Лекция № Тақырып : Кіріспе. Визуалды коммуникация ұғымы және оның аспаптық құралдары. Сұрақтары



Дата08.02.2022
өлшемі33 Kb.
#118794
түріЛекция
Байланысты:
№ 1


Лекция № 1.
Тақырып: Кіріспе. Визуалды коммуникация ұғымы және оның аспаптық құралдары.
Сұрақтары:

  1. Дизайн түсінігі. Дизайн тарихы. Дизайн принциптері.

  2. Графикалық дизайн бағыт негізі.

  3. Визуалды коммуникация ұғымы және оның аспаптық құралдары


  1. Дизайн түсінігі. Дизайн тарихы. Дизайн принциптері.

Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі.
Дизайн дегеніміз - форманы мазмұнынан нақты объектілерді формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу.
Дизайнның 3 түрі бар:
1. графикалық дизайн;
2. өндірістік дизайн;
3. архитектуралық ортаның дизайны


2.Графикалық дизайн бағыт негізі.
Графикалық дизайн ерекшеліктері. Жарнама дизайны. Телевизиялық дизайн. Компьютерлік графика,дизайның түрлі салаларындағы қабылдау психологиясы жэне одан туындайтын талаптар, композициялық шешімді таңдау.
Кітап дизайны. Журнал дизайны. Кітап иллюстрациясының тарихи дамуы. Басылым түрі, өндіру тәсілі, формат, композициялық ұйымдасу, көңіл- күйлі айқындық, стилитикалық сай болу, әдеби шыгарманың мәніне стилистикалық сай болу, кітап дизайнының көркем образын жасау ескерерілетін кітап иллюстрациясы кітап бөлігі ретінде. Брошюра. Брошюра түрлері.


3.Визуалды коммуникация ұғымы және оның аспаптық құралдары


Визуалды коммуникация-бұл ақпаратты қимыл, мимика, дене қозғалыстары арқылы беру. Визуалды коммуникация пиар (PR) (ағылш. Public Relations – қоғаммен байланыс).


Графикалық дизайнер бір мезгілде бірнеше күрделі және маңызды міндеттерді шешеді. Өзімен жасалынған өнім (логотип, шрифт және т.б.) жарқын, ұмытылмас және бірегей болуы керек, ол әзірленетін ұйым ерекшелігін ескеріп, сонымен бірге басып шығару үшін қолайлы болуы керек. Графикалық дизайнердің негізгі іс-әрекеттерінің бірі - компанияның корпоративтік (стилі) стилін жасау, яғни, логотипті жасау, түс масштабы, шрифт және т.б. Осылайша, үлкен жүктеме дизайнердің иығына түседі, өйткені түпкілікті нәтиже бірегей, жарқын және оңай есте сақталуы тиіс. Графикалық дизайн өте кең түсінік. Графикалық дизайнер мамандығының бірнеше бағыттары бар, ал бір дизайнер біреуінде жұмыс істей алады немесе екі-үш бағытты біріктіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет