Химиялық факторлар- кейбір хим. қосылыстар МО теріс әсерін тигізіп, олардың өсуін, тіршілігін тоқтата алады. Бактерецидті әсері бар хим. заттар-антисептиктер д.а. Оларға хлорлы әк, гипохлориттер жатады.
Биологиялық факторлар- табиғатта, дақылда МО арасында түрлі қарым-қатынас орнайды. Симбиоз- өзара серіктестік қатынас, метабиоз- бірінің есебінен 2 нің тіршілік етуі, паразитизм, антагонизм- Мо бір түрі басқасының дамуын тежеп, тіршілігін тоқтатуға мәжбүрлейтін қатынастар. Антагонизм МО ортаға арнайы бактерецидті, бактериостатикалық заттардың –антибиотиктердің бөлінуімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |