Лекция 0 cағат Практикалық сабақ 15 сағат ожсөж- 45 сағат CӨЖ 45 сағат Емтихан семестрде



бет60/96
Дата05.02.2022
өлшемі3,49 Mb.
#16368
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96
Вироидтар

Вироидтардың вирустардан өзгешелігі – нуклеопротеидті бөлшектерді түзбей, өсімдіктердің бойына еніп, сол жерде көбеюге қабілетті, бір тізбекті РНК-дан тұрады. Вироидтар картоп түйнегінің ұршықтәрізділігін («готика»), цитрус өсімдіктерінің экзокортис ауруын және т.б. бірқатар ауруларды қоздырады. Вироидтар жоғары инфекциялық қасиетімен ерекшеленеді. Олар химиялық заттар мен термиялық әсерге төзімді келеді.


Вироидты инфекция залалданған тұқымдық материалдармен және механикалық жолмен тарайды. Негізгі анықтау (диагностика) тәсілдері: өсімдік-индикаторлар тәсілі, ауру өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық өзгерістері бойынша визуалды бағалау, электрондық микроскопия, вироидты РНК-ны бөліп алу. Сонымен қатар вироидтар репликациясымен, олардың мамандануымен, қожайын өсімдіктердің клеткасы және ағзасымен ара қатынастарымен байланысты көптеген мәселелер әзірге толық зерттеліп болған жоқ.


Микоплазмалар

Мөлшері (80-800 нм) және өсімдіктерге әсері бойынша вирустарға жақын патоген организмдердің ерекше бір тобы – микоплазмалар. Олардың көбі пішіні бойынша сопақша немесе шар тәрізді; сонымен қатар ұзынша, жіп тәрізділері, тарамдалған пішінділері т.б. да кездеседі. Вирустардан айырмашылығы – олардың полиморфизмділігі, бір микоплазмалық организм әр түрлі мөлшерде, немесе әркелкі пішінді болуы мүмкін. Микоплазмалық организмдердің клеткалық құрылысы бар, алайда нағыз клетка қабықшасының орнына үш қабатты қарапайым мембранамен шектелген, құрамында РНК, ДНК және бактериялырдың рибосомаларына ұқсас рибосомалары болады. Микоплазмалар пеницилинге төзімді, алайда тетрациклин тобына жататын антибиотиктер олардың тіршілігін тоқтата алады. Көбеюі бүршіктену арқылы немесе бинарлы бөліну арқылы жүреді. Кейбір түрлері жасанды қоректік ортада көбеюге қабілетті. Олар негізінен өсімдіктер бойында флоэманың өткізгіш түтікшелерінің бойымен таралады. Бұл зиянды ауруларға тән белгілер: өсудің баяулауы, вегетативті және генеративті мүшелерінің деформациялануы т.б. Өсімдік гүлдерінің жасылдануы (алқалылар столбуры), гүлдерінің жеке бөліктерінің жапырақ тәрізді түзілімдерге айналуы (жоңышқа филлодия, қара қарақаттың реверсия аурулары және т.б.).


Микоплазмалдарды негізгі тасымалдаушылар – цикадкалар: Hyalesthes oboletus, Macrosteles fascifrons және басқалары. Олар инфекцияны белгілірі мерзім (латенттік немесе инкубациялық) өткеннен соң ғана таратады.
Микоплазмалық организмдер тек өсімдіктердің тірі мүшелерінде – түйнектерде, көпжылдық арам шөптердің атпа тамырларында, пиязшықтарында және т.б. қыстайды. Тұқымдарымен және өсімдік қалдықтарымен тарайды.
Микоплазмалық организмдерінің көптеген түрлерінің филогенетикалық мамандануы бар, яғни олар әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктерді заладауға қабілетті. Мысалы, алқалылар столбуры қызанақты, картопты, бұрышты, сонымен қатар шырмауық, сүттіген, қалуен т.б. арам шөптерді залалдайды. Ал қарақаттың реверсия ауруы тек қара қарақатқа ғана қауіпті.
Микоплазма қоздыратын аурулар диагностикасы.

  1. Сыртқы түрі бойынша (айқындалу белгілері бойынша).

  2. Электрондық микроскопия көмегімен зерттеу.

  3. Патогеннің инфекцияға қабілетін анықтау (насекомдар көмегімен залалдау).

  4. Биологиялық тәсіл (ауру қоздырғыштарды таза күйінде алып, олармен сау өсімдіктерді залалдап, ауру белгілерін (симптомаларын) анықтау, қолдан жарақаттаған өсімдіктерден қайтадан ауру қоздырғышты қайтадан бөліп алу).

  5. Тетрациклин тобына жататын антибиотиктерге ауру қоздырғыштардың реакциясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет