Лекция № Кәсіби бағдар кешенді ғылыми пән ретінде


Лекция № 8. Профессиография



бет8/14
Дата27.11.2022
өлшемі195,4 Kb.
#160060
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Кәсіби диагностика негіздері пәнінің лекция жинағы

Лекция № 8. Профессиография
Еңбек психология саласында психологтың іс-әрекет аспектісі нақты психологиялық іс-әрекетті зерттеу болып табылады. Профессиограмма – әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-технологиялық, санитарлы-гигиеналық, психолгиялық және басқа мамандықтардың ерекшелігін сипаттау.
Психограмма – адам психикасына қатысты мінездік талаптар тізімі. Профессиографияның принциптерін алғаш көрсеткен психологтың бірі-К.К. Платонов. Көрсеткен принциптері:
Мақсатқа бағыттылық
Жеке тұлғалық
Сенімділік
Дифференциациялық
Типизациялық
Реалдылық
Принциптің жақындылық комплексіне келесілер жатыды:
Өндірістік мінездеме
Экономикалық көрсеткіш
Әлеуметтік және психологиялық мінездеме
Білім мен іскерліктің көлемдік тізімі
Гигиеналық мінездеме
Медициналық тыйым салу әрекеттің тізімі
Психограмма
Профессиограмма құрылымы мамандықты оқу және зерртеу, соның негізінде іс-әрекеттің қасиеттерін тану. Бұған:
Кәсіптік сұрыптау
Кәсіптік бағдар
Кәсіптік консультация
Өндірісік оқыту
Еңбек шарты
Режимнің рационализациясы–жатады.
Мамандықты психолгиялық зерттеу әдісі – бұл кәсіптік орта ерекшеліктері сұрау туралы жиналған ақпарат. Әдістер:
Сұрау
Бақылау
Эксперимент
Профессиографиялық әдістер
Құжатты талдау. Өндірістің технологиялық кітаптарымен, мақалалармен, лауазымдық нұсқаумен және басқа жазбалыққұжаттармен танысу жатады. Еңбектің режимі мәселелері туралы терминология маманды бақылаған кезде бақылау жаспарын құрастырады көмектеседі.
Сұрау әдісі. Ауызша сөйлесу немесе анкета формасында жүреді. Осы тәсілдің қиыншылығы толық мәлімет ала алмау, сол үшін қойылатын сұрақтар әрі қысқа, әрі нұсқа болуы шарт.
Анкета жүргізу. Қойылатын сұраққа жазба жауап алу. Анкетаны екі типте жүргізуге болады: ашық жауап және таңдаулы жауап. Бұл әдіс көбінесе қосалқы әдіс ретінде жүріп отырады.
Бақылау әдісі. Іс жүзін бақылау іс-әрекет формасын, тәсілдерін және басқа критерийлерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл әәдістің негізгі принциіпі – салыстыра қарау. Бақылау әдісінде зеттеуге қажетті құрал-жабдықтар қолданылады.
Өзіндік бақылау және өзіндік есептеу әдісі. Өзіндік бақылау профессиографиясы екі формада өтеді:
Маманның өзіндік есептеуі
Психологтың өзіндік бақылауы
Бірінші формада маман өзіндік әрекетін сыртқа дыбыстап алу мүмкіндігін алады. Екінші формада психолог сол мамандықты тереңдеп оқып, зерттейді және бұл әдіске еңбектік әдіс деген атау берілді.
Эксперименталды әдіс. Эксперимент профессиографияда құрылған психограмманы талдау және тексеру негізінде жүреді.олар анкета, арнайы құрал-жабдықтар арқылы зерттелінеді.
Эксперименттің рекшелігі ретінде қысқа мерзімде өндірістік процеске әсер етпей бір нақты максималды ақпарат жинау болып санады. Кәсіптік дайындық прооцесі кезінде болашақ маман кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір қасиеттер тренировка негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады:
Жеке тұлғалық қатынас
Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві
Еңбектік ұстаным
Өзіндік баға
Талаптану деңгейі
Саналық және мақсатқа бағытталған іс-әрекет негізі дағды және іскерлік. Е.А.Милерян іскерлікті келесідей классификациялайды:
Танымдық
Жалпы еңбектік политехникалық іскерлік
Конструктивті-техникалық
Ұйдастырылған-технологиялық
Операционды-бақылаушылық
Осы классификация арқылы әр мамандықтың іскерлік деңгейін анықтуға мүмкіндік береді. Ю.З.Гильбух «адам-машина» системаның ақпаратты өңдеу деңгейлері мен іскерлік бірлігін классификациялады. Ол барлық еңбектік іскерлікті үш үлкен топқа бөлді:
Ақпарат алу іскерлігі
Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі
Өңделген ақпаратты тасу іскерлігі
Ақпаратты қабылдау іскерлігі тобына: сенсорлы, перцептивті, аттенционды жатады. Сенсорлы іскерлік жекеленген заттық қасиеттерді және еңбектік процесті қабылдау ақпараты жатады. Олар бірнеше түйсіктен жасалады: көру, есту, сипап-сезу, вибрационды, дәм сезу т.б.Перцептивті іскерлік анализатор арқылы заттың және еңбектік процесінің кеңістік-уақыттық қасиеттерін тұтастай қабылдауға көмек береді. Перцептивті іскерлікпен аттенционды іскерлік байланыста. Олардың көмегімен кәсіптік керек ақпарат мақсатқа бағытталуымен қабылданады.
Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: мнемикалық, ойшылдық, имажитивті жатады. Оператордың мнемикалық іскерлігі естің екі типімен байланысты: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес. Оперативті ес қабылданған ақпаратты қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Ойшылдық іскерлік кезінде ақпаратты өңдеу процесі жүреді және олар оперативті, ұзақ мерзімді есте сақталынады. Имажитивті іскерлік оператормен қабылданбаған заттың не құбылыстың кейіпін құрады. Сонымен ол туыстық заттардың не құбылыстың ұсынысына сүйенеді. Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: сенсомоторлы және перцептивті-моторлы іскерлік жатады. Осының көмегімен перцептивті-моторлы әрекеттерді координациялық түрде істей алады. Еңбектік оқытудың мақсаты – іс-әрекеттің өнімділігін, сапасын және жылдамдылығын қалыптастыратын дағды туғызу. Дағды қалыптасуының төрт деңгейі бар:
Алдын алу
Аналитикалық
Синтетикалық
Автоматизациялық
Алдын алу дағдысы деңгейінде барлық ақпараттан керекті ақпаратты талдап алу жатады. Аналитикалық дағдысы деңгейінде қозғалыстың күші, көлемі және ұзақтығы ажыратылады. Синтетикалық дағдысы деңгейінде әрекеттің жеке элементтері қосыла отырып, бір тұтас сенсорлы жазықтық құрайды. Автоматизациялық дағдысы деңгейінде артық қозғалыстан арылытады. Қозғалыс бақылауы көруден сипап сезуге өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет