді:

Қазщықұрттың басында кеме қалған.

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсыл қара жануар содан қалған. –

Бадан әрі қарай жыр басқа түліктер жайын сөз етеді. Әрбір түліктің қалай өрбігенін айтқанда, өлеңнің бастапқы екі жолын қайталап отырады.

Халықтың төрт түлік мал. жайындағы, оның қалай өрбіп - өскендігі жайындағы алғашқы көзқарасы, ұғым – түсінігі осылай болып келеді. Төрт түліктің өзалдарына селері болуына, әр қайсына жекелей ат қоюына қарағанда, біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда, яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде, туған деуге болады. Олай дейтін себебіміз мынадай.

Шоқан Уәлиханов ислам діні жайын айта келіп : “Қазақ арасына ислам Діні XIV ғасырда ене бастады”, - дейді. Академік В. В. Бертольд бұл жөнінде былай деп. жазды. “Сырдария бойында, Хорезммен көршілес отырған қыпшақтар XII ғасырдың аяғына дейін мұсылман емес еді, жалпы алғанда монғолдардың басқыншылық жорығына дейін ислам түріктердің көпшілігінің діні емес болатын”. Ал қазақ тарихын зерттеушілер де осы пікірді қолдай отырып, қазақ арасына ислам діні XIV ғасырда ене бастады деп., бірақ ол XVI ғасырға дейін бүкіл ел қолданған тұтас дін еместігін көрсетеді. Мұнымен қатар, тарихшылардың бәрі де XIV ғасырға дейін қазақтар көп құдайға табынып (шамандық кез) жүргенін айтады. Ол кездегі адамдар жаратылыс сырын түсіне алмағандықтан, ой-өрісі төменгі сатыда болғандықтан жоққа сенген, дүниедегі әр түрлі құбылыстарды күшті санап, құдай есебінде соған табынған. XVI ғасырдан бергі жерде де яғни қазақ арасына ислам діні молынан жайылған кезде де екі дін (шамандық пен ислам) қатарласа жүрген.

Төрт түлік мал. жайында шығарылған әңгіме, өлең, жырлардың алғашқы үлгілері ерте заманда туып, бертін келе дами береді. Тұрмыс – тіршілігі төрт түлікке байланысты болған шаруа адамы мал. баласын қадірлеп, ардақтай түседі. Сондықтан да ол төрт түліктің иелеріне жалынып, жалбарынып та жүреді. “Малға ауру, інде жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет” деп., төрт түліктің иелеріне тіл қатады, әрқайсына арнай тілек етеді.

Қазақ халқының ертедегі күн – көрісі, тұрмыс – тіршілігі, шаруашылығы төрт түлік малға байланысты болғандағы ауыз әдебиетінен белгілі орын алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :


  1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

    1. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

    2. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

    3. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

    4. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

    5. Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

    6. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

    7. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

    8. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

    9. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

    10. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

    11. Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976



Оқулықтар





    1. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

    2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

    3. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша





    1. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

    2. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

    3. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993

Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.




    1. Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-1917/

    2. /Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978

    3. Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979

    4. Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979



Фольклор практикасы


    1. Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960

    2. Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986

Қазақ фольклорының даму, қалыптасу кезеңдері.



    1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

    2. Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өілдері. – А., 1976

    3. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

    4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркологія. – А.,1987

    5. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988

    6. Седеханов К. қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы-А.,1974

    7. Төреқұлов Н. Қазақ сонет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері-А.,., 1979

7 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.
Жоспары :


  1. Той бастар әні.

  2. Жар – жар өлеңдері.

  3. Сыңсу мен бет ашар.

Қай халықты алсақ та, оның ертеден ертеден келе жатқан әдет – салты, ырым – кәдесі бар. Соның бірі – қыз ұзату, келін түсіру, - жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр.

Қазақ халқы ерте кезде тұрмыс – тіршілігінде орын алған салтының қайсысын да болса да ойын – сауық етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән – күйімен, өлең – жырымен есте қалдырған. Мұны үйлену салты жайынан да көруге болады.

Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды үйлендіру – салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын, сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен қажет. Өйткені мұндай өлеңдердің көпшілігі сол ескі әдет – салттың және оны шығарушылардың идеясын білдірген.

Арғы шыққан уақытын, нақтылы туған мезгілін және қай дәуірде қалай дамығандығын дәлдеп көрсете алмағанмен Қазан революциясына дейін қазақта үйлену салтының бірнеше түрі болғаны мәлім. Бұл ретте професор Б. Кенжебаев көңіл аударарлықтай біраз фактілер келтіреді. Оның айтуынша, қазақтардың ертедегі тұрмысында құда болу, қыз ұзату, келін түсіру әдет – салты халық ортасында туған, бұл салтты сол кездегі билік еткен үстем тап та пайдаланып, оны ақсақалдық – рушылдық жол – жоба, заңына айналдырған, өздерінің консервативтік идеясын қосқан. Мұндай әдет – салттың қазақта Қазақ революциясына дейін бастр үш түрлі болып келген. Біріншісі – бел құда немесе ежеқабыл деп. аталған. Бұл әдет – салт бойынша, жастардың ата – аналары балаларын тумай тұрып атастырып қойған; бірінен ұл, бірінен қыз туса, құда боламыз деп. уәделескен ; тумаған, әлі дүниеге келмеген балаларына құда түсіп, ырымдарын жасаған ; ол балалардың не өлі, не тірі боларын еске алмаған. Мұның мысалы “Қозы көрпеш – Баян сұлу” жырынан көрінеді. Екіншісі – бесід құда деп. аталған. Бұл әдет – салт бойынша, жастардың ата – аналары балаларын бесікте жатқан кезінде – ақ атастырып, құда болысқан. Алысатын, не берісетін қалың малдарын белгілесіп, оны төлей бстаған. Ал бесікте жатқан балалардың ер жетіп ес білген кезінде бір – бірін ұнататыны, не ұнатпайтынымен ата – аналар санаспаған. Үшіншісі – қарсы құда деп. аталған. Мұны қызы не қарындасы бар кісілер бірін – бірі қызын немесе қарындасын беретін болып құда болысқан. Екінші сөзбен айтқанда, өзара адам айырбасын жасаған.

Сөйтіп қазақтың ескі тұрмысында орын алған, арғы негізі халықтық ортада туған үйлену салтының кейбір бастыларын сол кезде үстемдік еткен билеуші тап қолданып, белгілі жол – жоба, заңға айналдырған. Мұндай заңдар жүзеге асырып тұрған заманда жастарға, әсіресе қыздарға, шексіз зорлық, көп қиянат жасалған. Бұған разы болмаған талай жастар өмірін өкінішпен, қайғы – қасірет тартып жылаумен өткізген, кейбіреулері мұндай халге шыдай алмай, өзін - өзі өлтіруге дейін барған. Жастар, әрине, ол кезде әділетсіздікке қарсы күрес жолын таба алмаған. Оолардың осындай ауыр жағдайын көрген Абайдың :

“Етімді шал сипаған құрт же сін деп.,

Жартастан қыз құлапты терең суға”, -

Дейтіні осыдан. Бұл сол кездегі әділетсіздікке, қалың малға, зорлық жасап жастарды жылатушылыққа қарсы білдірілген халық наразылығының бір көрінісі еді.

Той бастар.

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін тоц бастар деп атайды. Мұның өлеңін шығарушы, әдетте ақындар болған. Бірақ, той сайын той бастар өлеңін ақындар ғана айта беруі шарт емес. Кейде, ондай той ішінде ақындар болмауы да мүмкін. Сондықтан, әуелде ақындар шығарған, кейіннен елге тараған, жұрт жаттап алған той бастар өлеңін сөзге ебі бар, жылпос жігіттер де айтып жүрген.

Той бастардың негізгі мақсаты – ұзатылатын қызына той жасап отырған үйге “құтты болсын” айту, жақсы тілек білдіру, тойға жиналған адамдарды көңілдендіру. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын, ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ;

Бағылан серке, марқасқа қой бастайды,

Қой алдында жануар ойқастайды.

Құтты тойға кез болғанжолды жігіт,

Бұрынғының жолымен той бастайды.

Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,

Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй,

Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,

Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй.

Немесе :

Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,

Той қылдың жұрт жиналған мерекелі.

Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,

Тойыңыз тойға ұлассын берекелі. –

Той бастар өлеңін осылай басталатын үлгілерінің қайсысын алсақ та, мазмұны жағынан бір – біріне ұқсас келеді. “Сәрсенбінің сәтті күні той жасаған” адамға “құтты болсын” айтудан басталған той бастар өлеңдері өз кезіндегі әдет – ғұрып, салт бойынша, әңгімені ұзатылатын қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға да айтары: “ата – ананың жолы осы”, соған көн, көңіліңе қайғы алмай аттан деу. Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және мадақтап, мақтау түрінде айтылатын негізгі идея осылай болып отырады. Мұнымен қатар, той бастар өлеңдерінің кейбіреулерінде той иесінің сән – салтанатын, ойын – сауығын, байлық – бақытын жер- көкке сыйғызбай мақтаушылық, ол адамды бүкіл ел – жұртты жарылқаушы есебінде көрсетушілік те кездеседі. Мұндай дәріптеулер, асыра мақтаулар байлардың тілегінен туған. Сондықтан оларды той бастар өлеңінің халыққа жат түрі деп білу керек.

Той бастаушының екінші бір міндеті – “жаршылық” қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен қатар, кейде, арнаулы “жаршылар” да айтқан. Олар “жарандар – ау, жарандар, құлағыңды бері сал...” деп тойдың тәртібін, ендігі жерде қандай ойын – сауық, қызықтар болатындығын, той иесінің немесе басқалардың жариялайтын қандай сөздері барлығын хабарлап отырған.

Той бастардың өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.

Жар – жар. Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі – жар – жар. Мұны ойынға жиналғандар екі жақ болып, айтыс түрінде орындайды. Бір жағы қыздар, екінші жағы жігіттер немесе қыз алушы және қыз беруші құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысқа түседі. Сөзді тойға келген ақындар, болмаса “жар - жардың” жұртқа мәлім, жаттап алынған өлеңін білетін жігіттер бастайды. Айтыстың басты тақырыбы, мазмұны ұзатылғалы отырған,, жарына қосылатын қыз туралы, оның жаңа жерге, жат жұртқа бара жатқандығы жайында болып келеді. Мұнымен қатар, қыздың көңілін аулай отырып, оның жаңа жерде жақсы тұрмыс құруы, балалы – шағалы, ауқатты болуы туралы сөз қозғалады, жақсы тілек айтылады. Бәрінен де қымбатты қыздың жары екендігі баса айтылып, өлеңнің әрбір жолы “жар - жар” деп қайырылады, “жар” деген сөз қыздың құлағына құйыла береді. Әрқашан да “жар - жарды” бастаушы жігіт болады. Ол өзінің сөзін ұзатылғалы отырған қыздлың көңілін аулаудан, секемді болмаудан бастайды. Мәселен :

Жігіт :


Алып келген базардан

Қара насыр, жар – жар – ау,

Қара мақпал сәукеле

Шашың басар, жар – жар - ау

Мұнда әкем қалды деп,

Қам жемеңіз, жар – жар – ау,

Жақсы болса қайын атаң,

Орнын басар, жар – жар – ау.

Қыз :

Есік алды қара су



Майдан болсын, жар – жар – ау,

Ақ жүзімді көргендей,

Айнам болсын, жар – жар – ау,

Қайын атасы бар дейді –

Осы қазақ, жар – жар –ау,

Айналайын әкемдей

Қайдан болсын, жар – жар – ау. –
Осы ретпен басталған “жар - жар” айтысы, бұдан әрі қарай созыла береді. Сонда жігіт ұзатылғалы отырған қыздың әке – шешесін, туған – туысын, аға –інісін, апа – сіңлісін, құрбы – құрдасын, жеңгелерін өлеңге қосып тізіп шығады. Бұл аталған адамдардың орнын қыздың барғалы отырған қайын жұртындағы ағайын – туыстар басатынын айтады, шешең орнына қайын енең бар, інің орнына қайын інің бар деп дәлелдейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз кезекпен жауап қайырып, олардың бірде – бірі өз туыстарындай еместігіне мұңаяды, жылап жыр етеді, көңіліндегі қайғы қасіретін шертеді ; туып өскен жер, ағайын – туыс, еркін жүрген кезін айтып қоштасады.

Айтысқа түскен құдалар тобы да қыздың көңілін аулай бірқатар сөздер айтады. Жат жерге кеттім деп жыламы, қатарыңнан қалмайсың, құрбы – құрдасыңнан кем болмайсың дей отырып, болашық өмірінің қызықты болатындағын, жар сүйіп, бала көретіндігін айтып жұбатады. Қыз көңілін әзіл – оспақпен көтеруге тырысады.

Бұл айтылған жұбату сөздердің бәріне жауап ретінде ұзатылғалы отырған қыз жиналған көпшілікке өзінің аянышты халін, көңіліндегі қайғы-қасіретін шағып зар етеді. Буыны бекіп, бұғанасы қатпағандығын, жастық, қызық дәуірінен айрылғанын, малға сатылып, еріксіз күйеуге кетіп бара жатқанын білдіреді. Мәселен;

Әке менен шешенің мейірі қатты,

Өз баласын қазағып малға сатты.

Байлап беріп жат елге танымаған,

Жетім балаға ұқсатып жаутаңдатты.-

Немесе;


Уылжыған ақша бет, қуарсайшы,

Мөлдіреген екі көз, суалсайшы.

Бір жаманға қор болып кеткеніңше,

Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы,-


дейтін өлеңдерден өткендегі қазақ қыздарының ауыр қайғысы, ащы зары естіледі. Сүйгеніне бара алмай, теңіне қосыла алмай, арманда кеткен, мал орнына сатылған қыздар “жар-жар” өлеңі арқылы да қытымыр заманның әділетсіз әдет-заңына қарсылық білдіріп, оған қарғыс айтады. Бұл секілді халық өлеңдері өткен кезде үстемдікеткен таптың, ақсақалдық-рушылдық қауым қолданған әдет-ғұрып заңның жағымсыз кескінін әшкерлеиді, оған халықтың жиренішті көзқарасын суреттейді. Осы тұрғыдан қарағанда 2”жар-жар” өлеңдері әлеуметтік мәні бар мәселелерді көтерген, әсіресе әйелдердің хал-жайын, ерлермен тең праволыболмағандығын айқын көрсеткен деуге болады.

Жар-жар өлеңдері тек ұзатылған қыздың тойында ғана айтылып қойған жоқ, сонымен бірге ол жастардың бас қосқан ойын-сауық кештеріндеде қолданылған және өзінің әнәде болған. Мұндай жағдайда бас қосқан жастар, “жар-жардың” өлең-әнін, әзіл-оспағын көңіл көтеру, махаббат сырын шерту, ойнап-күлісу үшін пайдаланған.

Жар-жар өлеңдерінің мәні мұнымен ғана бітпейді. Оның басты ерекшелігінің бірі – қазақтың ауыз әдебиетінде “айтыс” түрінің шығуына негіз салуында (бұл жөнінде “айтыс” бөлімін қараңыз). Екіншіден, жар-жар айтуда театрлық элементтер бар. Ерте кезде қазақтың театры болған жоқ. Бірақ оның элементтері болды. Соның бірі осы “жар-жар”. Оның жиналған көпшіліктің алдында айтыс түрінде шығуы, өлең, ән, домбыра араласуы, жұртты қызықтыруы жағынан алғанда, “жар-жардың” орындалуы ерте кездегі қазақтар үшін театр сахнасы есебінде болған.

Жар-жардың өлең құрылысы жеті-сегіз буынды жыр, кейде он бір буынды қара өлең негізінде келеді. Мұнда жұртқа белгілі, қалыптасқан ұйқастар, траферетке айналған, көпшіліктің жаттап алып бірден-бірге таратып айтуына ыңғайлы сөздер көп ұшырасады. Өлеңі әзіл-оспақ, жеңіл қалжың түрінде де кездесіп отырады.



Сыңсу,

Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезде, қыздың аттанар шағы жеткен шақта сыңсу айтылады. Бұл – ұзатылатын қыздың аттанар алдында ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрдасымен, туып-өскен жерімен, жастық-балалық өмірімен қоштасу ретінде айтылатын өлеңі. Мұнда ұзатылатын қыз өзінің құрбы-құрдас, жолдастарымен ауыл-үйді аралай жүріп, белгілі әнге сала сыңсуын айтады. (Сыңсудың өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған болады.)

Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу өлеңдері арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. “Мен еліме өкпелі” деп басталатын сыңсу өлеңінде;
Заманым өтті басымнан,

Дәуренім кетті басымнан.

Бұл не деген іс болды,

Көңілінен кеткен құс болдым.

Бұлғақтап жүрген заманым,

Қандайда жерге тұс болдым.

Ата-анам еді дәулетім,

Мен жұртыма жаума едім,

Жат-жұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім.

Айналайын, ел-жұртым,

Не болар менің заманым!

Дәуренім менің өткен соң,

Бұралқы иттей кеткен соң,

Естіле жүрер дейсізбе,

Не болып жүрген хабарым.

Заманым қиын болар-ау,

Көкірекке қайғы толар-ау,

Ел-жұртым сенен , айрылып.

Сана мен жүзім солар-ау...-

деп, ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұд зар қаншама ащы, аянышты болғанмен де, ескі әдет-ғұрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ескерілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлеңдері ерте кездегі әйелдердің хал – жайын суреттейтін ескілік жол – жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады.

Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл - өсиет айтылған. Мұны жұбату деп атайды. Жұбатуды, әдетте, ауыл ағасы, беделді адамдар айтқан. Жұбату өлеңдері, бір жағынан, ұзатылып бара жатқан қыздың көңіліндегі қайғы – зарды жуып – шайу мақсатын көздесе; екіншіден, қыздың жаңа жерге барғанда атқаратын міндеті, мінез – құлқы қандай болу керектігін насихаттаған, жол – жоба көрсеткен. Мәселен жұбату өлеңдерінің бір түрі :

Жылама, бекем, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама,

Ұл боп тусаң әуелден,

Сені мұндай қыла ма !

Көзді жаспен бояма.

Біз бермейік десек те,

Мал бергенің қоя ма? –

деп басталады да, “ата – ананың жолын”, ескі әдет – ғұрыпты ақтауңа тырысады. Содан кейін, ұзатылғалы отырған қыздың болашағын, ендігі өмірі қалай болу жайын үгіт ретінде айтып шығады. Жарыңа қосыласың, мал – малданып,жан – жанданып жеке үй боласың, әлдилеп бала сүйесің деген секілді көңіл жұбататын өсиеттер айтылады :

Тілеулі, құтты тойыңда,

Көп жылауды қойыңыз...

Жыламай құлақ салыңыз.

Бұл сөзіме наныңыз,

Мен айтамын өсиет –

Тыңдап ұғып алыңыз.

Мұнан көшіп кетіңіз,

Шын еліңе жетесің,

Тең құрбың шықса алдыңнан.

Ойын – күлкі етерсің.

Құрбы келсе, күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің,

Салмақпенен сөз сөйлей,

Жақсы жауап бергейсің, -

деп күледі де, бұдан ары қарай ақыл - өсиет созыла береді. Онда айтатыны: үй ішін, ата – анаңмен, ағайын арасымен тату – тәтті, әдепті, үлкенді сыйла, салдыр - сылақ болма, мал – мүлкіңді шашпа, тазалық сақта, оқыс мінез көрсетпе, өтірік өсек айтпа, жарлыларға көз – қиығыңды салып жүр, сараң болма!

Белгілі дәстүрге айналған жұбату, ақыл - өсиеттерде айтылатын негізгі әңгімелер осы тәрізді болып келеді. Әрине, бұл өлеңдердің халықтық сипаты барлығын, халықтың мінез – құлық жайындағы ойын, көзқарасын білдіретіндігін жоққа шығаруға болмайды. Ұзатылып бара жатқан қызға “жақсы бол” деп ақыл айту, өмір соқпағын көрсету болашағында не істеу керектігін түсіндіру – халық ұғымына қиғаш келмейді. Бұдан, әрине, жұбату өлеңдерінің қайшылығы жоқ деген ұғым тумайды. Ескі әдет – ғұрыпты, “ата – ана жолын” ақтауға тырысуы, әйелдердің әлеуметтік дәрежесмі ерлер мен бірдей емес деп көрсетуі жұбату өлеңдерінің халық қабылдамайтын, халықтың көзқарасына, ой – тілегін қарама – қарсы келетін ұғымдар болып табылады. Мұндай жат ұғымдарды үстем таптың қоспасы деп түсіне керек.

Бет ашар.

Жаңа түскен келіншектің тойында айтылатын өлеңнің бір түрін бет ашар деп айтады. Бұл өлеңнің мақсаты – жас келіншекті жаңа ағайын – жұртына, қайын ата мен қайын енесіне жаңа қауымға таныстыру, кімнің қандай екендігін айту; мұнымен қатар, жаңағы ағайын – жұртқа жас келіншек жайын түсіндіру, жатсынбай баурап ал, ол осы қауымның бір мүшесі болды деп көрсету.

Осындай екі жақты бір – бірімен таныстыруды бет ашар деп атаған. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі болған. Ол өлеңді, той үстінде көбінесе, ақындар айтқан. Ертедегі салт бойынша, бұл өлеңді айту реті былай: жас келіншектің түсетіне үйіне жұрт жиналады. Олардың үстіне келіншекті енгізгенде жеңіл желекпен бүркеп әкеледі. Ш. Уәлихановтың (жоғарыда аталған еңбегінде) айтуына қарағанда, жас келін үйдің босағасын алғаш рет аттап енгенде, отқа май құйып ырым жасайды. “Мұндай ырым, дейді Шоқан - , ертедегі шамандық дәуірінен қалған, ол кездегі адамдардың отты жарылқаушы күш есебінде туған”.

Жаңағындай ырымдары жасалу үстінде жаршы – ақын бет ашардың өлеңін айтуға кіріседі. “Келін, келін, келіп тұр” деп бастайды да жианалған жұртқа келінді таныстырады, келін атынан сәлем береді. Сәлем соңында, келіннің айтайын деген сөзі деп әркімге арнаулы тілек білдіреді ; көрімдікке, еншіге деп мал сұрайды.

Нар берсеңіз, мая бер,

Үстіне кілем жая бер...

Жылқы берсең – биеден,

Кем болмасын түйеден...

Сиыр берсең, қызылдан,

Шұбалаң құйрық ұзыннан....

Қой берсең, үлкене ағынан,

Егіз болсын қозысы,

Болмасын жылқы дағынан...-

деп, түйеден бастан ешкі – лаққа дейін төрт түліккті атап шығады. Сөз арасында жаршы – ақын төрт түліктің қайсысында қандай қасиет барлығын да, қайсысына келіннің көңілі толатындығын да әзілмен ескертіп қояды.

Бұдан ары қарай бет ашар өлеңнің екінші бөлігі “айт келін” басталады. Бұл жаңа түскен жаңа келінге арналаған үгіт - өсиет сөздер болып келеді. Онда келіннің үй шаруасындағы міндеті, атқаратын қызметі, құлық – мінезі, жүріс – тұрысы, қандай болу керектігі айтылады; патриархалдық тұрмыстың, ескі әдет – ғұрыптың салттарын бұлжытпай орындау шарт екендігін ескертеді.

“Айт келін” өлеңдерінде халықтық пікірлер (еңбек ет, әдепті бол, өтірік өсек айтпа, салдыр – салақ болма) болумен қатар, халық тілегіне жат, концервативтік және феодалдық қауымның көзқарысн білдіретін жақтары да бар. Әсіресе, әйелдердің правосын төмендетуі ерлер мен тең емес деп көрсетуі, үй ішінің барлық ауыр салмағын әйелдерге жүктеуі феодалдық қауым тілегінен, соның көзқарысынан, әдет – салтынан туған. Сондықтан біз бұларды “айт келін” өлеңдерінің қайшылық, кертарпалық жақтары барлығын түсіну үшін сөз етеміз.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :


  1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

    1. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

    2. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

    3. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

    4. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

    5. Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

    6. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

    7. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

    8. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

    9. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

    10. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

    11. Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет