Лекция № Кәсіби бағдар кешенді ғылыми пән ретінде


Лекция № 5. Тиімді кәсіби өзін-өзі анықтау шарттары



бет5/14
Дата27.11.2022
өлшемі195,4 Kb.
#160060
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Кәсіби диагностика негіздері пәнінің лекция жинағы

Лекция № 5. Тиімді кәсіби өзін-өзі анықтау шарттары
Қазақстан экономикасы мен инфрақұрылымының индустриалдық – инновациялық дамуы еңбек ресурстарын жаңа технологиялық нысан үлгілерімен жетілдіре, өнім түрлері мен оның сапасын арттыруға қарқынды іс-әрекеттер адамның еңбегімен, анық айтсақ, білікті мамандардың үлесімен орындалады. Сондықтан, қоғамдық қатынастардың еңбек ресурсының жетекші құралы - маман, оның интеллектуалдық ойлауы, шығармашылық қабілеттері, тұлғалық қасиеттері мен кәсіби іскерлігі өмірге жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасауға және жетілдіруге бағытталады. Осыған сәйкес, қоғамның инфрақұрылымында сапалы қызмет ететін, еңбексүйгіш, кәсіби сауатты, жауапкершілігі жоғары, қиындықтарды шеше алатын іскер мамандардың қажеттілігі туындауда.
Мамандықты таңдау адам өміріндегі тағдырды таңдаумен тең. Адам кәсіби өмір жолын дұрыс таңдау, оның қоғамдық құндылығымен байланысты болып табылады. Өйткені, адамның таңдаған еңбек түрі қоғамдық қажеттілік пен адамның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады. Өзінің рухани құндылығын байытып дүниеге көзарасын позитивті өзгертеді. Салауатты, бақытты және игілікті өмір сүруге ұмтылдырады. Маманның осы құндылықтары мен өмірлік қоры үздіксіз саналы еңбектенуіне, ізденіс пен шығармашылықта қоғамға үлес қосуға негіз бола алады.
Мұндай қасиеттегі болашақ мамандарды даярлау міндеттерін шешуден бұрын, жастар мен мектеп оқушыларының еңбекке деген позитивтік қатынастарын орнықтыру, саналы кәсіби өзін-өзі анықтау, кәсіби және әлеуметтік өмір жолын таңдау дайындығын педагогикалық үдерісте мақсатқа сай шешу міндеттері көзделеді.
Мектеп қабырғасында кез-келген оқушы өзінің болашақ мамандығын сенімді және дұрыс таңдауын шешуге жетелейтін, қолдау жасайтын мектептің пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар, әлеуметтік серіктестіктегі қоғамдық ұйымдар мен мекемелер болып табылады.
Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған педагогтардың кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру іс-әрекеттерінде, әр қашан олардың кәсіби қызығуы, кабілеті, сұранысы, икемділігі сияқты жеке даралық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізіледі.
Мектеп түлектері мамандықты таңдау кезеңінде көптеген мәселелер туындайды. Кейде олар қарама-қайшылық күйлердің пайда болуына алып келеді. Ата-аналар өзінің баласының болашағын ойлауында, оның сұранысы мен тілегін, пікірі мен қабілеттерін ескермей, мамандықтың әлеуметтік ортадағы мәртебесіне және жақсы табыс әкелуіне назар аударады. Оқушылардың өздері мектеп бітіру қарсаңында кәсіби өмір жолының бағытын сәйкестікте таңдамай, жиі достарының, құрбыларының ұсыныстарына және идеал тұтқан тұлғалардың тағдырына қызыға әуестенуі әсер етеді.
Мектеп түлектерінің кәсіби еңбек түрін таңдаудағы тағы бір проблема – ата-аналар мен оқушылардың мамандық туралы мәліметтерінің жеткіліксіз болуы болып табылады. Оқушылар мамандықты таңдау кезеңінде олар көп жағдайда кез-келген мамандықтың еңбек мазмұнына көңіл аудара бермейді.
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауын талдай келе мамандықты таңдау мотивін мынандай түрлерге бөлуге болады екен: жалпы мотив; мамандықтың романтикасы; танымдық сипаттағы мотив; мамандықтың қоғамдық мәнділік мотиві; үлгілерге сілтеме; мотивтенбеген таңдау.
Барлық мотивтердің сипаты төрт топқа бөлінеді: еңбек іс-әрекет бағытын мақсатқа сай таңдауын негіздеу мотиві, анықтығы және дәлелдігі; уәждеуі анық емес, мотивінің жеткіліксіздігі; уәждеудің сенімсіздігі, дәлелсіздігі; ешбір дәлелденбеген уәждеу.
Оқушылардың мамандықты таңдауы олардың қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Сол қасиеттерінің бірі оқушының икемділігі. Икемділік түсінігін объектіге белсенділік, түрлендіруші негізінде қозғыштығын айтады.
Егер адамның осы бір еңбек саласы (оқу немесе еңбек) бойынша белгілі бір нәтижелерге жетуге ұмтылатын болса, онда сол іс-әрекетке қабілетінің болуын сипаттайды. Іс-әрекет барысындағы қабілеттің байқалу белгілеріне жаңа оқу материалын жеңіл меңгеруі, іскерлікті тез жетілдіре алу, іс-әрекет бойынша жоғары жетістіктері кіреді. Кәсіби бағдар мақсатында оқушылардың қабілеттерін айқындау туралы мәселеде, олардың мектеп бағдарламасы бойынша білімді меңгеру емес, белгілі бір мамандықты игеруі де ескеріледі.
Қабілет – ол адамның психологиялық ерекшеліктері, одан білім, білік және дағдыны меңгерудің табыстылығы тәуелді болады, бірақ, осы білім, біліктің болуы жеткіліксіз. Қабілет іс-әрекетті орындау барысында тәсілдерді және приемдарды адамның тез, терең және берік меңгеруімен анықталады.
Оқушының қабілеті бойынша, оның осы қасиетіне қандай мамандық жақын, қандай түрі бойынша ерекше жетістіктерге жетеді, қандай еңбек түрі толық сәйкес келмейтінін анықтауға болады. Мұндай тұрғыдағы қарастырылған мәселе зерттеушілерге, ғалым-педагогтарға материалдық алғышарттарды, физиологиялық процестерді қарастыруға мүмкіндік тудырады. Осы шарттармен қамтамасыз етілген адамның өзі таңдаған немесе басқа еңбек түрі бойынша кәсіби қабілеттері дамуы мүмкін. Адамның бойында осы материалдық белгінің болуын ғалымдар нышан деп атайды. Нышанның дамуына үлкен әсер ететін қоршаған орта болып табылады.
Олай болса, адамның нышаны мен қабілетін айқындау арқылы оның белгілі бір мамандық түрлеріне жақын екендігін көруге болады. Өкінішке орай, оқушылар өзіне жақсы мамандық түрлерін айқындау мақсатында әділ өзін-өзі талдау жүргізбейді. Оған қарама-қарсы ұсыныстар, пікірлер(ата-ана, достар, құрбылар, сынып жетекшісі, педагогтар) ықпал етеді. Соңғы категориядағы адамдар оқушының нышаны мен қабілеттерін анықтауға біліктіліктері жетеді. Оқушының кәсіби бағдар мәселесі бойынша проблемаларды шешуге көмектесетін психологтар арнайы тесттер, тапсырмалар, тренингтер орындатумен, оның нышаны мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндіктері жеткілікті.
Бірақ, болашақ мамандықты таңдауға әсере ететін басқада факторлар бар. Оның мәнді бір түрі – тұлғалық қасиеттер. Оның түрлеріне темперамент кіреді.
Темперамент деп жетілген жастың әр түрлі іс-әрекеттің мазмұнына, мақсаты мен мотивтеріне тәуелді болмай, бірдей белгіленетін адам психологиялық іс-әрекеті динамикасын анықтайтын жеке дара тұлғаның қасиеті, психикасы.
Оқушының өзін-өзі анықтау, қабілеттер мен нышанды, темперамент пен мінез - құлықты анықтау қарапайым әрекет емес. Мамандықты таңдау проблемасын шешу кәсіби бағдар жұмысы болып табылады. Кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру, жүргізу және оқушының кәсіби бағдарын анықтау мекептің педагогтарының, психологтарының құзыретінде.
Кәсіби бағдар – қоғамның мүддесіне еңбек ресурстарын толық бөлу қажеттілігі мен әр бір тұлғаның жеке дара ерекшеліктерін ескере, жастарды еркін және өзбетімен мамандықты таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Адамның кәсіби дамуы мен өмір жолы тұлғаның өзін-өзі жобалау үдерісімен байланысты болып мына үш сатыдан өтеді: өзін –өзі анықтау; өзін-өзі бейнелеуі(сынауы); өзін-өзі жүзеге асыруы.
Әрбір адамның өмірінде білім алу немесе қайда барып жұмысқа тұру сәті түскенде, оны шешу қажет етеді. Яғни, мамандықты таңдау мен өмір жолын анықтау. Қоғамның кез-келген азаматы мамандық таңдау, жұмыс түрін таңдауға құқылы. Бірақ, осы таңдау тәжірибеде кейде қиындықтар туғызады. Біріншіден, мамандықтарға қойылатын талаптар туралы адамның білімінің жоқтығы, екіншіден, өзінің меншікті қабілеттерін, қызығуы мен икемділігін бағалай алмауында. Адам өзінің өмірлік жолын жоспарлау кезінде адамзаттың мәдени өмірімен салыстырмалы түрде қатынасқа түседі. Осы міндет кәсіби өзін-өзі анықтау міндетімен түйіндеседі. Кәсіптік өзін-өзі анықтауы – мектеп бітіруші өзінің мамандығын саналы және нақты таңдау даярлығы. Кәсіби даярлық – мектеп бітірушінің мамандықты нақты таңдауға даярлығы, орта мектепте жоғары оқу орнына түсуге дейінгі даярлығын қамтиды.
Кәсіби өзін-өзі анықтау нақты еңбек әрекетіне субъектілік қатынастарын қалыптастыруды, еңбек нарығында икемділікті, оған бағдарлануы мен оның өзгерісіне дайындық іскерлігін көздейді. Кәсіби өзін-өзі анықтау тұлғалық өзін-өзі анықтаудың бір бөлігі. Тұлғалық өзін-өзі анықтау мамандықты таңдаумен байланысты. Онда тұлғалық өзін-өзі анықтау «екі жоспарда» болуы мүмкін, бірінші, нақты мамандық пен өмірін жоспарлау анықталса, екінші, өзінің өмір сүруінің мәнін іздестіру.
Кәсіби бағдарды таңдау ең бастысы пәндік қызығуға негізделеді, яғни, білімнің немесе еңбек түрінің бір түріне. Саланың түрін таңдау оқушының саналы қабілеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты болуы керек. Сондықтан, мамандықты таңдауда мына үш шартты сақтау қажет: оқушының пәндік қызығуымен таңдаудың сәйкес келуі; өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін түсіне білуі; өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалай білуі.
Н.В.Тутубалина өзінің еңбектерінде кәсіби бағдарға мынандай негіздеме береді: қазіргі кезде еңбек ресурстарын тиімді падалану мәнді емес, керісінше, өндірістің, сауданың, қызмет көрсету салаларының және басқа экономикалық іс-әрекеттердің даму факторы болып табылады. Кәсіби іс-әрекеттің тиімсіздік себептері біршама көп, солардың бір бөлігіне қызметкерлердің физиологиялық, психикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен (80% және одан жоғары) тікелей байланысты. Сондықтан, жасөспірім шақтан бастап оқушылар өздерінің кәсіби қызығуын, бейімділігі мен икемділігін, қабілеті мен денсаулық күйін, білімі мен біліктерін және дағдысын анықтауы абзал. Осы проблемларды шешуге ықпал ететін кәсіби бағдар жұмысы. Бұл қоғамның ерекше формадағы қамқорлығы, олардың кәсіби қалыптасуын жетелеу, қолдау жасау мен табиғи дарындылығын дамыту.
Кәсіби бағдар жүйесін қоғамдық дамуының әр бір кезеңінде әр түрлі міндеттер қойылған екен. Өткен ғасырдың 1930 жылдары жастарды жұмысшы, инженер және әскери мамандықтарды таңдауға кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастыру басым жүргізілсе, 1950 жылдары жұмысшы мамандықтарға, 80 жылдары ауылшаруашылық, педагогикалық, инженерлік, өндірістің негізгі және көмекші бөлімдеріне жұмысшы, қызмет көрсету саласының мамандықтарын дайындауға кәсіби бағдар жұмыстары қарқынды жүргізілген екен.
Кәсіби бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын негізделінген мамандықты таңдауға оқушыларды дайындау болып табылды. Осы жалпы кәсіби бағдардың әдіснамалық мақсаты аясында әр бір аймақ, аудан өздерінің жергілікті ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, шарттары мен кадрларға мұқтаждығы аясында жергілікті мақсат пен міндеттер анықталып отыруды көздейді. Белгіленген мақсат пен міндеттердің жүзеге асырылуы әр бір бағыт бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасына тәуелді болды.
Міне, сондықтан, мамандықты таңдау процесін ұйымдастыру мен кәсіби бағдар жұмысын жүргізу педагогтың немесе сынып жетекшісінің үздіксіз және жүйелі еңбегімен бірге, ұсынысы мәнді ықпал етеді. Ол мұғалімнің педагогикалық ұсынымы оқушының жеке ерекшеліктерін және жергілікті аймақтың мамандық түріне қажеттілігі арасындағы байланыстың орнықты болуына негізделе ұсынады.
Мамандықты таңдаудың табыстылығы оқушының кәсіби және тұлғалық даму жоспарымен бірге қоғамдық қажеттілікпен келісумен де анықталады. Сондықтан, неғұрлым қазіргі қоғамның мамандық кадрларға қажеттілігі жоғары болса, онда кәсіби бағдар тиімді жүзеге асырылады. Олай болса, қоғамдық ортаның мамандарға қажеттілігі мен шынайы мамандық түрін таңдау арасындағы тепе-теңдік кәсіби бағдардың тиімділік критериясы қызметін атқара алады.
Егер оқушылар өзінің кәсіби өмірі мен өзін-өзі анықтауы жоспарлы жүріп жүзеге асырылуы, кәсіби бағдардың тиімділік көрсеткіші бола алады, егер, ол жергілікті аймақтың қажеттілігін ескеру шартымен ұштасатын болса.
Олай болса, кәсіби бағдар жұмысының тиімділігін анықтаудың басты критериясына оқушылардың кәсіби оқу орындарына түсу мен ол мамандық түрлерінің жергілікті аймақтың қажеттілігін қанағаттандыру арасындағы тепе-теңдік сақтау орнықтылығын қалыптастыру болып табылуы қажет.
Қазіргі қоғамдық қажеттілік, сұраныс пен білім алушылардың мәртебелі мамандық түрін таңдауындағы әлеуметтік құбылыста жоғары білімді маман иелері өзінің кәсібі бойынша жұмысқа тұру қиындықтары артуына себеп болып, қоғамда әр бір үшінші жас маман жұмыссыздықтар қатарына қосылуына алып келіп отыр.
Қазіргі Қазақстанның жалпы орта білім беру саласында оқушылардың кәсіби өмір жолын таңдауға ықпал ететін, олардың қызығуы мен қабілеті, икемі мен сұраныстарын қанағаттандыруға сәйкес саралап және даралап оқытудың идеясы негізінде білім берудің мазмұнын жаңарта отырып, оқушылардың қоғамдық еңбек түрлеріне сәйкес мамандық түрлерін таңдауға бағытталған бейіндік оқытуды жүзеге асырудың екінші кезеңінде жоғары саты оқушылары ның кәсіби өзін-өзі анықтауы мен тәжірибеде сынау іс-әрекеттері мектептің оқу-тәрбие үдерісі жүргізіліп келеді[5].
Қорыта айтқанда, білім беру саласында оқушыларға кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру, олардың жеке дара ерекшеліктеріне негізделе отырып, дербес кәсіби қызығуы мен қабілеттері өзін-өзі анықтауға педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіби таңдауын жергілікті еңбек ресурстарына бағыттай отырып, сол аймақтың еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қарқынды, үздіксіз педагогикалық жетелеулер мен қолдаулардың құралдарын, формаларын және жаңа әдіс-тәсілдерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде өнімді қолданумен оқушы тұлғасы мен қоғамдық қажеттіліктерді тепе-теңдікте сақтай орнықтыруды мақсат етуі абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет