Бактериоздардан қорғау шаралары
Басты көзі тұқымдар мен өсімдік қалдықтары болып табылатын алғашқы инфекцияны жою немесе барынша азайту. Ол үшін төмендегідей алдын алу шараларын қолдануға болады:
отырғызылатын материалдарды бактериалдық аурулармен залалданбаған немесе заладануы төмен танаптардан алу;
тұқымдарды химиялық жолмен және жоғарғы температурамен зарарсыздындыру;
өсімдік қалдықтары жою;
қоздырғыштары тыныштық күйде сақталатын споралар түзетін бактериоздардан қорғаудың ең тиімді жолы – ауыспалы егістік жүйесін енгізу;
тұқымдық танаптарда және вегетативтікөбейтілетін көпжылдық дақылдардың (жеміс-жидек дақылдары) көбейту материалдарын дайындайтын жерлерде ауру өсімдіктерді жұлып тастау.
Танапта аурудың ауру өсімдіктен сау өсімдікке таралуына және тасымалдаушы насекомдарға қарсы химиялық препараттар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |