Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Лекция 13- Шаруашылықта микроорганизмдерді пайдалану: жем өндірудегі микроорганизмдер және жемді сүрлемдеу



бет50/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Лекция 13- Шаруашылықта микроорганизмдерді пайдалану: жем өндірудегі микроорганизмдер және жемді сүрлемдеу.

Мақсаты: Мал шаруашылығында микроорганизмдер ролі жайлы ұғым қалыптастыру

Қарастырылатын сұрақтар

  1. Мал азығын дайындау, сақтау және өңдеу технологияларының ролі.

  2. Сүрлемдеу және пішендеме жасау

  3. Сүрлем жасау барысындағы микробиологиялық үрдістер

Ауыл шаруашылығының нарық экономикасына көшу нәтижесінде аудан арасындағы өндірістік байланыстар өзгеріп, мал шаруашылығында белоктық, витаминдік және минералдық қоспалардың жеткізілу жүйесі бұзылды. Соның салдарынан мал азығының сапасы төмендеп, өндіретін өнім бірлігіне шаққандағы жем-шөп шығыны жоғарылай түсті. Жемшөп даярлаудағы және мал азықтандырудағы кемшіліктер жануарлардың өнімділігінің генетикалық пәрменін төмендетеді.

Соңғы он жылдықта мал азықтық базасы және қоректік заттарды пайдалану эффективтілігін күшейту мақсатында жаңа азықтық дақылдар мен қоректік заттардың бактериялар биомассасы сияқты дәстүрден тыс көздерін пайдалана бастады. МО биомассасын малды азықтандыруда қолдану белок тапшылығының проблемасын шешіп, қоректік заттар шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.



Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында және медицинада амин қышқылдарын қолдану кең етек жайып отыр. Амин қышқылдарын мал азығына қосып беру белоктың кемшілігін толтырып, белокты балансты қалпына келтіруде мәні зор. Кейбір тағамдық және азықтық өнімдер құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары, әсіресе лизин кем болады. Ондай өнімдерге бидай, жүгері, сұлы, күріш, т.б. жатады. Аминқышқылдарының дисбалансын қалпына келтіру үшін оларды таза күйінде немесе өндірісте дайындалатын аралас жемдерге қосады. Сондықтан да амин қышқылдарын пайдаланудың негізгі аясы жемдегі өсімдік белоктарын төмендетуге бағытталған рациондарды құру болып табылады. Аминқышқылдарының жасанды қоспалары табиғи жемді үнемдеуге жағдай жасайды. Азықтық белокты және белок витаминді концентраттарды қолдану малдың өнімділігін арттыратыны дәлелденген. Мал шаруашылығында азықты белокпен байыту микробыт синтез өнімдерінің көмегімен іске асырылады. Микроорганизмдер белокқа бай келеді, ол оның жалпы биомассасының 70-80% құрайды. Синтез жылдамдығы орасан зор әрі климаттық, мезгілдік факторларға тәуелді емес.

Ашытқылар биомассасы биологиялық тұрғыдан алғанда ең толыққанды жем түрлеріне жатады. Оның құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары түгелімен бар және деолар өсімдіктерден алынған концентрлі белок препараттарымен салыстырғанда тез сіңеді. Азықтық ашытқыларда азықтық жемшөпке (сұлы,арпа) қарағанда лизин 9-11 есе, метионин 5-7 есе, триптофан 2-4 есе көп. Сонымен бірге ашытқылар витаминдер мен микроэлементтердің, ферменттер мен гормондардың табиғи көзі б.т.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет