Лекция : 34 сағат Семинар: 68 сағат СӨЖ: 33 сағат. Барлық сағат саны: 135 сағат


Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектепке музыкадан бағдарлама



бет3/5
Дата21.04.2017
өлшемі1,39 Mb.
#14275
түріЛекция
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектепке музыкадан бағдарлама:

1-4 сыныптар.


Жоспар:

  1. Д.Б.Кабалевскийдің музыка педагогикалық концепсиясын негізге алып, бастапқы ұлттық мектеп спецификасын ескере отырып, бар бағдарламалардың мазмұндарын қайтадан ойланып, қарау.

  2. Музыка материалдарының сипаттамасы.

Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған музыка пәнінің программасын жасауда, композитор Д.Б.Кабалевскийдің басшылығымен жасалған музыка жөніндегі программаның құрастыру принциптері негізге алынып, сонымен қатар қазақ мектептерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық бай музыкалық мұраны мол пайдалануға баса назар аударылды.Ән, күй, би, марш мектептегі музыка сабағы арқылы оқушыларды үлкен өнерге жетелейді. Аталған жанрларға сүйене отырып, балалар ьірінші сыныптан бастап ақ музыка өнерінің операсы, балет, симфония, кантата тәрізді күрделі саласымен танысып, оның ғажайып сырларын түсінуге талаптанады. Бастауыш сыныптарда күрделі шығармалардан тек прагменттерімен кейбір тақырыптарымен, эпизоторларымен ғана танысады. Бірте-бірте осы фрагменттер арқылы балалар көлемі үлкен, бірнеше бөлімнен тұратын кесек туындыларды қабылдауға дағдыланады.

Төрт жанрға сүйену-мектептегі музыка сабақтарын күнделікті өмірмен тығыз байланыстыруға жұмылдырады. Оқушылар бірінші сыныптан алғашқы саьағынан бастап әр жанрдың өзіне тән ерекшелігі бойынша оларды ажырата білуге, керісінше, ұқсастық тауып, белгілі бір «жанрға» біріктіруге үйренеді. Осылайша алғашқы күннен ақ әрбір программаның негізгі принцибі-«ұқсастық және айырмашылық» жүзеге асырыла бастайды.бұл принцип баланың тек музыкалық мәдениетін дамытуда елеулі орын алып қана қоймай, сонымен қатар оның оқуда, мектептен тыс жұмыстарда, барлық іс-әрекетінде кездесетін түрлі өмірлік әсерлерді саналы қабылдауға тәрбиелеуінде маңызды роль атқарады.

Музыка және өмір-ең негізгі тақырып. Оның өзінше бір бөлім етіп қарауға болмайды, ол музыка сабақтарында өтілетін барлық тақырыбы іспетті. Музыканы игере отырып, балалар бірінші сыныптан бастап өмірдің алуан қырымен сырын танып біледі. Олай дейтініміз, музыканың өзі де өмір.

Бұл бағдарламаның ең негізгі, маңызы ерекшелігі оның тақырыптық жүйеге құрылуында.Әр тоқсанның өз тақырыбы бар. Оның маңызы бірте-бірте күрделеніп, жүйелі түрды сабақтан сабаққа ашыла түседі. Тоқсан тақырыптары бір-бірімен іштей сабақтасып, барлық қосымша және жанама тақырыптарды негізгі жүйелеуге байланыстыра игеруге жағдай жасайды.

Бағдарламаның тақырыптық жүйемен орналасу сабақтың біртұтастығын қамтамасыз етеді. Қолданатын материалдардың бірі сабаққа бағыну, бұрынғыдай сабақтың әрбір элементіне (ән үйрету, музыка тыңдату, музыка сауаты) жеке-жеке өз алдына тоқтауды қажет етпейді, барлық іс-әрекетті бір-бірімен тығыз байланыста болып, қойылатын мақсатқа қарай өрбиді. Бұдан қоса, музыка пәнінің мұғалімі сыныптың қабылдау қабілетіне байланысты, қажетті деп тарпқан қосымшы шығармалармен музыкалыұқ прогменттер ұсынуына болады. Әрине, бұл жағдайда мұғалім тақырыптық құрылымына нұқсан келмеуіне қадағалауы қажет.

Материалдарды игеруде қолданылатын өте тиімді әдістің сызық өтілетін тақырыптарға алдын ала «шолу» жасап, өтілетіндерге «қайта оралу»,(«ілгері озып кету», «кері оралу» әдісі). Мұғалім бұл әдісті қолдана отырып, оқушының жаңа тақырыпты қабылдауға қаншалықты дайын екендігін, осыған дейін алған білімдерінің орнықтылығын байқайды. Әрбір жаңа тақырыпты игеру барысында алдымен балаларға итаныс музыкаға немесе таныс композитордың музыкасына сүйене отырып, содан соң ғана жаңа материалға көшкен дұрыс. Аталмыш әдістің тағы бір ерекшелігі-педагогикалық, тәрбиелік жағынан маңызы зор, музыкалық тілі түсінікт шығармаларды қайталап орындауға немесе тыңдауға мүмкіндік туғызатында.

Бұл жағдайда оқушылар белгілі бір шығарманы естеріне сақтап қана қоймай, оны тереңірек түсінуге, сезімталдықпен қабылдауға талпынады. Сондықтан да материалдарды алдын ала «шолу» жасап , өтілген тақырыптарға «қайта оралу» баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға, әрбір қпаланға қабаттың берік болып, әрі қарай даму үшін негізгі болуына көмектеседі. Қазақ тіліндегі программаның тақырыптық құрылымы ұлттық музыка материалдарының сан алуан түрін-фальклорлық және халықтық щығармалар қазақ совет музыкасын пайдалануды қажет етеді. Мысалы, бағдарлама белгілі халық композиторы Құрманғазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Дина, Жаяу Мұса, Естай, Иса Байзақов, қазақ совет композиторлары А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмандиев, С.Мұхамеджанов, Б.Ғизатов, Ө.Байділдаев, Ә.Еспаев, К.Қуатбаев, т.б. ән күйлері кеңінен орын алды.

Программа педагогикалық практикада бұған дейін қолданылып келген халықтың ән-әундері де енді. Халықтың ән-әуендердің программаға енуі-балалардың вокалдық техникасын дамуына және дыбыстың бұрыс есту қабілеттерін арттыруына, ән-әуен тез жаттап алуына, музыканы нотамен айта білулеріне аса зор ықпалын тигізеді.

Мұнымен қатар программаға ұлы композиторлардың туындылары да енді.

Бастауыш сыныптың рқушылары: П.Чайкоыскидің, М.Глинканың, С.Рахмниновтың,О.Прокофевтің,Э.Хачатурянның, Д.Кабалевскийдің, Л.Бетховеннің, В.Моцарттың. Ж.Бизенің, Э.Гриктің, Ф.Шопеннің т.б. шығармаларымен жүйелі түрде танысады. Үшінші сыныптың соңғы тоқсанында оқушылар алған білімдеріне байланысты аталмыш композиторлардың творчествалық ерекшеліктерін ажырата алатын, қазақтың ән жанрының өзіндік құпиясын аңғара алатын, домбыра мен орындауда, Құрманғазы мен Тәттімбеттің үлгілерін тани алатын болу керек.

Музыка теориясының элементтерінің игеру ( екінші жарты жылдықта бірінші сыныпта), музыканы қабылдау және түсіне білу, нота арқылы тақырыптық материалдарды оқып үйрену талаптары қойылады. Программада бірінші сыныптардың 2 ші жарты жылдықта музыканы өздігінен ойнай білу қабілетін жетілдіре білу қабілетін жетілдіре білу көзделген.

Программада хор жұмыстарын жүргізу, оқушыларға шығарманы екі немесе көп дауыста орындаудың алуан түрлерін үйрету қарастырылған.

Қорыта айтқанда, бұл бағдарлама әрқандай дәрежедегі музыка мамандарына- арнайы музыкалық білім алып жүрген студенттерден бастап, педагогикалық училищелер мен институттардың студенттеріне дейін- музыка сабағын өткізу үшін көп көмегін тигізді.

9.

Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектептердегі

Елімай” бағдарламасы.

Жоспар:

1.Дәстүрлі көркемдік мәдениет арқылы оқыту. Музыкалық эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.



2.Бағдарлама міндеттерінің ерекшелігі-Қазақ халқының рухани байлықтарын меңгеру.
1988 - 1989. оќу жылы профессор М: Х:Балтабаевтіњ басшылыѓымен жєне авторлар:С.¦заќбаев, Т Ќышќабаев ќазаќ мектебініњ 1-сыныбына арнап “Елім-ай”атты баѓдарламаларынг дайарлаѓан болатын.

Баѓдарлама маќсаты- оќушылар бойына µз ±лтыныњ єдет ѓ±рпын, салт-дєст‰рін сіњіру ондаѓы єсемдікті ємоционалдыќ ќабылдай білуге м‰мкіндіктер туѓызу.

Негізгі міндеттері:

1. Халыќтыњ єн –к‰йлерініњ мазм±нымен, шыѓу тарихымен, авторларыныњ µмірімен таныстыру арќылы балалардыњ санасына туѓан халќына деген ќ±рмет пен маќтаныш сезімін ояту, ±лттыќ рухты сіњіру, ±лттыќ µнер саласыныњ мєдени дењгейін кµтеру.

2. Балаларды єн-к‰йдіњ µзіндік кµркемдік ерекшеліктерін кµре, ажырата, талдай білуге даѓдыландыру, музыкалыќ шыѓармашылыќ ќабілеттерін (естіген єуенді есте саќтау, ырѓаќты ±ѓа білу, екпінді сезе білут.б.). дамытуѓа ыќпал етеді.

3. ¦лттыќ µнерлер:єн, к‰й, би, ою-µрнектер арасындаѓы (мєселен:єуен мен бояулар, єуен мен ќимылдар, мен сызыќтар т. б. ) µзара ‰ндестікті,байланысты ±ќсастыќты кµре білуге, олардыњ µзіндік тілін т‰сініп эстетикалыќт±ѓыдан ќабылдай білуге ‰йрену.

4. Ауыз єдебиеті ‰лгілеін(маќал – мєтелдер, ж±мбаќ, жањылтпаш, ќашаќ санамаќ ойындары, ертегі т. б.) ойын тєсілі жєне єуен жаттыѓуларыныњ сµзі т±рѓысында пайдалану арќылы балалардыњ ќиялын дамытып, ойын ұшқырлау, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, тілін ширату, тақырыпқа байқампаздыққа, тәрбиелеу, рухани өрісінің кеңеюіне жәрдемдесу.

5. Балаалрды ата-баба мұрасы домбыра аспабында ойынға үйцрету арқылы күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру, күй өнері саласынан түсініктерін молайту, күй сазының әсемдігін жүрек сезімімен қабылдай білуге дағдыландыру.

Бағдарламаның басқа көрсететін бір ерекшелігі-оның тақырыптық құрылымы. Әрбір тоқсанның өз тақырыбы бар. 1-тоқсан “Сарыарқа”, 2-тоқсан, “Тұлпар”, 3-тоқсан “Аққу”, 4-тоқсан “Елім-ай” деп аталады. Ол сабақтан сабаққа бртіндеп бір ізділікпен жәйүнділілікпен күрделене, толықтырыла ашылады. Төрт тоқсанның аралығындада, бапрлық оқу жылдарының аралығында да ішкі сабақтың жүзеге асылылып отырады. Барлық қосымша жанама тақырыптар негізі тақырыптарға тәуелді және солармен байланысты меңгеріледі.

Тақырып аттары қазақ халқының дәтүр-ерекшелігіне байланысты туындаған.

“Сарыарқа” –қазақ халқының кең жазира даласы. Бұл символдық мәні бар саз көпетген салаларға бере алады. “Сарыарқа” десе, қазақ халқының дархан көңілі, кішіпейілдігі, қонақжайлығы елестейді. “Сарыарқа” қазақ жері байлығының нышаы.

Міне осы жер, осы сүйіспеншілік, осы мақтаныш сезім баланың эстетикалық мәдениетінің , адамгершілік , музыкалық тәрбиесінің бастауы болу қажет. Өйткені өмірге барлық ізгілік Отанға, елге деген сүйіспеншіліктен басталады.

“Елім –ай қазақ халқының қиын кезеңінде көңіл-күйін танытып, қайғылы жағдайын көрсететін ән. Оны бүкіл елді билікке шақырған, ерлік гимі десе артық болмайды. “Бұл ән “Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама” оқиғасына байланысты туған.

Әннің мазмұны күрделі, сарыны қайғылы сондықтан баланың жас ерекшелігіне, түсінігі қабылдау қасиеті ескеріле отырып жеңіл баяндалынады. Бұл тоқсанда балалар сонымен бірге Қазақстанды мекендеген халықтардың өнері саласынанда (ән, би, сәндік қолданбалы өнер, музыка, ауыз екі шығармашылығы) түсініктер алады. Әлбетте бұның бәрі балаларлдың рухани деңгейін көтерумен бірге интернационалдық көзқарасының дұрыс қалыптасуына көмектеседі.

“Елім-ай” оқу бағдарламасының мазмұнына домбырада ойнап үйреніу бөлімімін енгізу, домбырада ойнай білуді кезең-кезеңмен қалыптастыру әдістемесін беру және осыларды жүзеге асыруға байланысты арнайы бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар, хрестоматия қажет деген тұжырымдамамызды дәлелдей түсті.

Бұл бөлімнің мазмұны мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

1).Оқушылар күйлер, термелер тыңдап дағдыланады., олардың мазмұнымен шығу тарихымен танысады;

2) бірінші сыныпта домбыра аспабының құрылысымен танысады, әр түрлі жаттығулар мен “Елім-ай” әнін ойнап үйренеді.

3) Екінші сыныпта “Еркем-ай”, “Қоғалай”әнін үйренеді:

4) “Әй-әй бөпем” , “Қамажай” әндерін жастар күйін үйренеді. Бағдармламаның “Ауыз әдебиеті үлгілері” бөліміндегі матариалдарды меңгенуге байланысты мұғалімдерге берілген әдістемелік нұсқауда ауыз әдебиетінің белгіленген түрлерінің (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, аңыз-ертегі, әңгіме , балалар ойындары; санамақ қаламақ т.б. ) мазмұны мен міндеттеріне, тәрбиелік мәніне кішігірім түсінік береді.

1.Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келген халықтың бай қазынасын, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру нақтырақ айтқанда, олардың көремдік, музыкалық, эстетикалық талғамымен мәдени деңгейін жоғарылау.

Бағдарлама мазмұнына ауыз әдебиеті жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік мазмұны зор шығармалар енгізілген. Шығармаларды таңдауда олардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Шешендік, айтыс, суырып салма ақындық өнері ән айту, жыр терме, театр өнері би сабақтары да интеграцияланған курстарда өз бейнесін тапқан.

Ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік эстетикалық қасиеттерінің дұрыс қалыптасуына мәдени дәстүрге деген силастық сезімін дамытуға әсерін тигізеді. Оқу тәрбие процесінің сапасын арттыру. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілетін дамыту.

Зерттеу барысында халықтың әдет-ғұрып салт дәстүрін сондай –ақ “әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” деген пән арқылы меңгеруге де көңіл бөлінеді.

Отбасының педагогикалық құдіретін күшейту мақсатымен жоғары сыныптарда 1986 жылы “Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” деген арнаулы пән енгізілді. Курс өскелең ұрпақты отбасы өміріне даярлығы жөніндегі ата аналармен мектептің ұзақ мерзімді тәрбие жұмысының түйіндеушісі кезеңі болады. Мектепте әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” курсы қалай жүргізілуі керек? Ия оқыту тілі орысша, ал балалар тұрлі ұлттан, жергілікті ұлтпен орыс бабалары басымдау. Біріқ бұл мектептерде қазақтың да орыстың да басқаның да ұлттық “рухы” жоқ. Күлдібадам бірдеңе деуге болады. Мұның өзі ұлттық сананы дамытпайды. Бала өзінің ұлттық негізін білуге тиіс. Мұның өзі оған ұрпақтар сабақтастығынаң байланыстырушы буынында өз орнын табуына көмектеседі.

“Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” курстың бардарламасында” балаларға ұлттық мәдениетпен, тұрмыспен, дәстүрмен байланысты қажетті материал енгізуі мүмкін” деп атап өтілген. Үлгі бағдарламаның материалын толықтыру және ішішара өзгерту дер кезінде және өмірлік қажеттіліктен туып отыр.

жоғары сынып оқушыларын отбасы өміріне даярлау процесінде оларды өткеннің таңдаулы мұрасына , біздің көпұлттық республикамызға қазақ, орыс және басқа хақықтардың педагогикалық кеменгерлігімен талантының бастау көздеріне де тарту қажет. Олар ұрпақтан -ұрпаққа беріліп, олардың көпшілігі қазіргі отбасының қатынастарында пайдаланып келеді. Сондықтан, өркениетті халық дәстүрлерін жаңа мазмұнымен байыта отырып, оларды жаңа ұрпақты тәрбиедеуге пайдалану, көп ұлтты республикамыздың таңдаулы үлгілерін типтендіру керек. Бұл бағдарламаны байытады және жоғары сынып оқушыларының интернационалдық ой-өрісін күшейте түседі. Осыған орай біз жоғары сынып оқушыларының отбасы өміріне даярлауда халықтың отбасылық дәстүрін пайдаланумен байланысты “Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” курстың үлгі бағдарламасына осы толықтыруларды енгіздік. Үлгі бағдарламаның әрбір бөлімі мен тақырыптарының мазмұны республика халықтарының (қазақтар , орыстар, және т.б.) тиісті дәстүрлермен толықтырылған.

Үлгі бағдарламаларға толықтыруларда әрбір тақырыптың мазмұнын оқу шығармашылық, проблемалық тапсырысымен рольдік ойындармен, театр элементтерімен шығармалардың үзінділерін талдаумен кинофильмдермен сауал сұрақтармен байыту есебімен сабақтардың практикалық бағыты күшейтіледі.

Эксперимент барысында барлық уақытта осы курстың теориялық қағидаларының хақықтық отбасы дәстүрлерінен байланыста болуы сақталып отырды. Сондай – ақ еліміздегі түрлі халықтар дәстүрлер арасындағы байланысты ашу міндеті де осында шешілді.

Сөйтіп “Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” пәнін оқып үйрену кезәінде қазақ және орыс халықтарының өркениетті дәстүрлерін оқу-тәрбие процесіне пайдалау жоғары сынып оқушыларының қатты қызығушылығын тудырып өзіне-өзі есеп беруге, кейбір ескіліктің қалдықтарына сын көзбен қарауға түрткі болады. Мұның өзі ұлттың тарихпен халық мәдениетіне ден қоюға, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеуге; эстетикалық және көркем мәдениеттің ұлттық құндылықтарын сақтауға, оған деген ынтаны дамытуға, эстетикалық және көркемөнер тәрірибесін беруге; оқушыларды белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруда жәрдемдеседі.

“Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы” курсының үлгі бағдарламасына толықтыру және эксперимент қортындылары Талдықорған облыстық мұғалімдер білімін көтерейік иниститутта ұйымдастырған семинарда мақұлданды. Онда аталған толықтырудың түсауы кесілді. Ол мұғалімдердің ынта ықыласын тудырды. Әсіресе практикалық білімге көп назар аударылып оның мазмұнын мектептің және сынып жетекшілерінің тәірбие жұмысында кеңінен пайдалануға болады деп пікір айтылды.


№10.


Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі

музыкадан “Мұрагер” бағдарламасы.

(құрастырған: А.И.Раймбергенов)

Жоспар:


  1. Рухани өнегелі интелектуалды және шығармашылық қасиеттерінің дамуына балаларды қазақтың дәстүрлі көркемдік мәдениетін үйретуге тарту.

  2. Жандандыру жолдарымен интеллектуалдық іскерліктерінің дамуы; психикаға, физиологиялық процестерге комплексті әрекет жасау; ауызша дәстүрлі түрге аспапта ойнау ( нотасыз негізінде оқытудың жаңашыл әдісін қолдану)

«Мұрагер» атты бағдарлама «ән-күй» пәні бойынша қазақ орта мектебінің бастауыш сыныптарына арналған алғашқы бағдарламалардың бірне жатады. Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты өзінің тілінің,дінінің, дәстүрлі, өнерін, әдет-ғұрпын біліп, халқынын асыл қазынасын мұрагері сезінетін өз елі, туған жері, ата мекені сүйетін Қазақстан Республикасының азаматы тәрбиеле. Бағдарлама төменгідей педогогикалық міндеттерді көздейді:

1. домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйре, қазақтың басқа да халық аспаптарын меңгеріп, айыс өнерінің дәстүрімен таныстыру

2 . қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру.

3. бала шердың творчествалық ынтасын, ой өрісін, фантазиясын, қиялын дамыту.

4. дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамкершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан-жақты адам етіп шығару.

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра тарту барысында біз халықтың музыка педагогикасына арқа сүйеді. Ол домбыраның басты буындарын мен қағыс түрлерін көзбен көріп күйдің алуан саз иірімдері құлақпен түйсіну сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесін негізделген. Сондықтанда тек қана дәстүрлі әдістемеге арқа сүйеу халхымыздың импровизация қана дәстүрлі әдістеме қайта тірілтіп, ұлттық музыкалық психологияның жаңғыртуына әкеліп соғары сөзсіз.

Домбыра үйретудің дәстүрлі халық әдістемесне зер салыл қарасақ, әрбір шәкірт ұстазымен жекеше түрде дайындалып соңына еріп бастаса алған. Ал бала саны жиырмадан астам сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан «Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген санына қолдана беруге болатын домбыра тартып үйретудің коллективті түрде жаңа нотасыз әдістемесін ұсынады , Бұл арада біздің бағдарламыз қазақтың дәстүрлі педогогикамен европалық үрдістерге құраған, асал жерлері біліне бастаған кәзіргі музыкалық педогогкасының арасына жол тауып отыр

«Мұрагер» бағдарламасы төрт жылдың білім берудің тізбегі біртұтас курсы , Бастапқы класта алған білім жылма-жыл қайаланып, толықтырып, дамытылып отырады, Мысалыға негізгі тақырптардың бірі немесе принциппен құралған 1 сыныпта ою және оның жеке элементері көрсетіліп барлық тапсырма сурет түрнде жасалса, 2 сыныпта ою-өрнек дәстүрлі технология бойынша апплинация ретнде істеледі, 3 сыныпта оюдың кілем және киімізден жасалған бұйымдарардағы композицияның заңдылқтары үйретілсе, 4 сыныпта балалар ою- өрнектің ұлттық киімдердегі, архитектуралық құрлстардағы зергерлік бұйымдарғы өрнектелуімен тансады

Осындай заңдлық музикалық материалы мен істегенде де сақталған домбыра тартудың ең қарапайым жаттығулар жасап, жеңіл әндермен күйлер үйреніп, репертуарды жылма жыл байыта, күрделендіре түсінің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аясында өздері күйлер, әндер шығарып, айтыстың жеңіл түрлерін меңгеруге дейін жетеді.

Домбыраға репертуарды тыңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болумен қатар ел арасында жақсы танымал халықтың сүйіп тыңдайтын ән-күйлері үлкен айналады.

Музыканы так қана құлақпен тыңдау, көркем бұйымдарды тек қана көзбен тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Балалар өздері домбыра тартып, ән- күйлерін шығары, қолмен киіз үй құруы, апликация арқылы өздерінің кілем, текемет, сырмақтарынжасау тиіс. Сондықтан “Мұрагер” бағдарламасы алғаш рет өнерге үйретудің қолданбалы практикалық курсы бола табылады. Біздің бүлдіршініміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек.

Асыл өнерді сөз қолымен жасай алатын адам ғана ата-бабадан қалған мирасты көбейтіп, байытып, келесі ұрпаққа жеткізе ала.ы.

№11.


Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі

музыкадан бағдарлама.

(құрас: Ш.Б.Құлманова, Б.Р.Сүлейменова, М.А.Оразалиева).


Жоспар:

  1. Бағдарлама концепциясы: Қазақ халқының өмірлік дәстүрімен әдеп-ғұрпын дәріптеу.

  2. Музыканы қабылдайтын, басқа халықтардың өнеріне аса құрметпен қарайтын және классикалық музыканы түсінетін рухани бай, творчестволық белсенді жетік жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Музыка өнер құралы ретінде эстетикалық тәрбие берудің маызды жолдарының бірі болып табылады. Ол көркем бейне арқылы оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңа ой-өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Ғылыми еңбектерге талдау жасау: өнертану, қазақ музыкасының тарихы, музыкалық –педагогикалық жұмыстар және бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық , психологиялық даму жөнінде әдебиеттер, шет елдің алдыңғы қатарлы мзыкалық практикалық ойлары, сол сияқты бағдарлама авторларының көп жылдар бойы ән-күй пән мұғалімі жұмысы барысында жинақтаған мол тәжірибелері бастауыш буыны баласының білім дәрежесін анықтауға, қазақ халық музыкасына және дүние жүзілік музыка өнеріне оларды баулып, бейімдеуге ең сәтті де дұрыс жол табуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мақсаты- музыка өнері арқылы рухани бай, творчествалық белсенді, музыкалық дамыған, халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп және оны сүйетін,халқымыздың әдет –ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, қастерлеп класикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін сыйлайтын жеке түлғаны тәрбиелеу.

Бағдарламаның тәрбелік және білімділік міндеттері

1 Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт- дәстүрлеріміз бен әдет -ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасымен өнерінің өз ара байланысын ашып көрсету.

2 Классикалық музыкаға және дүне жүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыканттардың орндаушылардың шығармашылғымен таныстыру, солардың үлгілеріне тәрбиелеу.

3 Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызғушылғы мен қиялын дамыту өмір құбылыстары мен музыканың өзара тығыз байланысың түсіндіру.

4 Орындаушылық және тыңдаушылық біліктілігін дамыту, музыканы түсінуге, дұрыс музыкалық талғамын қалыптастыру

5 Музыкалық қабілеттілігін дамыту және музыкалық білім беру.

Бағдарлама тақырыптық жүйемен құрлып, ондағы берілген жылдық және жарты жылдық немесе тоқсандық материяладарда бірізділік сақталған.

Авторлардың негізгі ойы барлық сыныптарға ортақ бір тақырыпты қалдыру “ Ән-күй-халық қазынасы” . Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық матералдарынан көрініс тауып отыр, сол сияқты мақсатымен міндеттері сәйкестендірілген. Сонымен қатар тоқсандық, жарты жылдық, жылдық өз алдына тақырбы белгіленген . жүйелікпен бірізділікті сақтап, келесі тоқсан және сыныппен байланыстыра отырып, негізгі аталған тақырыпты ашады.

Бағдарламадағы музыкалық материал педогогиканың дидактикалық принциптері негізінде және музыкалық педагогикалық ескере отырып алынды музыкадағы оқытудың тәрбелеушілік, білім берушілік, дамытулық принципінің бірлігі, ғылымилық принципі, музыкалақ оқытудың процесіндегі тиімді жолдар принципі, музыкадағы оқытудың беріктігін мен нәтижеге жету принципі.

Бағдарлама күйлер мен әндерді таңдауда халық педогогикасына сүйенеді . Музыка сабағы музыкалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп бірлестік құралған, ән айту, музыка тыңдау музыкалық сауаттылық және басқа қосымша іс -әрекеттер, музыкалық ырғақтың

Суырып-салмалық, суреттар суреттер салу т.б. Олардың тақырыптың жүйе бар. Бағдарламадағы музыкалық материалдар балалардың тереңірек және жан –жақты білуі, олардың өзара байланысын көріп, өмір бинесінің мәнін түсіну үшін таңдап алынған.

Барлық сынып бағдарламасында әрбір сабаққа үлгі жоспар мен әдістемелік нұсқаулар берілген. Оның өзі мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін көмегін тигізеді. Бағдарламаға қоса хрестоматия, фоно хрестоматия беріледі.

Сабақтың жоспары мен нұсқауларын бір сағатқа ыңғайланып құрылған. Өйткені , мектептің көпшілігшінде жалпы оқу жоспары бойынша музыка сабағына аптасына бір сағаттан берілген. Бірақ осы бағдарлама мен екі сағаттың да өткізе беруге болады. Жылдық, тоқсандық және сабақтардың тақырптарын өзгеріссіз қалдырғанымен, сабақта үйретілетін әндер мен таңдалатын музыканы басқа мысалдармен ұлғайтатын мүмкүндігі бар.

№12.

Тақырыбы : Орыс тілінде оқытылатын Қазақстан мектептеріндегі



Музыка” бағдарламасына қосымша.

(1-8 сыныптар, құрас: Л.П.Мамезерова,

Г.М.Самотокина. Жетекші: Б.Ғизатов)

Жоспар:


  1. Бағдарлама мақсаты-рухани мәдениетті қалыптастыруда оқушылшарды ұлттық музыкаға (халықтық, композитор шығарған) баулу.

  2. Музыка арқылы тәрбиенің өнегелі эстетикалық аспектісін күшейту.

Орыс тілінде оқытылыатын қазақ мектептеріндегі бұл музыка бағдарламасы Б.Ғизатовтың жетекшілігімен құрылды. Бағдарлмманың авторлары Л.П.Мамизерова, Г.М.Саматокина Қазақстан композиторларының шығармаларын, халық музыкасын (аспаптық және әншілік) аспаптардың дыбыстық бояу ерекшеліктерін негізге ала отырып, балалардвң бойында музыкалық қызығушылығын және қабілетін дамыту мақсатында құрастырды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты-рухани мәдениетті қалыптастыруда оқушыларды ұлттық музыкаға (халықтық, композитор шығарған) баулу.

Бағдарламаның басты ережелері:

-Қазақстан композиторларының шығармашылық мұралары үйрену;

-қазақтың халық музыкасын (әншілік және аспаптық) меңгеру;

-қазақтың халық аспаптарының дыбыстық бояуларының ерекшеліктерін үйрену;

-музыка арқылы тәрбиенің өнегелі- эстетикалық аспектісін күшейту.

№13.

Тақырыбы: Музыка мұғалімінің кәсіби педагогикалық іс-әрекеті.



Жоспар:

  1. Музыкалық-педагогикалық тәсілдерінің сағат құрылымының (қортындының, оқу жылының) сабақтардың шарттарымен сәйкестендіріп, оқытудың әдістері.

  2. Музыкалық орындаушылық іс-әрекет (аспапта ойнау, ән айту, дирижерлау, музыкамен қимылдау, балалар аспаптары және т.б.)

  3. Музыка сабағының эмоция жағынан толықтығы.

Әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың әнге қызығуы, ұнатуы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай, әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беруі тиіс. Егер қажет деп тапса, әнді күйтабақпен тыңдауға немесе алдын- ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады.

Қандай жағдайда да әннің сапасы болу керек. Ән туралы әңгіме. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу үшін әңгіме жүргізуге, қосымша көрнекті құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен әдебиетке байланыстыруға болады. Дегенмен де, ән туралы әңгіме ұзаққа созылып, балаларлың назарын ән үйретуден бұрын кетпеуі керек. Бұл жерде композиторлар, әннің сөзін жазағн ақын, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады.

Ән үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Әдетте әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, шумағын түгел айтқызыды, егер қайырмасы болса әрі қарай да тура осылай баулынады. Мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуына болады., үшінші рет кәдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады. Әр қайталанғанда мұғалім жай айтқыза самай, балгілі бір талап қойып отыруы тиіс. Мысалы; “Мұғалімдерге қосылып айт”, “ “Әуеннің жүру бағытын қолыңмен көрсет”, “Ақырын айт” “Жәй екпінде орында” т.б.

Мұндай талаптар көп қойылуы мүмкін, ал ондағы мақсат әнді дұрыс үйрену. Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып, алдын-ала жаттығу ретінде үйретуге болады. Оны істеу жолдарында көсетпекпіз.

Әнді үйретудің бұдан да басқа толып жатқан тәсілдері бар. Мысалы , есту арқылы үйрету, графикалық сызықтарға сүйену, нотаға сүйену, сольфеджиомен айту, қолдың көмегімен түрлі биіктерді көрсету, собилизацияға сүйену т.б.

Бұл әдістерді бір-бірімен байланыстыра, жеке-жеке үйретілетін әнге, балалардың жас ерекшеліктеріне, музыкалық қабілеттеріне орай қолдануға болады.

Кейбір жағдайларда әуендері негізінен қайталанатын немесе бір-бірінен сәл ғана өзгешеліктері бар әндер кездеседі. Ондай жағдайда әнді тұтас үйреніп, артынан жеке-жеке фазаларына тоқталуға болады.. мұндай шығармаларға мысал ретінде халық әні “Әлдиді”, Б.Ғазитовтың “Біз -өмірдің гүліміз” әндерін жатқызуға болады.

Ән үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі- оның сөзін жаттау. Мұғалім, әдетте тексті тақтаға жазып қояды, көрнекі құралдан көрсетеді.

Әнді орындап болған соң, мұғалім өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын тексте кездесетін қиын сөздерді түсіендіруі тиіс. Сөзді әннен бұрын жаттату, біздіңше дұрыс емес. Сөздің мәнін жақсы сезінген бала әнді мәнерлеп айтуға тырысады. Мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі – баланы әнді мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.

Түрлі музыкалық шығармалар баолаларды сезімдік толғанысқа келтіріп, белгілі бір көңіл-күйін келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір сипатқа ие болады. Мыалы, мерекелік марштың салтанатты үні адамды қуантады, жанына жігер береді. Бұл дененің тік ұстауына, қолмен аяқтың дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады. Керісінше салмақты, баяу қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай, барынша еркіндікпен жасауға мүмкіндік береді.

Музыкамен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы үйлесімділігімен шектелмейді. Музыкалық образдың дамуы, бір-біріне қарама-қарсы және ұқсас музыкалық құрылымдарды саластыру, мәнерлікке ренк, ырғақтық өнер ерекшелігі, динамикалық ерекшеліктер, қарқын – осының бәрі қимылдан көрініс таба алады.

Көркемдік образ уақытына орай дамытыла отырып, музыкалық мәнерлік құралдарының ұштасу және алмасып отыру көмегіңмен беріледі. Сондай –ақ өимылда уақытқа орай жетіледі: оның сипаты, бағыты өзгереді, өрнектен құрылым жетілдіреді, оның жеке-дара және топтық жүйелілігі ауыстырылып отырылады.

Қарама-қарсылық және қайталаушылық принципі музыкада қимылдың қарама-қарсылық және оның қайталаушылық жағдайына сәйкес болады. Жеңіл ырғақтар, көңіл аудару қол соғу, аяқпен тақылдаты арқылы жасалса, динамикалық, қарқынды сәттер-күш жұмсау, қимылды жылдамдату, теңселуді шектеу және қимыл бағытын өзгерту мен белгіленеді.

Музыканы көркем орындау дегеніміз- бұл айқындық қарапайымдылық, дәлдік. Бұл орайда балаларды қажетті эмоционалды әсерленуден айыратын оңайлату мен бұрмалаудың әр алуан түрлеріне жол беруге болмайды. Өйткені, вокалдық және аспаптық шығармалады оқушы тыңдайды, олай болса дыбыс және ырғақ орташа, ал үні табиғи әрі биязы болуы маңызды.

Педагогтың музыка жайлы сөздері қысқа, айқын, бейнелі, шығарма мазмұнының сипатына, музыкалық айқындылықтық құралдыры болуға бағыттылуы тиісті. Дыбысты сезімталдықпен түйсінуді музыка және оның екекшеліктері жайлы қажетсіз әңгімелермен ауыстырылмау керек. Балаларды музыканың дауысы, тым жоғары бәсең тез т.б. секілді жасанды жауапқа итермелейтін әңгімелердің ешбір педагогикалық мән мағынасы жоқ деуге болады. Алайда, әнмен пьсаны тыңдау алдында жетекшілік бағыт беруші сөздер артық болмайды.

Педагог өз сөзі музыкалық құралдар арқылы берілген сезіммен көңіл – күйді ұғындыру әрі ашып көрсетуі тиіс. Тіпті педагог дауысы түсіндіру кезінде шығарма сипатына қарай эмоционалды түрде құбылап отырады. Бесік жыры жайлы ысқық ықыласпен, мерлене, ал мерекелік, салтаннаты марштар туралы қуанышты көтеріңкі леппен, би жөнінде көңілді, ойнақы түрде айтылады.

Сөзбен жетекшілік ету формалары: қысқа әңгімелер, түсіндірулер, сұрақтар қою сияқты әртүрлі болып келеді. Оларды пайдалану нақты тәрбиелік және оқу міндеттеріне, музыкалық шығарманың түріне (вокалды, аспаптық), танысу сәтіне (алғаш рет немесе қайталап тыңдау), шығарманың жанрымен сипатына, кішкентай тыңдаушылардың жасына байланысты.

Балалардың назарын вокалды музыканы түйсінуге аудара отырып педагог музыкалық және поэтикалық текстің бірлігіне сүйеніп әңгіме жүргізеді. Аспаптық музыкамен танысыра келе, ол жалпыға тән шағын түсініктеме береді.
14 Лекция.
Тақырыбы: Музыка мұғалімінің кәсіби қасиеті, жеке тұлғалық позициясы.

Жоспар:


1.Музыка мұғалімінің жеке тұлғалық кәсіби қасиетінің жалпы сипаттамасы.

2.Музыка мұғалімінің кәсіби іс-әрекетіндегі әртістігі, оның шығармашылық процесіндегі орындаушылық міндеттері.

3.Алға қойылған мақсаттарға жетуде кәсіби педагог-музыканттың жігерлік

қасиеттері.


Музыка мұғалімі өз сабағын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып әрбір сабақтың оқу тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын -ала бағдарлай біліп, сабақта кездесіп қалатын кездейсоқ қиындықты болжап, олай бола қалғанда , оны шешу үшін қажетті әдіс-тәсілдерді ойлап табуға , оқушылардың белсенділігін арттыру үшін өз сабағына балалардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыратын, рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселелерін сезіне білуге дағдылану тиіс. Мұғалім жеке тұлға ретінде сабақ үстінде жан-жақты әр қырынан байқалу қажет. Ол тек белгілі бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде әңгіме жүргізеді, өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды.

Мұғалімнің оқушы алдында бедерлді болуы оның жауапкершілігіне, қамқорлығына талап енте білуіне байланысты. Музыкадан алған әсерінің жемісті болуы үшін балаға әрқашан мұғалім тарапынан қамқорлық, тірек болатын, ілтипат, ықылас қажет. Өйтекні мұғалім негізінен балалармен аптасына бір-ақ рет кездеседі. Мұның үстіні музыка сабағының өзі барлық баламен бірдей жұмыс істеуді талап етеді. Соның өзінде сабақ барысында мұғалім әр оқушыны, оның күшті және әлсіз жақтарын байқап, мүмкіндігінше, қосымша сұрақ қою, ризашылық білдіру, назар аудару т.б. арқылы әр баланы назардан тыс қалдырмағаны жөн.Мұғалімнің дене, қолының қимылы және мимикасы да сабақты көтеріңкі бір лепте, бір демде өткізуде ерекше орын алады.

Әрине мұғалім жұмысында ұйымдастырушылық қабілетінің үлкен роль атқаратынын атап айтқан жөн. Музыкалық іс-әрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты, жігерлі болуы тиіс.

Мұғалім шығармашылығы, оның ұстаздық шеберлігі, тапқырлығы мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күнінен бастап қалыптаса бастайды. Өз ісінің шеберлігі, шебер педагог болу үшін әр мұғалім өзігнің бойындағы жетістіктермен кемшіліктерді дұрыс бағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.

Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең де оларды іске асыратын тұлға-музыка мұғалімі.

Бірінші сыныпта отырған оқушылардың қаншасы балалар бақшасынан , үйден, өзіне таныс емес балалардың келгендігін тексере келіп, өз жұмысын отбасы, бақшада берілген музыкалық тәрбиенің жалғасы етіп жоспарлап, сабақтың мақсатын күн санап, сабақ сайын тереңдете, жоғарлата береді.

Музыка сабағы мен мұғалімнің алдындағы негізгі мақсаты-шәкіртіне музыканың кұдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушылардың санасына, еркіне , әсіресе олардың сезімімен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен табыстарымен оның қолынан туған көркемөнер мұраларын тануға, өмір шындығын сезінуге, әсемдікке ләззаттану мен патриоттыққа, Отанды,елді сүю сезіміне баулиды.

Оқушыларды елін сүю. Адамгершілік қағидаларына лайықты етіп тәрбиелеу әрбір пәннің міндеті. Дегенмен мектептің әрбір пәннің үйлесіміне тиген өзіндік міндеттері бар. Сол секілді музыка сабағының үстінде, сабақтан тыс мезгілде пән мұғалімінің атқаратын орнына аздап тоқталайық. Музыка мұғалімі тек музыка пәнінң мұғалімі болып қоймай-ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болуы қажет. Содан ғана ол өзіңнің алдына қойған негізгі мақсаттарын іске асыра алады. Музыка сабағының мұғалімі өзінің күнделікті жұмысында балаларды тәрбиелеуде педагогикалық, методикалық, психологиялық, дидактикалық негіздерін қолданып, “Менің міндетім жалаң ән, музыка үйрету” деген ойдан аулық болып, жастарды адамгершілік негізеніне бағыттап тәрбиелеген жөн. Адамның мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, білген білімін таразылайтын құрал-адамгершілік қағидалары болғандықтан, мына сабағының үстінде болсын, одан тыс үйірмелер жұмысында да әңгіменің үстінде де, туристік жолаушгылық кезінде болсын, жоғарғыда айтылған жан-жақты тәрбиенің оқушының санасына мықтап орын алып, күнделікті өмір үйреншікті әдетке айналдыру жағын қарастыру керек.

Музыка сабағын беретін мұғалімнің бүгінгі ғылыми – методикалық жетістіктерімен қаруланып, сабақты әр жақты етіп жоспарлап өткізуінің мәні зор. Осы айтылған мақсаттарды біртіндеп іске асыру үшін, мектеп мұғалімінің қолындағы бағдарламаға сәйкес “Музыка сабағын өткізуде методикалық кеңістіктер еске ала отырып, сабақты ұйымдастыру, жоспарлы жұмыс жасау дегеніміз керекті жайттар.

№15 лекция.


Тақырыбы: Музыка мұғалімі-қоғамның көркемдік мәдениетінің қайраткері.
Жоспар:

1.Өнер ретінде музыканы оқытудың жаңашыл жолдары.

2.Музыка бағдарламаларын методикалық оқу құралдарын құрастырған авторлар (Д.Б.Кабалевский, А.И.Райымбергенов және т.б.) жұмыстың жеке стильі.

Өнердің жас балаға беретін дүниесі көп-ақ. Ол баланың туған табиғаттың сұлулығы мен байлығы ертерек дұрыс түсіндіріп, әсемдік сезімін дамытып , бағалай білу қасиетін қалаптастыру сияқты, адамгаршілік тәрбиесінің басты қағидалары: Отанды сүю, патриоттық сезімді тәрбиедеу, адамгершілік, қоғамдық саясат пен музыкалық эстетикалық тәрбие ерте бастан баланың санасынан орын алып оны қандай қиындықтар болмасын төзімділікке, іскерлікке, батылдыққа, білім мен еңбекке, өз заманын жан –жақты дамыған ерекше тұлғасы болуға бағыттайды, жетелейді.

Өнерді игеруді бойға біткен табиғи қабілетке қарамастан, бірінші еңбек екендігі мәлім. Сондықтан жас балалар өнерді музыкалық аспапты, сурет салу т.б. шеберлігін тезірек игерсем деген балалық ойда болып, онда тезірек нәтиже шықпаған соң екі –үш жылдар бойы еңбектене келіп қалдырып, тастап кету жайлары да жиі кездеседі. Міне халқымыз айтқандай, “Баланы жастан” дегендей, жас сәбиді о бастан дағдылы еңбекке үйрету деген сөз. Жас сәби ертеңгі өмірін болжамай тек,-“осы қосымша еңбектен басым босаса”,- деген қысқа шешімге жақын болады.

Жас баланы өмірге баулауда осы айтылған ойлардың іс жүзіне келуіне, нәтиже көрсетуінде баланың төңірегіндегі үлкендердің шешіміне байланысты екендігінде дау жоқ. 1-3 сыныпта оқып жүрген оқушылар сыныпта, көршілес балалардың іс-әрекеттерін көріп немесе сол жолдастарының ән, би, сурет саллып музыка ойнағандарын тыңдап, өнерге деген эстетикалы талғамы оянып үлкендерге- маған домбыра, баян, пианино, скрипка алып бер, немесе- би, хор, сурет үйірмелеріне барамын,-деген тілек айтады. Осындай тілеектерді біраз ата-аналар елемей, көңіл бөлмей баланың іздеген тілігін жандандырудың орнына, “қарағым, оны қайтесің?”, “өзің барабер, менің басымды қатырма”,-деген жауаптапмен шектеледі.

Баланың айтылған тілегіне ата-ана педагогикалық үлкен баға беріп, оның тілегін іс жүзіне асыру жағын ұйымдастырып, баламен бірге ата-анада тұрақты, нәтижелі өнер тану еңбегіне кіріспейінше баланың таңдап, аңсап жүрген қолы жеткен өнер үйірмесінің жұмысы, бағыты тоғырап қалуы заңды жай.

Міне бірлескен бала мен әкенің өнер тану еңбегіне бір-екі жылдан бастап төрт, бес жылға толды дейік. Енді сол қөнердің әсемдігі сезімге жетістігімен ұштастырған баламен әке көркемдік эстетиканың есінін ашып, қуаныш төрінде болуында дау жоқ демекпіз. Баланың бесінші-алтыншы өнертану жылдарында қалыптасқан еңбектің арқасында оқушы бала үлкендердің көмегін керек ете бермейді. Ол, өзінше сол өнерден үлкен күш қуат, дүниетаным, әсемдік әлемін сезініп, көркемдік эстетикалық сезімдерге жол ашқан біртіндеп сезінеді, байқайды да қасындағы қарым – қатынаста жүрген балаларға, керек десе, үлкендерге де пайдалы әсерін тигізіп, қоғамымыздың жан- жақты дамыған мәдениеті жеке тұлғаның негізгі іздерінің басы екендігіңн сезіне бастайды.

Жоғарыда айтылған өнерге ұл балаларды баулу жайы әкемен ананы ғана ойландырып қана қоймай, халқымыздың болашағын тәрбиелеудегі проблемалардың бірі беп білгеніміз жөн. Оның себебі баршаға түсінікті, дегенімен өнерді сүю, игеру, мамандану жағына келгенде ер балалар жастайынан бастап өздерін ән айтудан , музыкалы аспаптырды ойнау шеберлігіне жетуден өздерін алыс ұстауға дағдыланады. Оған үлкендердің “көмегі” де тиіп жатады. Музыканы немесе басқа өнер үйірмелеріне қатысып жүрген бірінші, алтыншы сынып оқушылырының байқасақ, онда ер балалар саны санаулы-ақ екенін байқауға қиынға соқпайды. Оған керісінше бүгінгі 18-20 жастағы бірінші курс студенттерінің ішінен халқымыздың сүйіп тыңдап, ел арасында кең тараған домбыраны ойнайтын, немесе мәнерлеп ән салатын, баян, скрипка, пианино, кларнент, труба ойнайтын ер балалар жоқтың қасы десек болады. Осы айтылған проблемаларды жою әрбір ер, қыз баланы жастайынан өнерге баулу, тәрбиедеу баршаның, халық ісі, мектеп пен ата – ананың ісі демекпіз.

Педагогика ғылымы мектептегі өнердің тәрбиелік орнымен негізін былай айқындаймыз: Баланы өнер арқылы ашық ойлауға , терең сезінуге үйрету керек, сөйтіп өзін түсінуін өзігені түсінудің құралы етуге кқөмектесу керек. Жалпы білім баратін мектептердегі музыкалық, кеңірек айтқанда эстетикалық тәрбиенің мәнін педагогика ғылымы солай шешеді. Бұл музыканы оқып үйренудің маңызын, яғни музыканың теориясымен тарихын үйреніп, музыкалық орындаушылық қабілетін іс жүзінде көрсетуді жоққа шығару деген сөз бе? Мұндай пікір еш негізсіз болар. Түрлі аспаптарда ойнайтын, хорларға, орекестрлерге, түрлі ансамбльдерге қатысатын балалардың, жасөспірімдермен жастардың саны үздіксіз өседі. Оқушылардың музыкаға деген ұмтылысы, музыкалық білімге қызығушылығы үздіксіз артуда, деп тұжырымдайды ресейлік академик композитор Д.М.Кабалевский.


№16 лекция .

Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердегі музыкалық білім беру

әдістерінің мәселелері.

Жоспар:


  1. А.Қ.Жұбанов ұсынған халықтық дәстүрде оқушыларды музыкаға тәрбиелеуде сабақтастық принциптерінің сипаттамасы.

  2. М.Х.Балтабаевтің зерттеулеріндегі музыкалық білім беру әдістемесіне сәйкес педагогикалық мәдениеттану мәселелері.

Педагогикалық зерттеудегі музыкалық білім беру саласында көптеген еңбек сіңірген , оны жете зерттеген ғалымның бірі А.Қ.Жұбанов.

Жұбанов Ахмет Қуанұлы (29.4.1906 қазіргі Ақтөбе облысы Теміртау ауданында 30.5.1968 Алматы)- Қазақ совет музыка зарттеушісі, музыка жазушысы, тарихшы, композитор, дирижер, Қаз. ССР халық артисі (1944)

Жасында Талым күйші, ауыл мұғалімі Қ.Ашғалиевтің, Ж.Тілепбергеновтен, әкесінен, ағасы, Қ.Жұбановтан тәлім-тәрбие алды. 1919-1928 жыл хатшылық, оқытушылық қызмет атқарды; Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестіріне қатысып, скрипкашы П.Черняктан (сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алды. 1929 жылы Ленинградтың М.И.Глинка атындағы техникумында (А.Аэтигонның скрипка класы бойынша), консерваториядан (профессор Ф.А.Ниманның говои класы бойынша; кейіннен музыка теориясымен тарихы факультетінде) оқыды. 1930 жыл Ленинградтың “Рабочий и театр” журналында жарияланған мақаласынан бастап Жұбанов - өмірінің соңына дейін үзбей жазған зерттеуші-ғалым. 1932 жылы Өнер зерттеу академиясын (қазіргі театр, музыка және кино ин-ты) музыка бөлімі асперантурасына қабылданды. 1933 жылы Алматыда ашылған музыка драма училищесіне ұстаздық қызметке ауысып қазақ тілінде тұңғыш “Музыкалық әліппе” жазды. Жұбановтың ұсынысымен қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кәбинет, муз.-эксприментті шеберхана, СССР.ҒА-ның қазақ филиалы президиомы жанынан өнер таныу цекторы. (Қаз.СССР ғаның М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка бөлімі) ашылды.

А.Қ.Жұбановтың музыкалық білім беру саласында қосқан үлесі, оның талмай еңбектеніп зерттеп жазған шығармалары. Атап айтқанда: Музыка әліппесі, Қызылорда,1933; Қазақтың халық композиторы Құрманғазы, 1936; Қазақ халқының музыкалық мәдениеті, 1946; А.В.Затаевич-қазақ халқының ән-күйін тұңғыш жинаушы, 1949; Құрманғазы Сағрыбаев (өмірі мен творчествасы) 1960; Музыкадағы алғашқы адым, 1962; Замана бұлбұлдары 1963; Мұқан Төлебаев, 1963; Строны Столети, Очерки о жизни и творческой деятельности казакских народных композиторов, 1958. зерттеу талдау барысында музыкалық білім беру әістемесіне сәйкес педагогикалық мәдениеттану мәселелері бірқатар шешімін тапты.

Академик А.Жұбанов Ықыластың ежелгі халық аңызының негізіне құрылған шығармаларының бірі-“Аққу” күйінен алған әсерін, көңіл сезімін былай суреттейді: “Аққудың ұшқанын бейнелейтін сызылған дыбысты естігенде, музыкалық бейнелеу көрінісінің әсемдігіне, нақтылығына таңданасың, ал, аққу халықтап су бетіне қонар кезінде күйші біртіндеп дыбыс үнін баяулатып жайлап соза түседі. Тіпті шекті тартып қалып, міне мылтықтың атылғаны деп қобызшының пиццикато ойнауы тыңдаушыға өте әсет етеді. Қыздың қайғылы әні қобыздың жоғары регистірінде орындалады. Осы жері кәдімгідей сопрано дауысына жақындайды. Ал, кемпірдің жылағаны төменгі регистірде ойналады, қарыққан қарт кісінің дауысы сияқты. Ең соңғы шаттық әні (кемпірмен қыздың олжалы баламен кездесуі) – адамның аштықты жеңген , жаратылыстың тілсіз жауын жеңген салтанатты мерекесі”. Олай болса, балалармен жастардың да мұндай аңыз-күйлерді кірпік қақпай, аса бір зейінділікпен қызыға, құмарта тыңдауы кездейсоқ нәрсе емес.

Музыкалық тәрбинні дамытуда халықтық музыкалық шығармашылық елеулі роль атқарғаны және әле де атқара беретіні даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда М.Х.Балтабаевтің жұмысы-көңіл қоюға тұрарлық еңбек. Мұнда халықтың музыкалық шығармашылығы жоғарғы оқу орындарындағы вокальды – аспаптық ансамлге қатысушыларға көркемдік –эстетикалық тәрбие беру құралы ретінде қарастырылып, студерт жастарды тәрбиедеудегі халықтық-музыкалық шығармашылықтың ролімен орны белгіленеді, оның өзіндік ерекшелігі анықталып, Қазақстан жоғары оқу орындарында музыка бөлімдерін ұйымдастырудың толып жатқан проблемаларын кешенді түрде шешу жолдары көрсетіліп, олар жергілікті жердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының білікті жетекшілерің даярлау мен қайта даярлау мәселесмін шешу және халықтық музыкалық шығармашылықтың потенциялдық мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану үшін негіз ретінде қарастырылады.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеологиялық коммисияның 1989 жылғы қазан йының 4 індег мәжілісінде бекітілген “Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру жөніндегі концепциясында” республикамызда осы кезеңге дейінгі рухани өнар тәрбиесіндегі орын алып келген кемшіліктердің беті ашылып көрсетілді. Олар мына тұрғыда болды: мектептегі музыкалық-эстетикалық тәрбие ұлттық және аймақтық мәдени ерекшеліктермен дәстүрлерге бағдарланбады; сол себепті жастардың ұлттық сана сезімдерінің дамуына түрткі бола алмады; оқу-тәрбие жұмыстары халқымызды ғасырлар бойы қалаптасқан халық педагогикасымен байланысты өтілмеді. Сонымен қатар бұл концепцияда осы кемшіліктерді шешудің жаңа принциптегі бағдарламалары берілді. Онда жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде қазақ поэтиклық мәдениетіміздің түрлеріне (айтыс, хисса, жыр, терме, мақалдар т.б.). халық билері мен халықтың қолданбалы ою-өрнегіне, фолклорлық ұлт аспаптарын игеруге балалар оркестр-ансамбльдерінің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөліну керектігі айтылды.

Міне осы аталған талап-тілектерге сай қазақтың ұлттық мектебі концепциясының негізінде бағдарламасы дүниеге келді.

17.



Тақырыбы: Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың әдістемелік мәселелері.

Жоспар:


1. Б.В.Асафьевтің жеке зерттеген қарама – қарсылық әдісі.

2. Нота сауатын меңгеруде З.Кодайдың концепциясы және К.Орфтың концепциясымен балалар аспаптарын ойнауды меңгеру олардың әр ел балаларына музыкалық білім берудегі ықпалы.


Шетел мемлекеттерде , музыка тәрбиесіне көзқарастары халықтар арасында бірдей болды. Сонмен қатар әр мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар, спификасы, толық ұлттық мәдениеттілік ерекшеліктер. Мектеп балаларының музыка тәрбиесі басты мәселе болып, мемлекеттік іс болған және адам, жаңа тұлға дайындау мәселесі болып шешілді.

Негізгі ұстарған әдістемесі “барлық ұлт басқа ұлттың мәдениетін үйрене алады да, үйренуге міндетті” К.Морис .

“Қос қолдап тұрып-шетелдің ьарлық жақсысын алып үйрену” Л.И:Кешин.

Музыка тәрбисінде барлық мемлекеттер мен қарым – қатынас жасау ( конкуренциялар , әдістемелер мен алмасу, балалар ұжымымен барып орындау, оқытушылардың) жеке қарым-қатынастары үлкен орын алған.

Теориямен практикада музыка тәрбиесінде Золтон Кодай мен Кере Орфтың жасап шығарған әдістемелері үлкен міндет атқарды.

Үлкен жұмыс нәтижесін Венгрия халқы алды.

Венгрияның жалпы білім беретін мектептерінде әр аптада екі сағаттан музыкадан сабақ беріледі. Сонымен қатар 90 шамалы мектепте музыка сабақтары басым, музыкалық бағытта жүргізіледі.

2-8 сыныптарда күн сайын екі сағат музыка сабағы баріледі, ал бірінші сыныпта аптасына алты сағат. Бесінші сыныптан жоғары атасында төрт сағат беріледі де оқушыла бірінші сыныптан бастап, кішкене келген флейтада ойнауды үйренеді. Үшінші сыныпта түрлі басқа музыкалық аспаптарды ойнады үйретеді.

Төртінші сыныптан бастап, балалар ансамбльдерде, оркестрлерде ойнай бастайды. Бұл мектептердегі ерекшелік мұндағы барлық балалар музыкалық аспаптарды үйренуі қамтамасыз етеді, оқушылардың сабақ үлгеруі басқа мектептердің сабақ үлгерімінен анағұрлым артық екендігі көрінеді.

Жастарға музыкалы-эстетикалы тәрбие беру ісіне көп еңбек сіңірген оқулықтар, ғылыми-методикалы нұсқаулар жазған венгер композиторы профессор Золтан Кодай. Музыкалық қабілетті тәрбиелеуде венгерлік системаның өзіндік бағыты бар. Мұнда музыкалы тәрбиенің өзегі болып өзгермелі-До тоникасы алынған. Өзгермелі –До дегеніміз-бастауыш сынып оқушыларын Соль-мажор, Ре-мажор, Фа-мажор немесе Ға-соль биіктігі деп музыканың алғашқы қадам орнына до-тұрақты быбыс қолданылады.

Бастапқы кезде оқушылар тек До-мажордан басқа ештеңе үйретілмейді де, басқа биіктіктегі мелодиалардың дыбыс қатары, жоғары-төмен болғанымен, До-мажор дыбыс қатарымен айтылады. Өзгермелі До-тұрақты дыбыс системасы алғашқы музыка әліппесін үйренерде пракиткалық пайдасы мол. Өзгермелі жоғарылықтан дәл жоғарылықққа көшу аса қиындыққа соқпайды. Европа елдерінің біразында музыкалық дыбыстар тек әріпті аттарымен аталып жызылады да С,Д,Е,Ғ,С,А,Н. Ал До,РЕ,Ми,Фа,Соль,Ля.Си, деп жеті қатарлы дыбыстарды ғана айтады. Сонымен қатар әр дыбысты сол қимылмен көрсетеді. Венгер мектептерінде де біздің музыкалық тәрбие секілді музыкалық саздық биіктеріне тәрбиелеу жағына баса көңіл бөлінеді. Қорытып айтқанда венгер мектептерінің жастарға музыкалы эстетика саласында тәрбие беру мәселесінде үлкен жетістіктерге жеткені мәлім.

Болгарлық жолдастардың да музыкалы тәрбие жағы соңғы 35 жылдың ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың музыкалық тәрбие мәселесінде негіз етіп қолданылатын белгілі музыканты Борис Тричковтың “столбицы”-“сатылау” деп атайтын система бойынша жүргізеді. “Столбица”-сатылау деп музыкалық сауаты жоқ жастарға арнап шығарған көрнекті құралды айтады. “Сатылау”-системасының мақсаты музыкадан алғашқы сауат беріп, нота сауатын тез таныту. Бұл система бойынша нота сызығының қажеті шамалы. Ступендердің биіктігіне мына сызықтар және нотаның аттары жазылады.

Болгария мектептерінде, оқушылар сарайында ән-музыканың жоғары сатыда екені 1968 жылы Москвада өткен одақтық музыкалы-эстетика жөнінде болған конференцияда байқалған еді. Осы конференцияда жасаған баяндамаснда халық артисі, Георгий Дмитриев атындағы Пионер Срайының “Бодрая смена” атты балалардың қорстудиясының бас дрижері Бонцо Боцев. Бұл жөнінде едәуір тиімді пікір айтты. Оның алып келген оқушылар мен жастардан құралған төрт дауысты хор ұжымының орындалуындағы халық әндері, Болгар композиторларының шығармаларымен Моцарттың “Бесік жырын” асқан шеберлігімен орындаған шығармаларын бүкіл конференцияға қатысушылар шын ниетімен тыңдап үлкен ризалығын білдірді. Бұл балалардың жас өнер коллективі өзінше жеке гастрольге шығып, Москва, Варшава, Дюселдорф, Берлин, Прага, Будапешт қалаларында болып өз таланттарын танытқалы 20-30 жылдар болыпты. Жастар арасында әнді, музыканы насихаттау жағынан “Бодрая смена” үлкен қызмет атқаруда.

Чехославакиялық достардың мектептерінде өздеріне тән айтарлықтай музыкалы методика жоқ деуге болады. Оларда жоғарыда айтылғандай, түрлі музыкалы тәлім-тәрбие, методикалы әдістерді қолдана келіп, балаларды жастайынан әнге, биге, музыка тыңдауға, ән музыкалық жұмбақ түрлі көрсеткіш, дыбыс құралдарын пайдалана отырып, олардың музыкалық қабілетін адмытып, эстетикалы талғамын, музыкаға деген талғамын, құмарлығын, құштарлығын бір бағытта тәрбиелеуде. Нота сауатыны мен нотаны оқу, білу оларды әндетіп айту мен тығыз байланыста жүргізіледі екен.

Чехославакияда мектептерінің оқу мерзімі 12 жыл, балалар 6 жастан бастапбірінші сыныпқа барады. Музыка сабағы 1-9 сыныптарды арнаула пән ретінде бір сағаттап барілгенде 10-12 сыныптарда біздегі секілді фалултативті жүргізіледі. Чехия мектептерінен бір ерекшелігі, оларды мызыка сабаының арнаулы программасы жоқ. Сабақты жоспарлау, оның методика жақтарын оқытушының өздері қарастырады. Музыка сабағын беретін оқушыларға жыл сайын өткзілетін методикалық семинарлар мен конференцияларда жалпы методикалық нұсқаулар беріліп отырады. Бірінші бесінші сыныптарға музыка сабағын өз сыныбының оқытушысы береді де, 6 сыныптан жоғары арнаулы білімі бар оқытушылар жүргізеді. Музыка сабағын үлгене алмаған балаларды арнаулы мектепке көшіріп, онда екі-төрт жыл оқытып, өзінің бұрынғы сыныбымен мектебіне қайта отырғызады. Себебі ән айтуға дауыстары жоқ сыныптағы екі-бес оқушылардың әнлді айтып үйрену қабілеті нашар болғандықтан оларды басқа оқушылармен бірге қалдырып бір программамен жүргізу оқытушы үшін көп еңбек.

Батыс европа туысқан елдермен біздің Балтика бойындағы туысқан республикамыздың мектептеріндегі – музыка сабағының барысында, оқытылу методикасында көтеген жетістіктердің бар екендігінде күмән жоқ. Оларда мектептің алдында отбасын балабақшадан бастап балалардың музыкалы қабілетін дамыту мәселесі қойылады. Мұның төңірегінде көптеген арнаулы мамандар еңбектерінің жетістіктерін методикалы нұсқауларға, арнаулы, көмекші музыкалық оқу құралдаарына жазылған, бүгінгі күндері нотамен ән, хор айту халық музыкалы аспаптарда ойнау бір салтанатты музыкалы дәстүрге айналып кеткен.

Жапония мектептерінде музыка сабағын беру жайы басқа елдерден айтарлықтай ерекшелігі бар деп жазады,-Э.Абдулин. олардың бірінші сыныбында музыка сабағы аптасында үш рет болса, екі мен сегізінші сыныптарда аптасына екі рет, ал тоғызыншы сыныпта аптасына бір рет берілген.

Музыка сабағын орта немесе жоғары білімдері бер мамандарағ бару жіктелеген. Мектептерде оқушылардың ырғақты қабілетін дамыту ісі алға қойылған сол мақсатпен оларға: балалар бақшасынан бастап тамбурин, кастаньэта, бубна, кіші барабан, ұшбұрыш әрі тарелка тәрізді ұрмалы соқпылы аспаптарда түрлі ырғақты соғып үйретеді. Сонымен қатар оқушыларды металлафон, ауыз гармоны, физгармония секілді музыкалы аспаптарда, өздерінің айтып үйренген әндерінің үзіндісін осы аспаптарда ойнап, игеру жағына үлкен көңіл бөледі жапония мектептерінің барлығында хор үйірмелері бар, олар аптасында екі рет дайындығын жүргзеді. Ал, балалар бақшасында музыканың ролі күшті. Онда музыкалы тәрбие сабағы күн сайын бір сағаттан өткізіліп тұрады.

Балалардың музыкалық тәрбиесінде орындалатын тапсырма бойынша, есту, екпін, музыка тыңдаумен, ән айту, аспапта ойнаумен шектелмеу керек, музыкалық тәрбиенің мақсаты-шығармалық орпозиясын өсіріп отыру керек, жан-жақты дамып, өздігінен теріп ойнай білу, өзі ойлап шығара білу керек. Мұндай жұмысты сөзбен , қимылмен, бимен, портопианомен іс-әрекетпен көрсете білу қажет. Музыкалық шығармашылық шабыты ары қарай жалғастырмағанмен оның өзіне враг,-------- ер болса да пайдасы тиеді деген сөзі Борик, В.Асафов пен көзқарастары тура келді. Тығыз шығармашылық достық композиторлардың әрқайсында халықтар арасында шығармашылық ұжымдармен, әнші-солистермен, көрші мемлекеттермен арақатынасты ұлғайтып шығармаларының өсуге көмектесті. Шығармашылық жетістіктер, түпкі идеямен дүниежүзімен байланыс жасап дүниежүзінің прогресивтік өнерде алғашқы оранда тұрады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Музыкалық білім беру әдістемесі” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет