Серологиялық тәсіл. Бактериялар, саңырауқұлақтар, және де өсімдіктер мен жануарлардың ақ уыздары сияқты вирустар да жылу қанды жануарлардың қанында ерекше түр-өзгеріске ұшыраған арнайы ақуыз-анти денелердің жинақталуына себепкер болады. Олар тек сары су алынған антигендерге ғана әсер етеді. Антиденелер мен айрықша антиденелердің арасындағы реакция серологиялық реакция деп аталады (латынша serum – сары су).
Практикада М.С.Дудин мен Н.Н.Поповтың (1937) шығарған тамшы серологиялық тәсілі кең қолданылады. Тәсілдің мәні мынада: Заттық шыныға 2 тамшы сыналатын шырын тамызылады. Олардың біріне 1-2 тамшы белгілі бір вирусқа тән сары су қосып, иммунитеті жоқ жануарлардан алынған 1-2 тамшы бақылау сары суы қосылады. Шырынның тамшысы мен сыворотканы таза заттық шынының ұшымен араластырылады. Егер өсімдік шырынында сары судағы антиденелерге сәйкес вирус болса тамшыда 1-3 минуттан соң мақта тәрізді тұнба – преципитат түзіледі (оң реакция). Ал егер шырында вирус болмаса тамшы бақылау сияқты өзгеріссіз қалады.