Қоршаған орта жағдайларының әсері
Саңырауқұлақтардың өсіп-жетілуі, олардың паразиттік белсенділігі ең басты қоршаған орта жағдайларына, олардың ішінде температура мен ылғалдылыққа байланысты.
Сңырауқұлақтардың басым көпшілігінің өсіп-жетілуіне оңтайлі температура дәрежесі 20...25оС, қалыпты тіршілік етуі 2...40оС деңгейінде жүреді. Залалдағаннан кейінгі инкубациялық кезеңі оңтайлы температура жағдайында ең қысқа мерзімде өтеді. Саңырауқұлақтардың жетілуіне жоғарғы ылғалдылық – міндетті түрде қажет. Мысалы, споралардың өнуі үшін ауа ылғалдылығы 100% жақын болуы қажет. Бұлардың қатарына тек нағыз ақ ұнтақ ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар жатпайды.
Өсімдік ұлпасына енгеннен соң өсімдіктің жеткілікті дәрежеде сумен қамтамасыз етілуі маңызды фактор болып табылады.
Барлық саңырауқұлақтар – аэробтар. Облигат паразиттер мен клетка іші патогендерімен салыстырғанда сапротрофты және факультативті паразиттердің оттегіге талабы жоғарырақ болады.
Саңырауқұлақтардың көбі тіршілік ету ортасының қышқылды болғанын қалайды (рН 4-тен 6-ға дейін)
Жарық тек спора түзер кезде қажет. Ақ ұнтақ саңырауқұлақтарынан басқа саңырауқұлақтар мицелийлері жарық жоқ жерде жақсы өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |