Лекция №1-2 Оқу және оқыту үрдісі. Жаңартылған білім мазмұны және мұғалімнің кәсіптік бағдарлары. Бақылауға арналған сұрақтар


Білім беру сапасының критерийлері



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі49 Kb.
#81023
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
тапсырма-1-3 апта жанерке

Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі;
2. мұғалімнің білімділігі;
3. мұғалімнің тәжірбиесі;
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі;
5. білім беру сапалылығы;
6. еңбектің тиімділігі;
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі;
Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Лекция №5-6 Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану.
Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Оқу процессіне Lesson Study әдісін ендірудегі мақсат?

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады.

  1. Оқу процесінде Lesson Study-ді қолданудың артықшылығын атаңыз?

Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет