Ортаның қышқылдығы-МО тіршілік етуі ортада сутектік және гидрооксилді иондардың концентрациясына тәуелді. Көптеген бактериялар үшін оптималды рН 7-ге жуық немесе әлсіз сілтілі болады. Зең саңырауқұлақтары мен ашытқылар әлсіз қышқылды ортада жақсы өседі. Қышқылды ортада көптеген МО өз тіршілігін тежейді, бұл консервілеуде жиі қолданады.
Жарық- Кейбір МО қалыпты дамуы үшін жарық керек, бірақ көбінесе жарық МО тіршілігін тоқтатушы фактор б.т. Күннің УФ сәулелері бактерицидті қасиетке ие болғандықтан бактериялардың тіршілігін тоқтатады. С.с инфрақызыл сәулелер, электромагнитті өріс те МО өсуін тежейді.