Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Арнайы пәндерде интерактивтік оқыту технологиясы



бет66/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Арнайы пәндерде интерактивтік оқыту технологиясы
Интерактивті оқыту, ең алдымен, студент пен оқытушының қарым-қатынасын тікелей жүзеге асыратын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтік оқыту - танымдық әрекетті арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі - студент өзінің жетістіктері мен интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі аудиториядағы барлық студент таным процесімен қамтылып, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әрекет етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, білім алушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр студент өзіне тән ерекше еңбегін сіңіріп, білім, идея, әрекет ету тәсілдері үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытып, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектену дәрежесіне көтереді.
Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процессуалдық (қандай оқыту), мотивациялық (студенттер әрекетін қалай белсенді етуге болады), және ұйымдастыру (білім алушы мен оқытушы әрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осылардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына - мазмұнды қарым-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру (интеграция), дидиактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.
Процессуалдық жағына - бағдарлау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық оқу барысына мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Осы концепциялардың барлығы өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі.
Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр студенттің жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М.В.Кларин, Ю.С.Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогка оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығы мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әр түрлістуденттерді ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар.
Интерактивтік оқыту технологиясы (ИОТ) деп, нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студенттерге педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушыларының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет