Вирус ауруларының диагностика тәсілдері
Вирустарды және олар қоздыратын аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері:
кеселдің жұқпалы екенін анықтау;
серологиялық әдіс;
индикатор-өсімдік әдісі;
электрондық микроскопия;
люминесценттік талдау;
анатомиялық тәсіл;
химиялық тәсіл.
Кеселдің жұқпалы екенін анықтау контактты-механикалық тәсілмен таралатын вирустарды ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге жеткізу. Ауру өсімдіктердің жапырақтарынан шырын дайындап, оны бармақпен, мақта тампонмен немесе мақта ораған шпательмен сау өсімдіктің жапырағаны сіңіреді. Осылайша ауру жұқтырылған өсімдікті изоляторға салып, бақылауға алынады.
Ұластыру – вирус инфекциясын тарату мақсатында ауру өсімдіктен алынған телінушіні сау өсімдікке телиді, немсе осыны керісінше істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |