Вирустық қосымшалар тәсілі. Бір қатар жағдайларда вирус бөлшектерінің клеткадағы дамуы оның бойындаерекше түзілімдердің түзіліуі мен қатар жүреді (вирустық қосымшалар). Бұл вирус бөлшектерінің жиынтығы (кристалдар мен паракристалдар) немесе қарапайым вирус бөлшектері мен клетканың аморфты заттарынан тұратын түзілімдер болуы мүмкін. Вирустың әр түріне өз вирус қосымшалары тән болады. Мысалы темекі вирустарына клеткаларда түзілетін ине тәрізді және гексагоналды кристалдар тән болса, картоптың Х-вирусына және бидай мозаикасының вирусына сфера пішінді аморфты денелер тән. Клетка іші вирустық қосымшалар негізінен қыл немесе жапырақ эпидермисі клеткаларында түзіледі. Оларды қарапайым биологиялық микроскоп көмегімен көруге болады.