Өсімдік қалдықтары. Көптеген фитопатогенді бактерияларды, көптеген жартылай паразит саңырауқұлақтарды таратушы – өткен вегетациялық кезеңде ауруға шалдыққан өсімдіктердің қалдықтары. Облигаттылар қатарына саңырауқұлақтар.
Ауру қоздырғыштарының бір тобы өсімдік қалдықтарында жер астында да топырақ бетінде де сақтала алады, ал кейбірі – тек қана топырақ бетінде ғана сақтала алады.
Тұқым және тұқымдық материал. Фитопатогенді микроорганизмдердің барлығы да, сол сияқты гүлді өсімдік паразиттері тұқымда және тұқымдық материалда сақталады. Ауру қоздырғыш түріне қарай инфекция ішкі, сыртқы немесе қоспа түрінде болады. Мысалы, бидайдың шаңды қара күйе ауру қоздырғышыұрықтық мицелий түрінде дән ұрығынд, ал қатты қара күйе ауру қоздырғышы телиоспоралар түрінде тұқымның бетінде сақталады.Қара бидай слерацийлері тұқымның құрамында қоспа түрінде жүреді. Картоп ауруларының ауру қоздырғыштары көпшілігі тұқымдық материалда болады.
Өсімдіктер. Аурға шалдыққан өсімдіктер (арам шөптер, күздіктер, көпжылдық өсімдіктер, жылыжайларда өсірілетін дақылдар) келесі жылы жаңа өсімдіктерді заладайтын ауру тарату көздері болады. Бұлайша вирустар, микоплазмалар, бактериялар тарайды. Саңырауқұлақтардың бұндай таралуы сирек кездеседі.
Кейбір фитопатогенді вирустар мен бактериялар қыс кезінде насекомдар денесінде сақталады. Қыстан шыққан насекомдар неғұрлым көп болса өсімдіктерді аурулардың заладау ықтималдығы да соғұрлым артады.
Достарыңызбен бөлісу: |