Саңырауқұлақтардың көбеюі, сақталуы және таралуы
Саңырауқұлақтар вегетативті және репродуктивті жолдармен көбейеді. Вегетативтік көбею мицелий бөліктерімен немесе оның түрөзгерістермен жүреді. Ал олардың споралар көмегімен репродуктивті көбеюі жыныстық және жыныссыз жолмен жүреді. Жыныссыз споралар, немесе конидиялар, көбіне тарамдалған гифтердің ұшында мицелийлердің жеке учаскелерінің оқшаулануымен жүреді. Бұндай гифалар споралы немесе конидиялы деп аталады. Конидиялар арнайы мицелия текті орындарда, мысалы, Жетілмеген саңырауқұлақтар класының кейбір түрлеріне тән пикнидаларда түзілуі мүмкін.
Жынысты жолмен көбейгенде екі әр келкі сапалы жыныс клеткаларының ядросы мен цитоплазмасы қосылады. Гаметалардың қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі.
Жыныс кейде жыныссыз споралар, тірі мицелиялар және оның түр өзгерістері күйінде фитопатогенді саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарында, топырақта, тұқымдық материалда сақталады.
Вегетация кезінде өсімдіктердің алғашқы залалдануы саңырақұлақтардың тыныштық күйдегі формалары есебінен жүрсе, өсімдіктен өсімдікке тарауы конидиалы споралар түзілуі есебінен жүреді. Споралар желмен, суарғанда немсе жауын-шашынмен, жануарлар, насекомдар көмегімен, залалданған тұқымдық материалды тасымалдағанда және өсімдіктерді күтіп-баптау барысында тарайды.
Даму циклдері
Тізбектеле әртүрлі сатылардан өтіп, алғашқы формалардың түзілуімен аяқтала жүретін үрдіс саңырауқұлақтардың даму циклі деп аталады. Ең қарапайым даму циклі Оомицет класына жататын саңырауқұлақтарға тән. Тыныштық күйдегі жыныс ооспораларынан қозғалғыш зооспоралары бар зооспорангийлер түзіледі. Олар ұлпаға клетка аралықтарымен кіріп өсімдіктерді залалдайды. Залалданған ұлпалар бетінде ішінде споралары бар споралы түзілімдер түзіледі. Бұл жыныссыз споралар өсімдіктерді екінші кезекті залалдайды. Кейін өсімдіктер ұлпасының бойындағы мицелийлерде ооспоралар түзіледі.
Саңырауқұлақтардың даму циклі барысында әр типті споралар түзу қабілеті плеоморфизм деп аталады. Бұған даму циклі тезбектеліп келетін 5 сатыдан тұратын Базидиалдылар класына жататын тат ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар мысал бола алады.
Көпшілік саңырақұлақтардың бүкіл даму циклі бір өсімдікте өтеді. Сонымен қатар кейбір тат саңырауқұлақтарының даму циклі екі түрлі өсімдіктерді өтеді.
Өсімдік ауруларына қарсы қорғаныш шараларын жасақтау үшін саңырауқұлақтардың даму циклін білудің маңызы зор.Саңырауқұлақтың тыныштық сатысына қарсы алғашқы инфекция әсерін азайтуға немесе оны тұтас құртуға бағытталған алдын алу (профилактикалық) немесе жою шаралары тиімді. Жыныссыз споралардың таралуына қарсы химиялық улы заттар қолдану, немесе көп таралмаса, спораның түзілуіне қолайсыз жағдай жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |