2.6 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
Бағаны
|
«Ауылщаруашылығы фитопатологиясы»пәнінен бағаны жинақтау кестесі
|
Білімді бағалау критермі
|
|
Апталар
|
% жұмысқа
қойылған
|
%
барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Семинар жұ-мысын жасау
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Реферат
|
2,5
|
10
|
|
|
|
|
+
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
+
|
|
|
3
|
Конспект
|
3
|
6
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
4
|
Жеке жұмыс
|
1
|
6
|
+
|
+
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
+
|
+
|
|
|
5
|
Терминмен жазбаша жұмыс
|
2
|
4
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
6
|
Топырақ шаруашылығы бойынша кроссворд
|
3
|
6
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
7
|
Микротестілеу
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
8
|
Тест
|
1,5
|
3
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
9
|
Р + Р
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Экзамен
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Сабаққа бел-сенді қатысқан үшін қосымша боннус балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау туралы ақпарат
Семестр барасында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіш 60%құрайды.Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі.(максималды көрсеткіші -40%
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максимальды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студентердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
|
|
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жұйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
2.7 Курс саясаты және іс-жосығы
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып,барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат боцынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет(жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті.Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет.Пәннің3/1себепсіз қалдырса,курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп.
Студент сабаққакешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3.Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестірлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. олар реферат (баяндама,харлама т.б) ретінде орындалып, қорғалады. Бул тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5.Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып,тапсыралады. Студентердің білімін бақылау негізінентест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6.Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жұзеге асады.Студентердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың мақсаты, мазмұны
|
Әдебиеттер
|
Тапсырманың орындалуы
мезгілі
|
Баллдар
|
Бақылау түрі
|
1
|
Жеке тұсау кесер жұмысы
|
Сыни және аналитикалық тұрғыда келуді талап ететін тақырып бойынша жеке жұмыстарды орындай білу дағдыларын қалыптасуын қамтамасыз ету
|
Дементьева М.И. Фитопатология. —М: Агропромиздат, 1985.
М.В. Горленко «Сельскохозяйственная фитопотология» Изд. «Высшая школа» М., 1968 г.
|
1, 2, 4, 9, 11,12 апдаларда
|
15
|
жазбаша
|
2
|
Жазбаша тест
|
Студентердің білім сапасын, көлемін және деңгейін бақылау мақсатын көздейді
|
Карбозова Р.Д. Фитопатология. 2-бөлім. -Алматы, 2002.
Горленко М.В. Бактериальные болезни растений: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1966. – 264 с.
|
7,15 апталарда
|
10
|
жазбаша
|
3
|
Үй тапсырмасы
|
Арнайы әдебиеттерді және т.б. қолдана отырып тақырып бойынша зерттеу жүргізу және өз бетімен оқу үшін
|
Дементьева М.И. Фитопатология. —М: Агропромиздат, 1985.
М.В. Горленко «Сельскохозяйственная фитопотология» Изд. «Высшая школа» М., 1968 г.
|
1,2,4,9,11,12-ші апталарда
|
6
|
Ауызша және жазбаша
|
4
|
Реферат
|
Арнайы әдебиеттер,интернет жұйесін қолдана отырып, тың жаңалықтарға шолу жасау дағдысының қалыптасуы.
|
Развязкина Г.М. Вирусные болезни злаков. – Новосибирск: Наука, 1975. – 206 с.
Чумаевская М.А., Матвеева Е.В., Королева И.Б. Бактериальные болезни злаковых культур. – М.: Агропромиздат, 1985. – 216 с.
|
5,7,12,13 апталарда
|
10
|
Ауызша және жазбаша
|
5
|
Ауылшаруашылығы фитопатологиясы бойынша кроссворд
|
Ауылшаруашылығы фитопатологиясы терминология бойынша білім қорын қамтамасыз етеді
|
Карбозова Р.Д. Фитопатология. 2-бөлім. -Алматы, 2002.
Горленко М.В. Бактериальные болезни растений: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1966. – 264 с.
|
6,8,10,12,14,15 апталарда
|
6
|
жазбаша
|
6
|
Терминмен жұмыс жасау
|
Әдебиеттерге шолу жасау дағдысын қалыптастыру
|
Дементьева М.И. Фитопатология. —М: Агропромиздат, 1985.
М.В. Горленко «Сельскохозяйственная фитопотология» Изд. «Высшая школа» М., 1968 г.
|
3,1, апталарда
|
3
|
жазбаша
|
7
|
Аралық емтихан
|
Білім сапасын бағалау
|
Карбозова Р.Д. Фитопатология. 2-бөлім. -Алматы, 2002.
Горленко М.В. Бактериальные болезни растений: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1966. – 264 с.
|
7,15 апталарда
|
10
|
жазбаша
|
8
|
Қорытынды емтихан
|
Студентердің білім сапасын,ауқымын,деңгейін бақылау мақсатында.
|
Карбозова Р.Д. Фитопатология. 2-бөлім. -Алматы, 2002.
Горленко М.В. Бактериальные болезни растений: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1966. – 264 с.
|
15 аптада
|
40
|
жазбаша
|
4. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ.
Кафедра Биология және экологиы кафедрасы
Тьютор Кадисова Г.Н.
Пән Ауыл шарушылығы фитопотологиясы
( пәннің аты)
Кредит саны 3
№
п/п
|
Әдебиеттердің аты
|
Саны
|
Ескерту
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
студенттерді қамтамасыз ету (%)
|
Электронды нұсқа
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
М.В. Горленко «Сельскохозяйственная фитопотология» Изд. «Высшая школа» М., 1968 г.
|
10
|
6
|
50
|
|
|
2
|
Дементьева М.И. Фитопатология. —М: Агропромиздат, 1985.
|
15
|
12
|
75
|
1
|
|
3
|
Карбозова Р.Д. Фитопатология. 2-бөлім. -Алматы, 2002.
|
10
|
10
|
50
|
1
|
|
4
|
Горленко М.В. Бактериальные болезни растений: Учебное пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 1966. – 264 с.
|
10
|
10
|
50
|
1
|
|
5
|
Развязкина Г.М. Вирусные болезни злаков. – Новосибирск: Наука, 1975. – 206 с.
|
10
|
10
|
50
|
1
|
|
6
|
Чумаевская М.А., Матвеева Е.В., Королева И.Б. Бактериальные болезни злаковых культур. – М.: Агропромиздат, 1985. – 216 с.
|
15
|
15
|
75
|
1
|
|
5. ДӘРІСТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ
кіріспе
Кез келген дақылдарды өсіру технологиясының басты бөліктерінің бірі және өнімді арттырудың ең маңызды факторы – дақылдарды зиянкестерден, аурулардан және арам шөптерден қорғаудың кешенді шаралары. Зиянды организмдер тек өсіп тұрған кезде ғана зиян келтіруімен шектелмейді, сонымен қатар сақтау кезінде де өнімнің бұзылуын туындатады. Зиянкестердің, аурулардың және арам шөптердің жылдық шығыны орташа есеппен 20-30 % болып табылады. Олардың ішінде аурулар зиянының үлес салмағы шамамен үштен бірі, алайда ауру көп тараған жылдары жартысына дейін жетеді (мысалы бидайдың тат ауруы, картоптың фитофторасы сияқты аурулар).
Өсімдіктерді қорғау шараларын дұрыс, негіздеп ұйымдастыру, және оларды уақытымен орындау аурулар зиянын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан аурулардың туу себептері, жұқпалы (инфекциялық) аурулар қоздырғыштарының биологиясы, аурудың даму сипатын анықтайтын үрдістер, ауруларды дұрыс анықтай білу, олардың даму заңдылықтары туралы терең және нақты білудің маңызы өте зор.
Өсімдік аурулары және олардан қорғау шаралары туралы ғылым саласы фитопатология деп аталады. Бұл ғылымның мақсаты инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды, олардың туу себептерін зерттеу және олардан қорғаудың ғылыми негізделген шараларын қалыптастыру.
өсімдік аурулары туралы жалпы мәліметтер
Қазіргі кездегі жалпылама мойындалған өсімдік ауруының анықтамасы: фитопатогеннің немесе ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен өсімдік клеткасының, мүшесінің және тұтас организмнің қалыпты зат алмасу үрдісінің бұзылуы ауру деп аталады.
Өсімдік организміндегі зат алмасу үрдісінің бұзылу сипаты әр қилы болуы мүмкін: фотосинтез бен ферментативтік үрдістердің бұзылуы, клетка мембраналарының өткізгіштігі мен осмостық қысымның бұзылуы, тыныс алу және көмірсулар алмасуының бұзылуы және т.б. Бұлардың қайсысы болса да ткандердің, мүшелердің немесе тұтас өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудырады, нәтижесінде өнім мөлшері және сапасы төмендеп кетеді.
аурулардың белгілері мен типтері
Аурулардың айқындалу белгілері немесе симптомалары оны туындататын себебіне, және аурудың өсімдік организміне әсер етуіне байланысты. ауру қоздырғышы өсімдік бойына тұтас тарамай өсімдік тканінің шектеулі бір учаскесінде жетілуі мүмкін. Бұндай жағдайда ауру жергілікті, немесе локалды сипатта болады. Ал егер ауру қоздырғышы өсімдіктің түтікті жүйесін зақымдаса немесе өсімдік ішінде ткандеріне тараса ауру жалпы немесе диффузиялы деп аталады. Ауру белгілерін (симптомаларын) білу, және олардың туу себептерін түсіндіре білу ауруды алғаш тануға мүмкіндік береді.
Жиі кездесетін аурулар белгілері.
Дақтар - өсімдіктің әр түрлі мүшелерінің бойында зақымданған ұлпалар клеткасының өліп, хлорофиллдерін жоғалту салдарынан болады. Дақтар түсу себебі ауру қоздырғыштарының (вирус, бактерия, саңырақұлақтар) немесе ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен болады. Ауруды анықтау үшін дақтың түсіне, мөлшеріне, пішініне, орналасқан жеріне және түзілу динамикасына көңіл аудару қажет. Көбіне аурулардың өздеріне тән дақ ерекшеліктері болады. Мысалы қызылшаның церкоспороз, бидайдың септориоз немесе тат ауруларының өздеріне тән айқындалу дақтары болады.
Солу - өсімдіктердің жеке мүшелерінің немесе тұтасымен тургорлық күйін жоғалтуы, одан соң және де саңырауқұлақтармен, бактериялармен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының салдарынан өсімдік тамырының немесе өткізгіш ұлпасының зақымдануы. Инфекциялық солу нәтижесінде сабақтың немесе жапырақ сағағы өткізгіш түтікшелерінің қараюын байқауға болады.
Өңез – бұл тек саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға ғана тән белгі. Дақтардың, кейде сырт көзге сау өсімдіктердің бетінде саңырауқұлақтардың мицелийлері және (немесе) түкті немесе мақта тәрізді спора түзілімдері түзіледі. Саңырауқұлақ түріне байланысты өңез ақ, қызғылт, сары, боз, қоңыр, қара немесе басқа түсті болуы мүмкін. Мысал ретінде ақ ұнтақ деп аталатын кең тараған ауру түрін айтуға болады. Бұл ауруға шалдыққан өсімдіктердің бетінде (әдетте жас өсімдіктерде) ақ немесе аздап қызғылттау өңез пайда болады.
Пустулалар – саңырауқұлақ қоздыратын ауруларға, оның ішінде негізінен тат ауруларына тән белгі. Пустулалар – саңырауқұлақ спораларынан тұратын, пішіні сопақша келген өсімдік бетінде пайда болатын түзілім. Олар ұлпа бойында түзіліп, ілкіде эпидермиспен жабылып тұрады. Кейін эпидермис жарылады. Өсімдіктердің вегетациясы кезінде тат ауруының пустулаларының түсі сары, сарғылт қызыл, сарғылт қоңыр, қоңыр, тат түсті болады. Сондықтан да бұл ауруды тат ауруы деп атайды.
Шіріктер – көбіне суы және қор заттары мол өсімдік мүшелері зақымданады: жемістер, тамыржемістер, түйнектер, пиязшықтар, жапырақты сабақтар. Шіріктер демді және құрғақ болып екіге бөлінеді. Демді шіріктер негізінен бактериялар қоздыратын немесе қоршаған ортаның кейбір факторларының әсерінен болады, ал құрғақ шірік патоген саңырауқұлақтар әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Ісіктер немесе өсінділер – өсімдіктің кей мүшелерінің бойында ауру қоздырғыш микроорганизмдердің, сондай-ақ кейбір абиотикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Ісіктер өсімдік мүшелерінің бетінде кейбір клеткаларының көлемі ұлғаюынан немесе клеткалардың шамадан тыс түзілуінің нәтижесінде пайда болады. Ісіктер картоптың рак (-сурет), қырыққабаттың кила, қызылша тамыржемісінің рак тағы да басқа дақылдардың ауруларына тән.
-сурет. Картоптың рак ауруы
Деформациялану (пішінінің өзгеруі) – вирустар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар және абиотикалық факторлар әсерінен өсімдіктің кейбір мүшелерінің, кейде тұтас өсімдіктердің тұрпатының өзгеруі. Бұл қатарда жапырақтар алақанының пішінінің өзгеруі жиі кездесетінін атауға болады. Сабақтар деформациясының қатарына шамадан тыс, көптеген ұсақ, жіңішке бұтақтар түзе бұтақтануы жатады. Гүлдер мен жемістер деформацияланғанда олардың пішіні және қасиеттері өзгеріп, кейде тұқым түзілмейді, немесе сапасыз болады.
Мумификациялану (немесе кебу) – зақымданған өсімдік мүшесінің бойын тұтасымен саңырауқұлақ жіпшелері басып алып, кептіруі. Мумификациялану әдетте өсімдік жемістері мен тұқымдарына тән.
Өсімдіктер мүшелерінің ыдырап ұнтақталуы. Бұл ауру түрі «қара күйе» деп аталады. Бұл ауруды саңырауқұлақ қоздырады. Тозаңды қара күйе түзетін ұнтақ саңырауқұлақ споралары болып табылады. Бұл ауру көбіне дәнді дақылдарға тән.
Өсімдік мүшелерінің реңінің өзгеруі. Бұл белгі өсімдіктердің минералды қоректенуінің бұзылуының немесе вирустардың зақымдауының нәтижесінде пайда болады. Жапырақ бояуының өзгеруі жиі кездеседі. Ол хлорофилдің ыдырауынан болады. Бұл құбылыс біркелкі жүрмейді, сондықтан мозаика тәріздес ала-ғұла дақтар пайда болады. Сондықтан вирустар қоздыратын бұл ауру алапес немесе мозаика ауруы деп аталады.
Көпшілік жағдайларда аурулардың белгілері бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Аурулардың себебін дұрыс ажырату үшін Ю.М.Стройков пен В.А.Шкаликов (1998) төмендегі кестені пайдалануды ұсынады (1-кесте).
Кең тараған өсімдіктердің ауруының типтері
Аурулар типі
|
Ауру қоздырғышы немесе себебі
|
саңырау-құлақтар
|
бакте-риялар
|
вирус-тар
|
гүлді па-разиттер
|
абиотикалық факторлар
|
Дақтар, некроздар
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
Солу
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Өңездер
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Пустулалар
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Шіріктер
|
+
|
+
|
-
|
-
|
+
|
Деформация
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
Мумификация
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қара күйе
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Көзбен қарап ауруды дұрыс анықтау үшін зақымданған өсімдіктерді көп мөлшерде зерттеу қажет, тек осылай еткен жағдайда ғана аурудың даму динамикасын бақылау арқылы дұрыс диагностика жасауға болады.
ӨСІМДІКТЕР АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Өсімдік ауруларын белгілеріне қарай немесе бір топ белгілері бойынша топтарға жіктеу, немесе жүйелеу аурудың табиғатын танып білуге және оны анықтауға (диагностикалауға) мүмкіндік береді.
Ең қолайлысы, негізін аурудың туу себебі қалайтын экологиялық жіктеу болып табылады. Бұл жіктеу бойынша өсімдік аурулары жұқпалы емес (инфекциялық емес) және жұқпалы (инфекциялық) болып екіге бөлінеді.
Жұқпалы емес немесе инфекциялық емес аурулар өсімдікке қоршаған ортаның абиотикалық факторларының – температураның, ауа немесе топырақ ылғалдылығының, минералдық қоректенудің т.б. – әсерінен туады;
Жұқпалы немесе инфекциялық аурулар әр түрлі ауру қоздырғыш организмдер – патогендердің: саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазмалық организмдер, гүлді паразиттер, әрекетінен туады.
Өсімдік ауруларын жіктеудің басқа да түрлері бар: ұқсас дақылдар тобы бойынша (дәнді дақылдар тобы, бұршақ тұқымдас дақылдар тобы, бақша дақылдары т.б. аурулары); жеке дақылдардың аурулары (бидай, арпа, қара бидай, тары, картоп, қырыққабат т.б. аурулары); зақымданатын өсімдік мүшесі бойынша – жапырақ , сабақ, бүршік, гүл, тұқым, жеміс т.б. аурулары; өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңінің зақымдануы – өсімдік көгінің зақымдануы,, гүлдеу кезінде зақымдануы, пісу кезеңінде зақымдануы т.б.
Бұл аталғандардан басқа да өсімдік ауруларын жүктеу түрлері болуы мүмкін.
инфекциялық емес аурулар
Инфекциялық емес (жұқпалы емес) аурулардың ең жиі кездесетін себептері:
қоректік заттардың жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы;
қолайсыз төменгі немесе жоғары температура;
ауа немесе топырақта ылғалдың жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы;
механикалық зақымданулар;
қоршаған ортаның өсімдіктерге зиянды заттармен ластануы және т.б.
Қоректік заттардың жетіспеуі
Қандай да болмасын қоректік элементтердің жетіспеуі өсімдіктердің өсіп-жетілуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Қоректік элементтердің жетіспеуінің сырт көзге байқалатын белгілері болады. Өсімдіктердің топырақтағы қоректік элементтерді пайдалануы топырақ қасиеттеріне (қышқылдығына, ылғалдығына, буферлік қасиетіне) микрофлора құрамына байланысты. Сондықтан оларды диагностика жасағанда және қорғау шараларын жүргізгенде есепке алу қажет.
Азоттың (А) жетіспеуі. Өсімдіктердің өсуі баяулайды. Жапырақтары ұсақ, түсі ашық жасыл реңді болады. Азоттың жетіспеуі жоғары дәрежеде болса жемістері ұсақталып, кейде уақытынан бұрын түсіп қалады. Топырақтың жоғары қышқылдығы азоттың жетіспеу дәрежесін арттырады.
Фосфордың (Р) жетіспеуі. Өсімдітердің жетілуі және репродуктивті мүшелерінің түзілуі баяулайды. Жапырақтардың бетінде немесе олардың жүйкелерінде қызғылт, сиякөк дақтар немесе жолақтар пайда болады. Мысалы, картопта фосфор жетіспегендіктен жапырақтарында қызыл-күрең дақтар пайда болады, немесе түйнектерінің «таттану» ауруын байқауға болады. Бұндай жағдайда картоп түйнектерінің көлденең кесіндісінде қызғылт күрең (тат) дақтары пайда болады, түйнек құрамындағы крахмал және С-витаминінің мөлшері едәуір кемиді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер үшін фосфор жетіспесе тұқымы дұрыс жетілмейді.
Калийдің (К) жетіспеуі. Жапырақ ұлпалары өледі, бұл ең алдымен кәрі жапырақтардың жиегінен немесе жүйке аралықтарынан басталады. Жапырақ жиектері алғашында сарғайып, кейін қараяды. Өсімдіктерге калий жетіспей ауруы кальций мен магний шамадан тыс енгізілгенде және топырақты ізбестегенде де байқалады.
Магнийдің (Mg) жетіспеуі. Жапырақтардың жүйке аралықтары сарғаяды. Бұл құбылыс төменгі жапырақтардан басталады. Оның себебі магнийдің барлық мөлшері жастау, бойында хлорофилл түзілетін жоғарғы жапырақтарға ығысуына байланысты. Алайда жапырақ жүйкелері мен оларға таяу ұлпа бөліктері жасыл түсін сақтайды. Ал жүйкеден қашықтау ұлпа бөліктері өсімдік түрлері мен сорттарына байланысты сары, қызғылт-сары, қызыл, сиякөк т.б. түстерге енеді.
Кальцийдің (Ca) жетіспеуі. Өсімдік тамырының өсуі баяулайды, ал элементтің жетіспеу дәрежесі едәуір болса ол ұшынан бастап өледі. Тамыры шамадан тыс бұтақтанып таралады. Өсімдіктің жер беті мүшелері кальцийдің жетіспеуі тым жоғарғы дәрежеде болса ғана өсіп-жетілуі баяулап, жапырақтары ұсақталып, бетінде некроздық дақтар түседі.
Марганецтің (Mn) жетіспеуі. Жапырақ бетіне түскен ашықсары дақтардан жапырақ түрі ала болады, ал жүйкелері жасыл түсін сақтап қалады. Кейін марганецтің жетіспеу белгілері темірдің жетіспеу белгілері сияқты болады. Бұл элементтің жетіспеуі күрт болған жағдайда өсімдіктер аласарып, өспей қалады. Бұндай жағдайды сілтілі және нейтралды, қара шірігі мол топырақтарда, сол сияқты ылғал жетіспегенде жиі байқауға болады.
Темірдің (Fe) жетіспеуі. Жапырақтардың түссізденуі (хлороз), негізінен көпжылдық өсімдіктерде – алма, алмұртта – кездеседі. Темірдің өсімдіктерге тиімсіз формада болатын түрі карбонатты топырақта жиі кездесетін құбылыс.
Мырыштың (Zn) жетіспеуі. Ұсақ, жіңішке сопақша жапырақтардың түзілуі (негізінен ерте көктемде). Әсіресе рН дәрежесі 7 және одан жоғары болғанда карбонатты топырақтарда жиі кездеседі. Азот тыңайтқыштар, шамадан тыс көң және фосфордың қолданылуыда мырыштың жеткіліксіздігін туғызады.
Бордың (В) жетіспеуі. Өсу нүктесінің өлуі. Әсіресе генеративтік мүшелері көбірек зақымданад, ал вегетативтік мүшелері тек мырыш көп мөлшерде жетіспегенде ғана ауруға шалдығады. Карбонатты және батпақты топырақтарда жиірек кездеседі.
Мыстың (Cu) жетіспеуі. Өсімдіктердің жас жапырақтарының ағаруы, тургоры төмендеуі, солуы, сол сияқты сабақтары мен тұқымының түзілуі төмендейді. Дәнді дақылдардың ішінде мыстың жетіспеуі ең сезімтал келетіндері – бидай, сұлы, арпа. Мыстың жетіспеуі торфты және құмдақ топырақтарда көбірек кездеседі.
Жекелеген қоректік элементтердің шамадан
тыс көп болуының зиянды әсері
Өсімдіктер қоректік элементтердің жетіспеуінен ғана емес, шамадан тыс көп болса да ауырады. Мысалы, калий тым көп болса өсімдіктің өсуі баяулап, жемістері ұсақталып, пісуі тезделеді. Қышқылды топырақтардағы алюминий тотығының көп болуы өсімдік тамырларында еруі қиын фосфор қосылыстарының – алюминий фосфатының – жинақталуы себебінен өсімдік фосфор жеткіліксіздігінен зардап шегеді. Сол сияқты қышқылды топырақтарда марганецтің шамадан тыс көп болуының себебінен картоптың сабағы мен жапырақ сағақтарына қоңыр дақ түседі. Нәтижесінде өсімдік сабақтары мен жапырақ сағақтары сынғыш келеді. Картоп көгі уақытынан бұрын кеуіп қалады. Көпшілік өсімдіктер – картоп, таңқурай, бүлдірген т.б. – топырақта хлордың көп болуына өте сезімтал келеді: картоптың сабағы жуандап, жапырақтары ширатылып, өліп қалады. Сол сияқты картоп топырақта бордың шамадан тыс көп болуын қаламайды: жапырақтары бүрісіп, жиектері қоңырайады.
Атмосфера мен топырақ температурасының қолайсыздықтары
Өсімдіктердің температурадан зақымдану дәрежесі (үсуі) клетка құрамындағы су мөлшеріне байланысты: су неғұрлым көп болса, соғұрлым өсімдік суыққа төзімсіз келеді. Сөйтсе де клетка құрамында коллоидтармен сіңірілген байланысқан күйдегі су өсімдіктің суыққа төзімділігін арттырады. Сондықтан минералдық қоректену режимі, әсіресе клеткадағы байланысқан су мөлшерін арттыратын калиймен тыңайту, өсімдіктердің қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады.
Сондай-ақ төменгі оң температуралардың да өсімдіктерге қолайсыз жақтары болады. Температураның күрт 0...1оС-қа дейін төмендеуі тамыржемістер мен түйнектердің құрамындағы фитонцид типтес табиғи қорғаныш заттарының белсенділігін төмендетеді. Нәтижесінде олар патогендердің әсеріне төтеп бере алмай, шірік ауруларын қоздырады.
Сол сияқты өсімдіктерге жоғарғы температураның да қолайсыз әсері болады. Мысалы, ыстықтан қызанақтың жапырағының ширатылуы, жеміс ағаштары діңінің күн күйігіне шалдығуы. Жеміс-жидек дақылдарына әсіресе күзгі, қысқы және ерте көктемгі мезгілде температураның күрт құбылуының әсері күшті болады. Нәтижесінде ағаштар мен бұталардың қабықтары қатты зақымданады («күн және аяз күйіктері»).
Ылғалдың жетіспеуі және шамадан тыс көп болуы
Дәнді дақылдарға метеорологиялық және топырақтың қолайсыз жағдайлары кешенді әсер етеді: топырақ ылғалдылығының төмендігі, ауа температурасының тым жоғары болуы, аңызақ желдер. Егер сүттеніп пісу кезеңінің соңында – балауызданып пісу кезеңінің басында ауа райы тым ылғалды және ыстық болса крахмал гидролизденуі мүмкін, нәтижесінде «дәннің ағуы» деп аталатын құбылысты байқауға болады. Көктемгі кезде егістікті су басуы себебінен өсімдік тамырының тыныс алуына бөгет болады, нәтижесінде өсімдік тамырының «сулану» құбылысын байқауға болады. Топырақта ылғалдың жетіспеуі қызанақтың «ұшынан шіру» ауруының негізгі себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар ұзақ уақыт қуаңшылықтан соң жауын-шашын мол болса қызанақ жемісінің жарылуын байқауға болады.
Қоршаған ортаның ластануы
Өсімдіктерге зиянды химиялық заттардың әсерінен туындайдын аурулардың алдын-алу үшін оларға сезімтал өсімдік түрлеріне зиянды заттардың кездейсоқ тимеуін қамтамасыз ету қажет (егістікті ұшақпен өңдегенде бағытын мұқият анықтау, таза аппараттарды пайдалану, көршілес танаптарға желмен ығысуын болдырмау). Кейбір екпе дақылдардың гормондар мен гербицидтердің азғантай мөлшеріне де әсер ететінін ескеру қажет. Пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде және дақыл ерекшелігін ескерместен қолдануға болмайды.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың зиянды әсерімен қатар индустриалды дамыған аймақтарда ауаның өсімдіктерге улы заттармен: күкірттің қос тотығымен, күкіртті сутекпен, хлормен ластануы жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдіктерге цемент шаңы, автокөлік түтіні т.б. қауіпті. Өсімдіктердің химиялық заттармен зақымдану белгілері әдетте жапырақтарынан байқалады. Зақымданған жапырақтар көбіне түсін өзгертіп қоңырайады, алайда кейде түсіп те қалады.
Өсімдіктердің сәуле әсерінен ауруы
Өткіш, иондаушы деп аталатын сәулелер (гамма сәулелер, альфа- және бета-бөлшектер, нейтрондар мен рентген сәулелері) өсімдіктердің өсіп-жетілуін тежеуі мүмкін. Сонымен қатар сәулелер өсімдіктерді әр түрлі мутациялық өзгерістерге ұшыратып генетикалық ауруларға да шалдықтырады.
Үстеме аурулар туралы түсінік
Инфекциялық емес аурулардың себептерінен туындайтын өсімдік бойындағы әр түрлі теріс құбылыс организмнің үстеме патологиялық үрдістің дамуын туындатады. Мысалы, топырақта калийдің жетіспеуі картоптың фитофтороз ауруына қарсы төзімділігін әлсіретеді, ал дәнді дақылдардың тат ауруларына төзімділігін төмендетеді. Сол сияқты ауа райының қолайсыздығынан туындаған өсімдік бойындағы жарақаттар (аяздан, судан, жоғарғы температурада, желден т.б.) өсімдік бойына инфекциялар енуіне мүмкіндік береді.
инфекциялық аурулар
Инфекциялық ауруларды гетеротрофты организмдердің қатарына жататын (яғни өздігінен органикалық заттарды түзуге қабілетсіз) саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар мен вироидтар, микоплазмалық организмдер, сол сияқты гүлді паразит өсімдіктер қоздырады. Инфекциялық аурудың негізгі қасиеті – бір өсімдіктен екіншісіне жұғып тарайтындығы.
Инфекциялық аурулардың негізінде паразитизм құбылысы жатыр, ағни фитопатоген (өсімдік ауруының қоздырғышы) өсімдік бойында түзілетін дайын органикалық заттарды пайдаланады, нәтижесінде өсімдік организмінің қалыпты тіршілік үрдісі бұзылады. Паразиттік дәрежесіне қарай фитопатогенді организмдер 3 категорияға бөлінеді:
факультативті паразиттер;
факультативті сапротрофтар;
облигатты, немесе міндетті, паразиттер.
Фитопатогендердің бұл категориялары өлген өсімдік организмдердің органикалық заттарымен қоректенген және өсімдік ауруларының қоздырғыштары болмаған облигатты сапртрофтардың ұзақ мерзімді эволюциясының негізінде пайда болды.
Факультативті паразиттер – негізінен сапротрофты түрде қоректенетін организмдер. Олар тек өте әлсізденген тірі өсімдіктерді ғана зақымдайды. Алғашқыда олар өсіп тұрған өсімдік тканінің өлі учаскелеріне түседі, кейін осы учаскемен шектес сау тканге де шауып, бұл учаскелерді өздерінің метаболит өнімдерімен (көбіне токсиндермен) ыдыратады. Факультативті паразиттер қатарына көптеген фитопатогендер тобы жатады. Факультативті паразиттер қатарына көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының боз шірігінің қоздырғышы болып табылатын Botrytis cinerea саңырауқұлағы жатады.
Факультативті сапротрофтар, немесе сапрофиттердің ерекшеліктері тіршілік циклінің негізгі бөлігін тірі өсімдіктердің бойында өткізеді, алайда белгілі бір жағдайларда (бұл категорияға жататын патогендердің көпшілігіне міндетті түрде) өлген ткандердің бетінде қалып, тіршілігін жалғастырады. Факультативті сапротрофтар қатарына жоңышқа антракнозы ауруының қоздырғышы Colletotrichum trifolii саңырауқұлағы, асбұршақ аскохитозының қоздырғышы – Ascochyta pisi саңырауқұлағы, алма паршасының қоздырғышы – Venturia inaequalis саңырауқұлағы және басқалары жатады.
Облигатты паразиттер паразитизм құбылысының ең жоғарғы деңгейін сипаттайтын организмдер. Олар тек тірі өсімдіктердың ткандерінде ғана өсіп-жетіле алады. Олардың тек азғана бір түрін құрамы өте күрделі жасанды қоректік ортада өсіруге болады. Облигатты паразиттер қатарына барлық вирустар мен вироидтар, және өсімдік ауруларының қоздырғыштары болып табылатын саңырауқұлақтардың бірқатар түрлері жатады (жалған және нағыз ақ ұнтақ, тат, қара күйе тағы бірқатары). Бұл аурулардың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында тыныштық күйдегі формалары сақталады.
Сонымен қатар ауру қоздырғыш паразит организмдер өсімдік бойында өсіп-өну орнына байланысты эндопаразиттер мен экзопаразиттер болып екіге бөлінеді. Эндопаразиттер – негізінен өсімдіктердің бетінде өсіп-жетілетін организдер болса, экзопаразиттер – өсімдік бойында, клетка ішінде немесе клетка аралықтарында тіршілік етуге бейімделген организмдер.
Патогендік, вируленттілік және агрессивтік
Ауру қоздырғыш организмдердің өсімдік организмдеріне әсер етулеріне байланысты патогендік, вируленттілік және агрессивтік қасиеттері ажыратылады.
Организмдердің белгілі бір өсімдіктің ауруын қоздырып, оған зияны келтіретін қасиеті патогендік деп аталады. Мысалы, картоптың рак ауруының қоздырғышының картопқа патогендік әсері бар, алайда ол бидайға патогенді емес. Ал қастауыш ауруының қоздырғышы кейдір егістік дақылдарға патогендік әсері бар.
Белгілі бір өсімдік қожайындарда паразиттік қабілетін анықтайтын патогендіктің сапалық тарапы вируленттілік деп аталады. Мысалы , картоптың рак ауруының қоздырғышы вируленттілігі бойынша біркелкі емес: физиологиялық нәсілдер кейбір картоп сорттарына вирулентті, ал басқаларына вирулентті емес. Вируленттілік белгісі ауру қоздырғышын физиологиялық нәсілге бөлу мақсатында қолданылады.
Патогендік қасиеттің сандық тарапын агрессивтік сипаттайды. Агрессивтік – патогеннің өсімдік тканінде көбеюге қабілеттілігі. Ол мынадай қасиеттермен сипатталады:
инкубациялық кезеңнің ұзақтығы;
өсімдік тканінің бойымен таралу жылдамдығы;
спора түзу қарқындылығы (саңырауқұлақтар үшін);
ауру қоздыруға қабілетті инфекциялар саны және тағы бірқатар.
Патогеннің агрессивтік қасиеті басқаларына қарағанда өзгергіштігі жоғары және қоршаған орта жағдайларына байланысты әркелкі болуы мүмкін.
Патогеннің вируленттілігі агрессивтік тек белгілі бір деңгейінде ғана айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |