саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар Mycota бөліміне жатады. Жұқпалы ауру қоздырғыштарының ішінде саңырауқұлақтар ең басты орын алады. Саңырауқұлақтар өсімдіктер мен жануарлар патшалығының аралығынан орын алады. Мысалы өсімдіктерден айырмашылығы:
қоректену тәсілі гетеротрофты;
клетка қабықшасында хитин болуы;
зат алмасу өнімдерінде мочевинаның болуы;
қор заты – гликогенді түзуге қабілеттілігі.
Саңырауқұлақтардың маңызды санитарлық қызметі – негізінен өсімдік текті болып келетін органикалық қосылыстарды минералдауға қабілеттілігі. Сонымен қатар эволюция барысында саңырауқұлақтардың бір тобы өсімдіктердің бойында паразит тіршілік етуге бейімделген. Саңырауқұлақтар құнды антибиотиктер мен физиологиялық белсенді заттар алуға пайдаланылады. Сол сияқты саңырауқұлақтардың нан пісірудегі, шарап, сыра қайнатудағы және басқа да технологиялық үрдістерде қолданылатыны белгілі.
Көпшілік саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі өте жіңішке, тармақталған мицелий жіпшелерінен (гифтерден) тұрады. Мицелий ұшымен өседі. Ол көп клеткалы (септелген) немесе, үлкен мөлшеріне және күшті тармақталғанына қарамастан көп ядролы бір клеткадан тұрады. Саңырауқұлақтардың бір азғана тобының мицелийі плазмодий деп аталатын цитоплазма бөліктерінен тұрады. Мицелийдің құрылысы саңырауқұлақтардың төменгі (мицелийі бір клеткалы және плазмодийлі) және жоғарғы (мицелийі көп клеткалы) сатылы болып бөлінуіне негіз болады.
Саңырауқалақтардың клеткасының қатты қабықшасы болады. Ол негізінен саңырауқұлақ клеткасы мен субстарттың арасындағы зат алмасуына қажетті көмірсутектерден, азотты қосылыстардан және майлы заттардан тұрады. Бұл клеткалардың ішінде митохондриялар, рибосомалар, ядро (немесе бірнеше ядро), вкауолялар және тағы бір қатар қосымшалар болады. Бұлардың бәрінің сыртында жартылай өткізгіш плазмолемма болады.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың мицелийлері беткі (экзогенді) немесе субстартқа батып тұратын (эндогенді) болуы мүмкін. Қоректік заттар сорғыш (присоски), немесе гаусторийлер көмегімен жүреді. Бұл әдетте өсімдік клеткаларына ене алатын саңырауқұлақтардың жіңішке жіпшелері (гифтердің өсінділері). Тіршілік ортасында қалыптасқан жағдайларға байланысты мицелийлердің басқа да түрөзгерістері кездеседі. Қолайсыз жағдайларда саңырақұлақ мицелийі ыдырап, қабықшасы қалың – хламидоспоралар және мөлшері мен пішіні тұрақты болмауымен ерекшеленетін геммалар түзіледі. Бұл түзілімдер ұзақ сақталуға қабілетті, бір мезгілде қолайлы жағдайлар туа қалса олар мицелий түзіп өседі. Қабықшасы жұқа дөңгелек, немесе сопақша оидиилер, мицелий бұтақшалары бұтақшаларының оқшауланып ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Олар ұзақ сақталмайды, әдетте мицелиймен өсіп шығады. Ашытқы саңырауқұлақтары мен жалаңаш қалталылар класс тармақшасына жататын тағы бір қатарлар бластоспоралармен, немесе бүршіктелетін мицелийлерімен сипатталады. Бластоспоралар дөңгелектеніп, оқшауланған мицелий клеткаларының бетіндегі кішкене өсінділер. Олар бірте-бірте ұлғайып, аналық клеткадан бөлінеді де, қайтадан бүршіктеле бастайды.
Бұтақталған гифтері беткі (экзогенді) қара қошқыл реңді шырматылған мицелийлер – ризоморфтар – қолайсыз жағдайларда саңырауқұлақтардың таралуы және сақталуын қамтамасыз етеді. Ризорфтардың сыртқы гифтері әдетте өлі, ал ішкілері – түссіз, тірі болады. Бұндай ризоморфтарды түзі опеноктер Armillariella mellea Karst.
Мицелиалдық өңез – қоректік субстраттың бетінде немесе ішінде жетілетін сырт пішіні тәрізді мицелидің шырматылуы. Бұл ағаш тектес өсімдіктерді зақымдайтын саңырауқұлақтар. Склероциялар – саңырауқұлақ жіпшелерінің пішіні шар немесе сопақша болып, тығыз шырматылуы. Мөлшері – миллиметрдің оңдаған бөлігінен бірнеше сантиметрге дейін. Қоректік заттарға бай, құрамында азғантай мөлшерде (5-10%) су болады. Қолайсыз жағдайларға едәуір төзімді келеді. Склероциялар жеміс денесімен немесе мицелийлерімен өнеді. Стромалар – субстраттың бойында орналасқан склероция типтес саңырауқұлақ мицелиінің шырматылуы. Олар қатты немесе жұмсақ, түсі – ашықтан қараға дейін болуы мүмкін. Стромалардың бетінде немесе бойында саңырауқұлақтардың споралы мүшелері түзіледі.
Саңырауқұлақтар гифалар беті арқылы сіңіріп, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Органикалық қосылыстардың қарапайым заттарға айналуы саңырауқұлақтардың әртүрлі ферменттерінің көмегімен жүреді. Ферменттердің алуан түрлілігі патогендердің түріне және қоректік субстратқа байланысты болады. Ал кейбір фермент түрлері патогенез үрдісі барысында түзіледі.
Саңырауқұлақтардың негізгі қоректік элементтері – көміртегі, азот, кейбір күлдік элементтер, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар. Көміртегі көзі қарапайым қанттар, азоттікі – аминқышқылдары, ақуыздар және нитрат, нитрит, аммоний тұздары секілді бейорганикалық заттар. Сонымен қатар саңырауқұлақтар тіршілігіне күкірт, фосфор, калий, магний және басқа да бірқатар микроэлементтер қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |