Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Ағын суларды микробиологиялық тазарту әдістерінің қарапайым түрлеріне –



бет55/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Ағын суларды микробиологиялық тазарту әдістерінің қарапайым түрлеріне – тұндыру және фильтрация жатады. Бұл процестер суы таяз су тоғандар жүйесінде жүреді, себебі онда МО тұнбада немесе суспензия түрінде болады. Табиғи фильтрация құм және саз арқылы жүреді.

Қарапайым тазартқыш құрылғыларға аңынды және дискілі биофильтрлер жатады. Ағынды биофильтрлер – көлбеу орналасқан іші саңылаулы материалмен толтырылған каналдар немесе құтылар. Ондай материалда биопленка түзіледі. Биопленка негізіншырыш бөліп отыратын зооглеялар түзеді. Шырышты матрикске оралған микробты қауымдастыққа бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар кіреді.Аңаба сулар толтырғыш материал арқылы өтіп астында жинақталады. Дискілі биофильтрлер баяу айналатын жартылай суға малынып тұратын құрылғы б.т. Дискінің бетінде биопленка түзіледі. Биопленканың сыртқы қабатында аэробты ал терең қабатында анаэробты микрорганизмдер жиналады. Диск айналған кезде диск бөліктері кезекпен суға малынады, нәтижесінде аэробты және анаэробты процестер ауысып отырады.

Ақаба суларды тазалау үшін оны қолдан желдетіп, микробты популяцияның тығыздығын сақтап отырады. Қалалық тазартқыш құрылғылар тұрмыстық, жауын суларын, өнеркәсіптік қалдық суларды өңдейтін ірі өндіріс орындары б.т. Белсенді тұнба негізінде ақаба суларды тазарту процесі 3-4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезде су тор, құмұстағыш, тұндырғышта су қатты заттардан, кесектерден арылтылады. 2-кезең негізін белсенді тұнба негізіндегі биотазарту процестеріне негізделеді. Еріген және суспензия түріндегі қалдықтар микробтардың әрекеті нәтижесінде ашық хауызда (аэротэнк) ауа қатысында және пәрменді араластырыла отырып тотықтырылады, ол кезде 99% қалдық жойылады. Өңделген су мен микробты масса екінші тұндырғышқа беріледі, тұнбаға түскен МО қайтадан аэротэнкке беріледіал су азот және фосфор қосылыстарын химиялық-биологиялық жолмен залалсыздандыруға өтеді. Тазартудың ақырғы кезеңінде су дезинфекцияланады.

Белсенді тұнба құрамына алуан түрлі МО кіреді; әдетте олар шырышты капсулалар түзеді. Ондағы Мо көбісі лабораториялық жағдайда дақылдауға келмейді. Белсенді тұнба құрамында каулобактер, гифомикробиялар, псевдомонадалар, цитофагтар, флавобактериялар, флексибактерлер, коринебактериялар, артробактерлер, нокардиялар, родококкалар, бациллдер, клостридииялар, стафилококктар, лактобациллдер. Патогенді бактериялар саны көп болмайды. Белсенді тұнба МО үлпектәрізді агрегаттар түзіп, тұнбаға түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет