Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары



бет59/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары
Педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық-бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесі анықталды.
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық процестің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастық жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүмкіндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;
Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау - ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыреттіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.
Жобалаудың басты ерекшелігі - оның объектіні дамытуға бағытталуы, «жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады».
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі.
Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді.Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет