Лекция : 34 сағат Семинар: 68 сағат СӨЖ: 33 сағат. Барлық сағат саны: 135 сағат



бет2/5
Дата21.04.2017
өлшемі1,39 Mb.
#14275
түріЛекция
1   2   3   4   5

3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
“Музыкалық білім беру әдістемесі ” пәнін меңгеру үшін студенттер “Музыкалық этнография”, “Музыка өнеріне кіріспе” пәндерінің бағдарламаларын білуі керек.

Аталған курсты оқып үйрену “Музыкалық білім берудің әдіснамасы”, “Музыкалық білім тарихы мен теориясы”, “Музыкалық педагогика” және т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.




Мазмұны





  1. Абстракт .........................................................................................5

  2. Курстың мақсаты ...........................................................................5

  3. Курстың міндеті .............................................................................5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ............................................... 6

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет.......................... 6

  6. Студентке арналған ережелер ...................................................... 6

  7. Оқу сағаттарының кредитке мәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі............................................................................................... 7

  8. Лекция сабақтарының мазмұны..................................................... 9

  9. Практика сабақтарының жоспары, мазмұны ...............................40

  10. СӨЖ-жоспары, мазмұны ...............................................................43

  11. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі ...................................................47

  12. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) тестілік саулнамалар ..................................................................50

  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі................................................................................................58

  2. Пән бойынша оқу порцесінің картасы...........................................59



  1. АБСТРАКТ

Оқу-әдістемелік кешені “Музыкалық білім беру әдістемесі” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ЛС - Лекциялық сабақтар

СС – семинар сабақтар.

СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.



  1. МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ” ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

Студенттердің пән мазмұны оның бөлімдері, бағыттары туралы түсінікте алуларыа мүмкіндік туғызу;

Жалпы білім беретін мектептің сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу;

Музыкалық жұмыстардың әдістемесінде өзінің тәжірибелерін жинауда творчестволық ізденуіне жағдай жасау;

Музыкалық іс-әрекеттер түрлерінде мұғалімнің жеке тұлғалық кәсібй-педагогикалық қасиеттерін тауып алуына көмектесу.

- Педагог музыкантты дайындаудағы профиссионалды (кәсіби) бағыт

- Музыка педагогикалық ғылымммен практикасының интеграциясы.

- Музыка мұғалімінің творчестволық іс-әрекетіндегі жинақталған тәжірибе педагогикалық шеберлігін жетілдру.

Әрбір келесі бастапқы бөлімдермен байланысып, төменгі жұмыс жүйелігін іске асырады.



3. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

Қоры

тынды


Лекция

Сем.


ОБСӨЖ

СӨЖ

3

135

34

68

-

33

VI

емтихан


4. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Лекция - студентке тақырыпты игеруде назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.


Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ойлауға әрекет ететін әдіс-тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ – студенттің өзіндің жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

5. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келуі керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесәне сәйкес өтіледі.

  6. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


6. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП
БОЙЫНША Б Ө Л І Н У К Е С Т Е С І






Лекцияның тақырыбы

Лек

ция

Семинар

СӨЖ

1

“Музыкалық білім беру әдістемесі” пәнәнің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттары.

2

4

2

2

Оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің негізі.

Музыка сабағы-мекептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы, оның ұйымдастыру, өнер сабағы ретінде спецификасы.



2

4

2

3

Музыкалық іс-әрекеттің әртүрларіндегі музыка сабағының құрылымының әлдістемесі..

2

4

2

4

Музыкалық білім берудің әдістемес, оның сапасын бағалау (квалификациясы)

Оқушыларға музыкалық білім беруде негізгі міндеттерін оқытудың әдічстері мен тәсілдерінің байланысы.



2

4

2

5

Оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбие, ұйымдастырушылық, насихаттаушы жұмыстар.

2

4

2

6

Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары.

2

4

2

7

Жалпы білім беретн мектепте (1-8 сыныптар) музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің басшылығымен жасалған бағдарлама.

2

4

2

8

Жалпы білім беретін қазақ мектепке музыкадан бағдарлама: 1-4 сыныптар.(Құрастарғандар: Р.Жәрбемалиева, Г.Қарамолдаева), топ жетекшісі: Б.Ғизатов.

2

4

2

9

Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі “Елім-ай” бағдарламасы. (құрастырғандар М.Балтабав, Т.Қышқашбаев,Б.Өтемұрасова және Т.Б. топ жетекшісі М.Балтабаев)

2

4

2

10

Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан “Мұрагер” бағдарламас.

2

4

2

11

Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама.

2

4

2

12

Орыс тілінде оқытылатын Қазақстан мектептеріндегі “Музыка” бағдарламасына қосымша. (1-8 сыныптар).(Құрастарғандар: Л.П.Мамезерова, Г.М.Самотокина. Жетекшілік жасағн: Б.Ғизатов.).

2

4

2

13

Музыка мұғалімінің кәсіби педагогикалық іс-әрекеті.

2

4

2

14

Музыка мұғалімінің кәсіби қасиеті, жеке тұлғалық позициясы.

2

4

2

15

Музыка мұғалімі-қоғамның көремдік мәдениетінің қайтаркері.

2

4

2

16

Педагогикалық зерттеулрдегі музыкалық білім беру әдістерінің мәселелері

2

4

1

17

Шетел зерттеулеріндегі музыканы оқытудың әдістемелік мәселелері.

2

4

2




Барлығы

34

68

33

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Өнер” факультеті

“Ән және саз” кафедрасы

“Музыкалық білім беру әдістемесі” пәні бойынша

050106 “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін.

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

7. Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы

1 лекция.

Тақырыбы: Музыкалық білім беру әдістемесі пәннің мақсаты,

міндеттері, жалпы бағыттары

Жоспар:


  1. “Әдістеме”, “музыкалық білім” ұғымдарының мәні

  2. Жоғары дәрежелі педагог музыкант маман дайындауда мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұндарына жетуге бағытталған формалар, түрлер, құралдар жиынтығы.

“Әдістеме”-деп педагогиканың ненің қалай екендігін яғни қандай дидактикалық негізде қандай әдіс мәселесімен құралдардың неғұрлым тұтас оқу процесін құруға болады және оның құрамына кіретін жалпы және жеке міндетті қалай шешу керектігін түсіндіретін бөлімді айтамыз. Мысалы: Музыкалық білім беру әдістемесіне қандай, қалай жетуге болады? Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы қабылдау кезіндегі бастауыш және орта буын назарын аудару. Музыка- адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиалы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдік және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл – ой, сана - сезімінің кеңейіп, жақсы мінез - құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын, тєрбиелеуге, эмоциялыќ сезімталдыѓын ќалыптастыруда, білімді, мєдениетті болып µсуіне єсер етуде мектептегі музыкалық білімнің алатын орны ерекше. Ќазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялыќ жєне практикалыќ білім беру ж‰йесінен біраз тєрбие, тєжірибе бар, солай бола т±ра да, музыка сабаѓын ж‰йелі т‰рде оќыту, єсіресе, ќазаќ мектептерінде ±лттыќ бай музыкалыќ м±рамызды мол пайдаланудыњ жолдары аз зерттелген. Олардыњ белсенділігін ынталандыру, кµркемдік нєтижеге ќалай ±мтылдыру керектігін кµрсетеді. Музыкалыќ білім беру єдістемесі педагогикалық ѓылым ж‰йесіне енеді жєне онда өзіндік орын алады. Ол музыкалық білім беру заңдылықтарын оның мазмұнымен әдістерін одан әрі дамытуға ‰лкен мєн беруі ќажет. Эстетикалыќ єдістеме музыка тану психология жєне басќа пєндермен сабақтаса отырып, музыкалыќ білім беру єдістемесі µскелењ ±рпаќтыњ музыканы т‰сіне қабылдауына жетелеуі тиіс. Б±л оныњ идеалогиялыќ мањызы. Музыкалыќ идеалогиялыќ мањызына ќарайтын болсаќ, ол ќоѓамныњ, мектептіњ таѓы басќа µз міндеттерін шешуде єдістеме психология ѓылымына с‰йенеді. Мысалы: Музыкалыќ єдістердің бірі шыѓармашылыќ музыканы зерттеу, оныњ шыѓуын немесе дамуын білмей жєне іс-єрекет дегенніњ не екенін білмей зерттеу м‰мкін емес, сонымен ќатар психологиямен тыѓыз байланыста екенін ескерген жөн.

Єдістемеде т‰сініктеме болып ќолданатын єдебиеттердіњ пайдасы мол. Мектеп оќушыларыныњ єншілік т±рѓыда дамуын зерттеу, балалардыњ дауыс аппараттарының ерекшеліктерін білуді талап етеді. Сондыќтан да б±л жерде єдістеме физиологиялыќ ќ±былыстардаѓы зерттеулерге с‰йенеді.

Музыкалыќ білім беру єдістемесі педагогикалыќ жалпы дидактикалыќ принциптеріне жєне іс- єрекеттеріне µз єдістеріне сүйене алады. Дидактикалыќ принциптер оќушыларды тєрбиелеп оќытуда, игерілетін таќырыптардыњ ауыр соќпауы, білімі, ќабілеті, даѓдыланудыњ беріктігін қажет етеді. Оќушылардыњ музыкалыќ белсенділігі олардыњ µз бетінше ж±мыс істей білуі, музыкалыќ білім берудіњ µмірімен балалыќ ќызуѓушылыѓымен байыпты міне осы принциптердіњ барлыѓы музыкалыќ білім беру єдістерініњ негізіне жатады.

Музыкалыќ білім беру єдістемесі сонымен ќатар µз принциптерін алѓа ќояды:

1 .Эмоциялыќпен санаулыќ, технологиялыќ пен кµркемдіктіњ бірлігі.

2.Латтардыњ, ырѓаќтыќ факторлыќ сезімніњ принциптері.

Музыкалыќ білім беру єдістемесі тарих, бейнелеу, єдебиет пєндерімен бірге эстетикалыќ циклды ќ±райды. Эмоциялыќ жєне саналылыќ бірлігі принциптіњ ќажеттілігі музыкалыќ µнердіњ µзіндік ерекшеліктерініњ жєне оныњ ќабылдау ерекшеліктерінен туындаѓан музыка арќылы берілетін эмоциялыќ єрекеттері, саналы т‰рде єсер етуі талап етіледі. Ал музыкалыќ ќабылдаудыњ сан т‰рі ол оќушылардыњ даму ќабілеттеріне септігін тигізеді.

Ол сонымен ќатар музыкалыќ єсер к‰йі оќушылардыњ рухын, к‰шін жан сезімін, ойларын жан д‰ниесін байытады. Мысалы: Єнді ‰йретуде м±ѓалім оќушыѓа даѓдыларын ќалыптастырады. ¤йткені єуенді ырѓаќтыњ аккомпонименті баланыњ орындауы ‰шін оќушыныњ осы аспапта ойнай білуі жєне ќабілеттерді мењгеруі тиіс. М±нда даѓдыларды мењгеру арқылы маќсатќа жетуге болады.

Музыкалыќ ќабілетін кезекпен жєне бірте - бірте дамытуына байланысты жєне оќуды дамытуды музыкалыќ форманыњ кµрнекті м‰лкі арқылы ќалыптасады. Музыкалыќ білім беру єдістемесі педагогикаѓа с‰йенеді єдістерді єзірлеу мынадай мєселелерге байланысты.Оќудыњ музыкалыќ жєне шыѓармашылыќ ќабілетін дамыту музыкалыќ есте сақтай білу жєне дауыс ќабілеттері, єрт‰рлі музыкалыќ іс-єрекеттері мүмкіншілігі жєне таѓы басќа. Єдістердіњ м‰мкіндігіне єр т‰рлі формалар кіреді. Мысалы:

Музыкалыќ сабаќтар факультативті сабаќтар. Сабаќтан тыс дидактика, ‰йірме, мерекелік саѓат. Музыкалық білім беру әдістері мұғаліммен оқушылардың бірлесе жұмыс істеуінің әртүрлі тәсілдерінен құралады. Бұл істе басты ролді педагог атқарады балалардың қиалын музыкалық ой - өрісін, эмоциялық сезімталдығын дамыта отырып, мұғалім балалардың өнерімен қатынаса оларға қуаныш ләззат алу сезімдерін әкелуге талпынады, ал дағдылармен қабілеттердің қалыптасуы балалардың белсенділігімен өз бетімен жұмыс істей білуінің дамуына әсер етуін ойлайды.

№2 Лекция
Тақырыбы: Оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің негізі .

Музыка сабағы – мектептегі музыкалық білім берудің

негізгі формасы, оны ұйымдастыру, өнер сабағы ретінде спецификасы.

Жоспар:


  1. Музыка сабағы-мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы.

  2. Музыка сабағын ұйымдастыру, оның құрылымы мен мазмұны, драматургиясы.

  3. Музыка сабағын жүргізудің көркем-эмоционалды бағыты.

Мектептегі музыкалық білім беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы. Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау,музыка тыңдау тәрізді іс әрекетпен айналысады музыка сабағындағы әрбір іс - әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Музыка сабағын ұйымдастыру формасы: басқа пәндер сияқты музыка сабағында да оқушылар ерекше қабілетілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді. Бәрі бірдей тәлім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материалдары түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б.

Музыка сабағы саналық пен эмоциялықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементін оқушылардың белсенділігін қызығушылығын арттыру тиіс. Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, ән айтуға, оны қадырлей бағалай білуге, белгі бір шығарманың тәрбиелік мәнің сезіне білуге тәрбиелеу керек. Ол үшін де мұғалім белгілі бір шығарманы тындарда алдын ала айтар әңгімесі, әнді үйретпес бұрын өзі орындап оның әдемілігін, мәнін жеткізе білуі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің аса сезімталдықпен айтқан әні, әңгімесі балаларды музыканы қалай болса солай тыңдай салуға емес, оны саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.

Музыка сабағында саналық пен көркем эмоцияның бірлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көркемдік пен техникалық пен бірлікпен іске асырылуына назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек айтылатын ән мен орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әр бір дыбыс өте әдемі , мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Мәнерлеп орындауға дағдылану үшін техникалық жұмыстар қажет.

Сабақ өткізілмес бұрын, алдын ала оның мақсаты мен міңдетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрлысын, оқыту әдісітері мен құралдарын тәрбиелік білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін аңықтап алған жөн. Музыка сабаған қандай пәннен кейін қойылғанын да ескерген жөн. Мысалы, еңбек немесе денешынықтыру сабақтарынан кейін бірден ән айтқызу жемісті болмайды. Өйткені балалардың организмі шаршап отырады, осындай кезде ән айту бала дауысына салмақ түсіреді, бірте-бірте дауыс аппаратына зиян келтіріп, түрлі тамақ ауруларына ұшырауы мүмкін. Музыка сабағыда күтпеген жағдайлар болып тұрады: мысалы электор тогы жоқ, өшіп қалды дейік, олай болса, күйсандық ойнамайды, немесе сынып қалды, аспап істен шықты, мұғалімнің тамағы

ауырып қалады, т.б. Міне, осы тосын жағдайлардың бәрінен жол тауып, сабақты сәтті өткізіп шығу мұғалімнің ерекше дарындылықты, шығармашылық тапқырлықты қажет етеді. Осы орайда, мектептегі музыка сабағын жүргізетін мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқтала кетпекпіз.

Музыка мұғалімі өз сабағын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу – тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын - ала бағдарлай біліп, сабақта кездесіп қалатын кездейсоқ қиындықты болжап, олай бола қалғанда, оны шешу үшін қажетті әдіс – тәсілдерді ойлап табуға, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін өз сабағына балалардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыратын, рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселелерін сезіне білуге дағдылануы тиіс.

Мұғалім тұлғасы сабақ үстінде жан – жақты әр қырынан байқалады: ол тек белгілі бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде әнгіме жүргізеді , өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың әсер ету күшін мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды.

Мұғалімнің оқушы алдында беделді болуы оның жауапкершілігіне қамқорлығына талам етебілуіне байланысты. Музыкадан алған әсерінің жемісті болуы болуы үшін балаға әрқашан мұғалім тарапынан қамқорлық, тірек болатын ілтипат ықылас қажет. Өйткені, мұғалім негізінен балалармен аптасына бір – ақ рет кездеседі. Оның үстіне музыка сабағының өзі барлық баламен бірдей жұмыс істеуді талап етеді. соның өзінеде сабақ барысында мұғалім әр оқушыны, оның күшті және әлсіз жақтары байқап, мумкіндігінше, қосымша сұрақ қою, ризашылық білдіру, назар аудару т.б. арқылы әр баланы назардан тыс қалдырмаған жөн. Мұғалімнің дене, қолының қимылы және мимикасы да сабақты көтеріңкі бір лепте, бір демде өкізуде ерекше орын алады,

Әрине , мұғалім жұмысында ұйымдастырушылық қабілетінің үлкен рөл атқаратынын атап айтқан жөн. Музықалық іс - әрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты, жігерлі болуы тиіс.

Мұғалім шығармашылығы, оның ұстаздық шеберлігі, тапқырлығы мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күннен бастап қалыптаса бастайды. Өзі ісінің білгірі, шебер педагог болуы үшін әр мұғалім өзінің бойындағы жетістіктер мен кемшіліктерді дұрыс бағалап, өзін - өзі тәрбиелеуге міндетті.

Мұғалімнің жан – жақты білімділігі, жан - дүниесі, ақыл – ойы, жылы жүзі , өнегесі балалардың музыка сабағына қызығушылығын арттырады, олардың бұл іске белсене араласу дағдысын қалыптастырады. Сондықтан, музыка мұғалімін, мектептегі музыка сабағының пән ретінде тағдырын шешетін негізгі тұлға деп айтуға хақылымыз.

Қазіргі музыка сабағын арнайы жабдықталған музыка кабинетінсіз елестету мүмкін емес. Музыка кабинеті әр мұғалімнің эстетикалық талғамына орай безендіріледі және онда міндетті түрде балаларға арналған музыкалық аспаптар, техникалық және көрнекті құралдар болуы шарт.

3 Лекция.


Тақырыбы: Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлеріндегі музыка сабағының

құрылымының әдістемесі.

Жоспар:


1.Музыкалық іс-әрекет түрлерінің творчествалық музыкаға эмоционалдық құндылық қатынасының танымдық қажеттіліктерін қызығушылығының бағыты.

2.Оқытудың техникалық құралдары мен көрнекілікті мақсатқа лайықты және тиімді қолдану.

3.Музыка сабағын жоспарлау.
Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады. Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтары бар. Жалпы сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды таңдай білудің мәні зор, өйткені, ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады, сондықтан да музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, толықтырылады немесе алынып тасталынады. ән айту барысында кездесетін қиындықтарды балалар оны әдемі, мәнерлі орындауға қажетті бірден-бір жол деп түсінуі қажет.

Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, әрі қарай дамытуда, музыкалық ой өрісін кеңейтіп, талғамын тәрбиелеуге тыңдауға арналған репертуардың мәні зор. Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі мен творчествасынан мағлұмат алып қана қоймай, шығарманың сипатын, оның образын ашуда қолданылған мәнерлік құралдарын анықтап олардың шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қалыптастырады.

Осылайша музыкаға қызығушылығын, оған эмоциялық көзқарасы қалыптасады. Әр шығарманың мәнерлі құралдары болатынын ажырата алатын болады. Балалармен тікелей жұмыс істеген музыкант-ғалымдар, ұстаздар, зерттеушілер музыканы қабылдаудың әртүрлі жақтарын жан-жақты дамыту керектігіне айрықша назар аударды.

Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу. Музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым- қатынасын дамыту. Орыстың ұлы жазушысы Д.Кабалевский былай деп жазған болатын.

«Музыка деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату- оның ғажайып сұлулығынтүсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған адамға білім және тәрбие беремдеу сәтсіздікке ұшшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың музыкаға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткіземін деу- бос әурелік. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем, үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ»- деп жазды.

Сабақтың өз дәрежесінде өту әрине, мұғалімдерге байланысты. Мұғалім тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты әрі қырынан байқалады: ол тек бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде әңгіме жүргізеді., өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың әсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды. Әрине мұғалім жұмысында ұйымдасытрушылық қабілетінің үлкен рол атқаратынын атап айтқан жөн. Музыкалық іс-әрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты жігерлі болуы тиіс. Мұғалім сабақтың қызықты және нәтижелі өтін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына таңдана отырып, әр сабақтың өзінің бір-бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кетек жөн. Бұл, әрине, музыка мұғалімінің шеберлігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.

Әнді үйреткеннен бұрын оқушы оны өзі орындап, көрсетеді. Бұл көрнекілікке жатады. Дирижерлік қимыл, түрлі суреттер, иллюстрациялар пайдалануда солай. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты әдіс-тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін ән мен тыңдалатын музыкалық шығармалардың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсендігі де артады.Мұндағы ең негізгі мәселе қайталау мен пысқтау. Ол балалардың ойлауын, есте сақтау мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасайды. Әрбір үйретілетін ән балалардың жас ерекшеліктеріне қарайтаңдап алынады.

Музыка сабағы арнаулы жоспармен жүргені тиімді .Сабақтың негізгі мақсаты-ән үйрету мен қатар, хор айту, музыка тыңдап оның сауатын үйрету. Сол себепті оқушы сабақ өтуге берілген 45 минутты тиімді ұтымды пайдаланған жөн. Ол үшін алдын –ала жоспарлап алған жөн. Сонымен қатар музыка сабақтарында оқытылатын тақырыптар күні бұрын жоспарланып, әр тоқсанға бөлініп қойылуы керек. Ән үйрентуде. Музыка тыңдауда есте сақтайтын жай, әр тоқсанның мазмұнына сай әнді үйретіп, м узыка тыңдауды осы тәсілмен жасаған жөн. Дегенмен мұғалім оқу барысында әртүрлі жағдайға сәйкес кейбір әндерді музыкаларды қосымша етіп бергісі келгендіктен бағдарламадан тыс әндер береді. Мысалы:әртүрлі мерекелерге қатысты, жаңа жыл, наурыз, аналар күні, жеңіс күні т.с.с.

Бағдарламаға енгшен әндердің көркемдік жағын оқушының түйсігіне жеңіл жастық дауыс ерекшеліктерін еске алып іріктеп алған жөн. Апта сайын сабақ қайталанып тұратындықтан, мұғалім келесі сабақты қайталай бермей, соңғы сабақты соның жалғасы ретінде жоспарланса, әртүрлі методикалық тәсілдермен сабақ ұтымды, нәтижелі болуы сөзсіз.

4 Лекция.

Тақырыбы: Музыкалық білім берудің әдістемесі, оның сапасын бағалау (квалификациясы) Оқушыларға музыкалық білім беруде негізгі міндеттерін оқытудың әдістерімен тәсілдерініңің байланысы.
Жоспар:


  1. Музыкалық білім берудің міндеттерін шешуде педагогикалық тәсілдер, әдістер комплексі ретінде метод (әдіс) туралы түсінік.

  2. Әдістер спецификасы. Олардың музыканы оқытуда алға қойылған мәселелеріне жетуге, оқушылардың шығармашылақ қабілеттерінің дамуына бағыты.

  3. Әдістердің сапасын бағалау, олардың музыкалық білім берудегі негізгі міндеттерінің байланысы.

Музыкалық тәрбие беруді оқыту әдістерін тиімді қолдану педагогтық кәсіптік шеберлігіне байланысты. Мұғалім баланың ой - өрісін эмоциясын дамыта отырып музыкаға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын әрі қарай дамытады. Балаларға музыкалық тәрбие беру әдәстері музыканың ерекшелігіне байланысты түрліше болып келеді мысал: Мұғалім балаларды музыкалық шығармамен таныстырғанда, бірінші әңгімеден бастайды, немесе композитордың басқа да таныс шығармалары туралы сұрақтар береді. ( сөздік әдіс ) , әңгіме барысында таныс музыкадан үзінді орындайды / есту көрнекілігі / музыканың шығу тарихымен таныстырады, / сөздік әдіс /. Балаларға музыкалны магнитафон лентасына жазып тыңдатады. / есту көрнекілігі әдісі /. Балалар түрлі тапсырмалар орындайдыТүрлі музыка тыңдай отырып оларды салыстырады және талдайды. / есту көнекілігі әдісі, салыстыру әдісі /, шығарманың идеясы атнықтайды қортындылауәдісі/.

Музыка сабағында әр дайым эмоционалдық және шығармашылық атмосфера тудыру керек. Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту үшін, нәтижелі жұмыс жүргізіп табысқа жетуіне жағдай туғызу керек. Мысал: балалар бар ынтасымен жұмыс жүргізіп де ойдағыдай нәтиже болмағанда мұғалім эмоционалдық танысуын көтеріп отыруы керек, кейбір оқушы ән айтуда немесе өз бетінші жұмыс істеуде өз күшіне сенбейді. Осы кезде оқушылар әр дайым қолдап отыру керек. Балалардың жұмысын дұрыс бағалау және оларды мақтап мадақтап, көңілін көтеру сабақ үстінде балалардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сабақ барысында жүргізілетін әр түрлі ойындар балалардың музыкаға деген қызығушылығынарттыра түседі. Мысалы мұғалім қыздарға қуыршақ берем оны бесік жырын айтып ұйықтайтынын сұрайды. Ал ұл балдар аңшылар мен қояндар ойынын ойнағанда бір топ балалар батыл болып аңшылар рөлін ал екінші топ қорқақ қояндар рөлін бейнелейді.


Музыкалық тәрбие беруде оқытудың алуан - түрлі әдістері бар,

  1. Әсерлендіру әдісі

  2. Таңдандыру әдісі

  3. Мәнерлеп орындау

  4. Сөздік орындау

  5. Үйрету әдістері.

  6. Көрнекі құралдар қолдану әдістері.

  7. Ойын әдістері

  8. Көрсету мен есіттіру әдістері

  9. Салыстыру әдістері

10. Проблесиалық әдіс.

5 Лекция.


Тақырыбы: Сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбие

Ұйымдастырушылық насихаттаушы жұмыстар.
Жоспар:

  1. Музыкалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің сабақтастығы. ( музыка сабақтарымен сыныптан тыс жұмыстар.)

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы : үйірмелер (хор, орекстр, ансамблдер); жаннай көпшілік (массовой) формалары (лекция-концерт, мерекелер, мәдени тұнығу)

Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөлуге болады.

1.Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие .

2. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық трбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болукерек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, корнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.

Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекцмя-концерттер ұйымдастыру.

Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.

Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Мысалы: 1-2 сыныптар, 5-6 сыныптар, 10-11 сыныптар т.б.

Лекция-концерт жүргізуші өздерінің жүргізетін тақырыптарын жақсы біліп қана қоймай сахынада өзін -өзі ұстау шеберлігіне дұрыс сөйлей білуге жаттығуы тиіс. Лекция-концерттерді өткзуге әртүрлі мазмұнда тақырыптарды алуға болады. Ол тақырыптар оқушыларға немесе жалпы тыңдаушыларға түсінікті болу керек. Одан өзге әр аспаптың шығу тарихы өзіне тән ерекшелігі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы, музыкалық бейнелеу және мәнерлеу мүмкіндігі, музыка тілі т.б. тақырыптарды алуға болады.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік (массовой) формалары, мерекелер, мәдени тынығу. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы, соның бір саласы музыкалық театр ұйымдастыру. Ол үшін балаларды музыкалық спектакльдердің теориясымен практикасымен таныстыру, режиссура негіздерін игерту қажет. Ал мектепте халық аспаптар оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап репертуар таңдау.

Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігн дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.

№6 лекция

Тақырыбы: Музыка мұғалімінің

басты практикалық жұмыстары.

Жоспар:


  1. Жалпы білім беретін мектептегі музыка бағдарламасына шолу.

  2. Музыкалық өнерді сабақтың барлық кезеңіне оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері.

  3. Оқушының өмірлік және музыкалық тәжірибесіне, қабілетіне, қызығушылығына байланысты музыкалық білім беру әдістемесі.

Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді басынан өткізді. Қаншама жылдар ғасырлар бойы қазақтың сазды әні күмбірлеген күйі елден елге, ауыздан ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірге жаңа мәдениетке көтеріліп, мектептегі қазақ балалары “әнкүй” сабағының үстінде “Музыкалық әліппе” пайдаланатын болды. Тұңғыш 1933 жылы қазақ тілінде “Музыка әліппесі” деген атпен еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған Ахмет Жұбанов баспадан оқулық шығады. 1950 жылдары “Ән-күй” сабағына арналған жинақтар, домбыра үйрену мектебі, оркестрді қалай ұйымдастыру туралы оқулықтар, хорды басқару, “Ән музыкасы”, “Ән әліппесі”, “Ән музыка сабағы” атты санаулы оқулықтар, методикалық нұсқаулар шыға бастады. Бұдан соң “Ән-күй” сабағының оқу бағдарламалары ретке келтіріліп, “Музыка” сабағы деп өзгертілді. Бұл салада елеулі еңбек еткен өнер ғылымының докторы академик А.Жұбанов, композитор Л.Хамиди өнер ғылымының кандидаты Б.Ғизатов, музыка зерттеушілері Х.Тастанов, Ө.Байділдаевтар осы еңбектің авторы. Қазақ мектептарінің бағдарламасына тоқталатын болсақ, ол көркемөнер тәрбиесі ғылыми-зерттеу институтының бағдарламасы негізінде жасалған, біраз ұлттық шығармалар енгізілген.

Бағдарлама 1980 жылға дейін өзгеріссіз бірнеше басылым көрумен бірге 1998 жылдарға дейін мектеп мұғалімдеріне қызмет көрсетті. Алайда біздің ойымызша бұл бағдарламада бірқатар олқылықтар кездесті. Үйрену және тыңдау үшін іріктеліп алынған қазақ халқының музыкалық шығармаларының тізімі біртектес болып, үйренуге оңай болу принциптері ескерілмеді. Сол кездегі опера өнерінің балалар хор ұжымдарының орындалуындағы әндердің шетел композиторларыны шығармаларының күйтабақтары аз ұсынылды. Бұл мәселені шешуде факультативтік курстардың: музыка, өнер, эстетика және т.б. да үлесі болды.

Біздің жоғары дәуірімізде мектеп жастарын адамгершілік рухта тәрибелеу жолында мектеп өмірінің , мектептегі әрбір сабақтың , соның ішінде музыка сабағын өткізудің ерекше маңызы бар. Мектептің барлық сабағы секілді музыка сабағында да оқушылырға адамгершілік тәрнбие берудің негзгі мақсаттарын жан-жақты қамтып, оларды білімді, жоғары идеялы, жігерлі етіп тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Жасөспірімдердің музыка туралы және өнердің барлық салалары туралы түсініктерін байқау және оларың шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту мәселелері көбінесе музыка сабақтарында іске асырылып отырады мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең.

Жалпы білім беретін мектептегі музыка сабағының оқу бағдарламасында “оқушылардың көркем өнерге сүйіспенілігін арттыру, оның ішінде музыкалық тәрбие беру, музыкалық сезімталдығын кеңейту, және талабын байқау, есту қабілеттілігі ырғақтық ссзімін, музыкаға деген ынта ықыласын дамытып өрістету” мақсаты көрсетілген. Музыка сабағының оқу бағдарламасы үш бөлімнен тұрады.: Әнді айтып үйрету, музыка сауаты және музыка тыңдау болып табылады. Музыка саьбағының бағдарламасында оқушылырды жастарына сай , көлемі шағын халық әндерімен, сонымен қатар қазақ композиторларының дауысқа арнап жазылған әндері, басқа халықтардың шығармашылығымен таныстыру қарастырылған. Оқу бағдарламаның басты міндеті оқушыларға әнді жалпылама хорға қосылып үйретуге негізі етіп алады. Өйткені хорға қосылып ән салу жүйесінде оқушылардың музыкалық қабілеттілігін дамыту міндеті жүзеге ойдағыдай асырылады, олардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы күшейе түседі.

Мектеп жасындағы балаларды Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу үшін музыка сабаының мұғалімі айтатын тыңдайтын әндерді бағдарламаға сай іріктеп алады. Бұ жағдайда тек қазақ әндері емес, басқа да халықтардың ән музыка қазынасын қоса пайдаланған дұрыс. Мыалы; осы бағдарлама бойынша 1 сыныпта: Ө.Байділдаевтің, Б.Ысқақовтың сөзіне жазылған “Менің Отаным” атты әні Отанды сүюге, бауырмалдыққа жастарды тәрбиелеп баулиды. Композитор Жамбыл облысының Қордай ауданында туып – өскеннен, 1954 жылы Алматы концерваториясын домбыра мамандығы бойынша бітіргендігін айта келіп, оның балаларға арналған шығармалары өте көп.

Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибелерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру үшін музыка сабағындағы балалар шығармашылығына жол берген жөн. Бастауыш сынып оқушылары қиялшыл болып келеді. Мысалы: ертек айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық ырғақтық қимылдар жасағандада дауысты, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады.

Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәніндегі өнер деп қарауға болмайды, ол – балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене отырып, балалар өздері байқамаған жаңалықты ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор. Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуы бойыша, шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса, оқушының музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б.Асафьев: “шығармашылық” балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды” – деп жазады.

Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплев болса, “шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді”-деп көрсеті

Шығармашылық қарапайым ән әуендерді айтқанда, ұсынылған сөз текісіне ән шығарғанда, металлофонда немесе дауыспен әр түрлі сиппатағы музыканы орындағанда ( марш, би, күй, вальс, полька т.б.) музыкамен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, белгілі бір музыкаға ырғақ ойлаптапқанда, музыка туралы туралы пікір алысқанда, әнді орындауда өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді.

Шығармашылық әрекетке жоғарғы сынып оқушыларын да тартуға болады. Ол тек музыка туралы пікір алмасумен , шығарманы мәнерлеп орындаумен шектелмей, шын мәнінде, шығармашылық қабілет танытатындай болуы керек.

№7 лекция.

Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектепте (1-8 сыныптар) музыкадан

Д.Б.Кабалевскийдің басшылығымен жасалған бағдарлама.
Жоспар:


  1. Музыкадық материалдың сипаттамасы, оны іріктеудің принциптері.

  2. Сабақтың тұтастығын ұйымдастыруға жеткізетін маңызды принцип ретінде бағдарламаның тақырыптығы.


Д.Б.Кабалевский балалар композиторы. Ол балаларға арнап бірнеше шығармалар, әндер жазған. 1973 -1981 жылы Москва қаласының бір шетінде музыка пәнінен сабақ беріп сол сабақ беру мақсатында өзінің практиакда бірнеше эксперимент жүргізеді. Кабалевский мектепке қандай жолмен келеді, оның мақсаты не еді? Ол жаңа бағдарлама жасау мақсатында тарылмай шаршамай еңбек етті. Бұл жаңа бағдарламаның мақсаты балаларға музыканың не екенін қайдан шыққандығын және музыканың ең көлемді жанрларына тоқталып балаларды жан – жақты тәрбиелеу болатын.

Музыкалық тәрбие беру салаларында Кабалевский бағдарлама жазып қана қоймай ол балаларға түсінкті болу үшін көптеп көрнекілік құралдар да жасады. Олардың арасында күйтабақтар кездеседі. Балалар және жасөспірімдер арасындағы “Музыка не айтады” атты күйтабақ және мынадай тақырыптарда кітаптар “Балаларға музыканы қалай жеткізуге болады”, “Как раскрывать детям о музыке” “Пра трехтитов и пра многое другие” жазды.

Д.Б.Кабалевскийдің бағдарлама тақырыптары.

1 сынып. 1 тоқсан-“Три кита” в музыке- песня, танец, марш.

2 тоқсан. О чем говорит музыка

3 тоқсан. Куда ведут нас “три кита”

4Что такое музыкальная речь



2 сынып.

1 тоқсан.Песня танец и марш перерастают в песенность, танцевальность и маршевост

2 тоқсан. Интонация

3тоқсан. Развитие музыки

4 тоқсан. Построение (формы) музыки

3 сынып.

1 тоқсан.Музыка моего народа

2 тоқсан.Между музыкой моего народа и музыкой других народов моей страны нет непереходимых границ

3 тоқсан. Между музыкой разных народов мира нет непереходимых границ.

4 тоқсан. Композитор-исполнитель-слушатель.

4 сынып.

Первое полугодие-Музыка и литература.



  1. тоқсан. Что стало бы с музыкой, если бы не было литературы.

  2. тоқсан. Что стало бы с литературой если бы не было музыки

Второе полугодие – Музыка и изобразительное искусство.

  1. тоқсан. – Можем ли мы увидеть музыку.

  2. тоқсан – Можем ли мы услышать живопись.

5 сынып.

Первое полугодие – Преобразующая сила музыки.

Второе полугодие – В чем сила музыки?

6 сынып.

Первые полугодие – Музыкальный образ.

Второе полугодие – Музыкальная драматургия.

7сынып.

1. тоқсан. Что значит современность в музыке.

2.тоқсан. Музыка серьезная и музыка легкая.


  1. тоқсан. Взаимопроникновение легкой и серьезной музык.

  2. тоқсан. Великие наши “современники”.

Бағдарламаның бағыты оқушылырды музыкаға қызықтыруға, тыңдаған әнін өз бойына сіңіруге негізделген. Кабалевскийдің “Алға шығып кету және өткенге оралу” әдісі осы бағдарламада кеңінен қолданылады. Педагогикада бұл әдіс ұтымды және ыңғайлы боп шешілген бұның қолайлылығы болашаққа ұмтылу, ыңғайлылығы өткен шақты көре алу және ережеде кездескен алдына қарай ұмтылу және келешекте сол жерде шешілмеген әдіс - тәсілді жаңартылған түрде қолдану.


№8 лекция.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет