Диагностиканың химиялық тәсілі қиярдың жасыл және ақ мозаикасын, картоптың жапырақ ширатпасының вирусын және басқаларын анықтау үшін жасалды.
Вирус ауруларынан қорғау шаралары
Вирус ауруларына қарсы қорғау шаралары дақылдардың және ауру қоздырғыш вирустың ерекшеліктерін есекере отырып жасақталады. Кешенді қорғау шаралары профилактикалық және алдын алу шараларынан тұрады. Бұлардың ішінде белгілі бір вирустарға төзімді (иммунды) қасиеті бар сорттарды шығару жетекші роль атқарады. Вирустың туыс түрлерінің немесе штаммларының интерференциясын (өзара сәйкессіздігін) пайдалану перспективалық бағыт болып табылады. Вирустың әлсіз штаммдарымен қолдан залалданған өсімдіктер сол вирустың агрессивтік штаммдарына төзімді болып келеді. Аурулардан таза, сау тұқымдық немесе отырғызу материалдарын алу үшін тұқымдық учаскелерді вирусқа қарсы тазарту шараларын жүргізеді. Бұл үшін тұқымдық учаскедегі жай көзге байқалған және серологиялық тәсілмен анықталған вирус ауруының белгілері бар барлық өсімдіктер жұлынып алынады.
Сау, аурулардан таза өсімдіктерді өсіру үшін агротехникалық шаралардың, өсімдіктердің өсу жағдайларының: себу мерзімінің, өсімдіктердің жиілігінің, тыңайтқыштардың, егістікте вирус инфекциясының жинақталып, сақталатын орны - арамшөптерді жоюдың, вирустарды тасымалдаушы – насекомдармен күресудің маңызы өте зор. Вирус ауруларына қарсы химиялық тәсіл сирек қолданылады, себебі вирустар әдетте тірі клеткалардың бойында болатындықтан вирустың тіршілігін тоқтатуға қабілетті заттар клеткалардың өздеріне де уытты болып келеді. Темекі мозаикасы мен қызанақ жапырағының күреңдлігі ауруларының вирустарына қарсы кейбір антибиотиктердің (иманин, аренарин т.б.) тиімділігі анықталды.
Вирустардың тіршілігіне металдардың тұздары мен органикалық қышқылдардың әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |