Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №7 Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің инфраструктурасы



бет15/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Лекция №7
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің инфраструктурасы
Лекция жоспары:
1.Білім беру жүйесінің мекемелеріндегі әлеуметтік педагог
2.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі әлеуметтік педагог


Лекция мәтіні:
1.Білім беру жүйесінің мекемелеріндегі әлеуметтік педагог
1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті. Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог - ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші. Негізгі қызметі - адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты - оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол - әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.
В.А.Сластенин әлеуметтік педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық маңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген жүйкелік және психикалық шыңдардың болуын ескерту; өзімен тұрақты жұмыс істеуді талап ететін кәсіби қызметінің шығармашылық табиғатын ұғыну қажет.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады. Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешек қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушыларының әлеуметтік картасы жасалады.
Осы карта бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог мұндай балаларға жоспарлы түрде материалдық және рухани көмек ұйымдастырады.
Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді.
Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелерді анықтау принципі бойынша жасалады. Дегенмен бұл бағыттар әлеуметтік педагогтың біліктілік сипатынан алынып, бала тәрбиесімен айналысатын: мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшінің, баланың жақын туыстарының бұл жұмысқа түгелдей қатысуын талап етеді.
Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың келесідей бағыттарын бөлуге болады:

  • Отбасындағы оқумен, тәрбиемен байланысты мәселелер бойынша

көмек көрсету;

  • Баланың сабаққа үлгермеушілігінің және сабаққа қатыспауының себебін жоюға көмек көрсету;

  • Балаларды, ата-аналарды, қоғамдастықтарды әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру;

  • Маңызды салдарды болдырмау үшін дамудың алғашқы кезеңдеріндегі баланың қызығушылығына әсер етуші қиын өмірлік жағдайларды, мәселелерді, дау-жанжалдарды шешу, диагностикалау;

  • Балалардың қажеттіліктері бойынша ұсыныстарды анықтап, нақты білім алушылар үшін арнайы көмекті қажетті мамандарды және ұйымдарды тарту арқылы көрсету;

  • Мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда балалармен болатын дау-жанжалды жағдайларды шешу бойынша көмек көрсету;

  • Білім беру мекемесінің іс-әрекетінің түрлі бағыттары бойынша жоспарлар, жобалар және бағдарламалар жасауға көмектесу;

  • Педагог мамандардың, отбасылардың, балалардың құқықтарын анықтау;

  • Оқу сабақтарының кестесінен тыс оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бойынша практикалық мәселелерді шешу.

Әлеуметтік педагогтардың міндеттерін іс-әрекеттің бейіні бойынша (денсаулықты және тазалықты сақтау, мектептік және әлеуметтік бейімделудің алдын алу, ата-аналармен жұмыс бағыттары, мәдени-демалыс жұмыстары); сыныптар, сынып топтары бойынша; типі бойынша 25-50 отбасына «отбасылық әлеуметтік педагог» деп бөлу мүмкін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет