3.Субъектілердің белсенділігі, олардың өзара әрекеттестігі, жүйелілігі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары ретінде. Әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу және сапасын бағалау деңгейінде әлеуметтік-педагогика танып-білу және қайта құру әдіснамасын айқындайтын аса маңызды құраушы аксеологиялық негізі болып табылады. Оның субъектісі - әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтайтын және оны іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекет немесе әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқаратын, оған баға беретін маман. Осыған сәйкес, әлеуметтік-педагогиканың аксеологиялық негіздеріне талдау жасауды солардың ұстанымы тұрғысынан жүргізу қажет.
Әлеуметтік педагогиканың аксеологиялық негіздері - әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу құндылықтары және оны қайта құру туралы ілім. Олар:
- әлеуметтік педагогика қызметінің басымдықтары, мұраттары, құндылық тары, мақсаттары, нормалары мен ережелерін білдіретін білімді, сондай-ақ, негізгі білімді қамтиды.
- әлеуметтік-педагогикалық білімнің иесі ретінде адамның бағытын анықтайды;
- тарихи, әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.
Басымдықтар мемлекет пен қоғамның әлеуметтік саясатына, олардың өзара әрекетіне байланысты. Осы заманғы Ресейде басымдықтар мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік әділдік;
- адамды, соның ішінде, баланы әлеуметтік қорғау;
- жеке тұлға дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу;
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетулер;
- адамның әлеуметтік дербестігі.
Осы заманда идеялық мұраттар көп жағдайда РФ Конституциясы сондай-ақ, басқа да нормативтік құжаттармен анықталады. Олардың негізінде адамды әлеуметтік-педагогикалық қорғаудың басымдықтары жатыр. Әлеуметтік педагогиканың көптеген мұраттары ұлттық және діни дәстүрлермен, адамға, балаға, отбасына, отбасылық тәрбиеге, мектепке және басқа әлеуметтік-мәдени факторлармен анықталады.
Құндылықтар қоршаған әлемнің объектілері мен құбылыстарының адам үшін оңды немесе кері мәнді болуын, олардың адамның өмір сүру салаларына қатысушылығын айқындайды. Бұл - мәдениеттің басты элементтерінің бірі.
Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар ретінде жеке тұлғаның (патриотизм, әлеуметтік бағдарлылық және табыстылық, тәртіптілік) және мемлекеттің (адамдардың қызметінің тиімділігі, әлеуметтік әл-ауқаты, білімі) құндылықтары саналады. Олар азаматтық қоғамның құндылықтары мен ұлттық жобаларында (қорғалғандық, бостандық, ұлттық идея, патриотизм, рухани байлық) көрініс тапқан.
Қағидалар - объективті сипатта болады, оларды есепке алу және олардан туындайтын негізгі талаптарды орындау, әлеуметтік-педагогикалық қызмет табыстылығының перспективаларын анықтайды.
Мақсаттары - мінез-құлық элементтернің бірі, сапалы қызметтің тікелей көрінісі, санадағы, ойдағы қызметтің нәтижесі және оған жетудің жолдары мен тәсілдері болып сипатталады, қол жеткізілуіне бағытталған іс-әрекет нәтижесінің алдын ала мақтан тұтарлық саналы образы.
Әлеуметтік-педагогикалық таным және әлеуметтік-педагогикалық шындықты қайта құру мақсаттары алға қойылады.
Әлеуметтік-педагогикалық танымның мақсаты - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың себептік-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын анықтау және олардың негізінде теориялар мен әдістердің әзірлемесін жасау. Әлеуметтік-педагогикалық қайта құрудың мақсаты - жеке тұлғаның неғұрлым мақсатқа сай қалыптасуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік нормалар - ресми белгіленген немесе әлеуметтік-педагогикалық практиканың әсерінен қалыптасқан алдын ала ескертпе және қоғамда өзін-өзі ұстау ережесі мен қоғам өмірінің нақтылы тарихи жағдайларында адамның өзін-өзі ұстауын білдіреді. Олар жеке тұлғаның топтағы өзін-өзі ұстауда қалыптасқан немесе белгіленген мінез-құлқын, яғни оны сақтау индивид үшін өзара әрекетте қажетті шарт болатын стандарттарын анықтайды.
Әлеуметтік нормалар ресми және ресми емес сипатта болады. Ресми әлеуметтік нормалар - бұл заңнамалық актілерде, лауазымдық нұсқауларда, ережелерде, жарғыларда, басқа да ұйымдастыру құжаттарында баяндалған әлеуметтік нормалар. Ресми емес - қоғамда қалыптасқан және ортаның жазылмаған ережесі болып табылады.
Әлеуметтік педагогиканың дүниетанымдық деңгейі. Субъектінің дүниетанымдық деңгейі оның әлеуметтік-педагогикалық қызметке көзқарасы мен сенімін, тәжірибесін білдіреді. Ол субъектілердің өмірлік негізгі ұстанымдарын, олардың сенімдері мен идеяларын, қағидаларын, бағдарлы құндылықтарын анықтайды. Нақ дүниетанымдық деңгейі субъектінің әлеуметтік педагогиканың мәнісін қалай қабылдайтынын, яғни оның тиісінше танылуын көбінесе анықтап береді. Мемлекеттік деңгейде шенеунік әлеуметтік педагогиканың мемлекеттегі орны мен рөлін және оның даму келешегін анықтайды, мекеме, маман қызметінің әлеуметтік-педагогикалық бағытын бағалайды; зерттеуші - әлеуметтік педагогикалық болмыс және оның ғылым ретінде даму перспективасы.