Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым



бет6/22
Дата21.12.2022
өлшемі326,23 Kb.
#163703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Физиканы о ыту дістемесі – педагогикалы ылы

Бақылау сұрақтары:

  1. Пәнаралық байланыс.

  2. Пәнаралық байланыс түрлері

  3. Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.

  4. Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсетіңдер.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. П/р С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.

Лекция 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары
Жоспар:
1.Физика сабақтарының жүйесі.
2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау.
3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары.
Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру.
Дәріс мазмұны.
1.Физика сабақтарының жүйесі.
Орта мектепте оқу сабақтары сыныптық-сабақтық жүйе негізінде ұйымдастырылады. Сабақтар нақты кесте бойынша жүргізіледі.
Физикадан сабақтар жүйесіне, оқу сабақтарынан басқа, экскурсиялар, үйдегі жеке сабақтар, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс сабақтардың алуан түрлі формалары, өз бетінше білім алу сабақтары т.б. Оқу жұмысын жоспарлағанда оқу сабақтарының барлық түрлерін ескеру қажет, бірақ негізгі роль сыныптағы сабақтарға беріледі. Сабақтардың формасын таңдау оқу-тәрбиелік міндеттермен және оқу материалының мазмұнымен анықталады.
Сабақ оқу-тәрбиелік процестің негізгі бөлігі болып табылады. Негізгі дидактикалық мақсат бойынша физика сабақтарын келесі типтерге бөлуге болады:

  • Жаңа материалды оқып-үйрену сабағы;

  • Білімдерді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыру;

  • Білімді жалпыламалау, жүйелеу және тереңдету;

  • Білімді тексеру және есепке алу;

  • Аралас сабақ.

Аталған соңғы типке қандай да бір дидактикалық мақсатты бөліп айту қиын сабақтар жатады. Мұндай сабақтарда қойылған міндеттердің маңыздылығы шамамен бірдей болады. Типтес сабақтардың дидактикалық мақсаттары ғана емес, құрылымы да бірдей болады.
2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау.
Физика пәнінің мұғалімі оқу жұмысына дайындықты жылдық, жартыжылдық жоспардан және әр сабақты өткізуге арналған жоспар түзуден бастайды. Оқу жұмысының тиімділігі және реттілігі, сабақтардың жүйелілігі, бағдарламаны орындау сапасы, соңында, оқушылар білімінің тереңдігі және беріктігі жоспарлаудың нақтылығына байланысты болады.
Физика сабақтарына дайындықтың ерекшелігі мұғалімнің физикалық эксперимент дайындауы: көрсетілімді таңдау, құрал-жабдықтарды дайындау және қондырғыны жинақтау, жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға, тәжірибелерге және эксперименталдық есептерге қажетті приборларды жинақтау, тақырыптарға қатысты виртуалды эксперименттер дайындау.
Жоспар түзуге қажетті құжаттар: оқу стандарты, мектептің оқу жоспары және үлгілік оқу бағдарламалары. Жоспарлаудың екі түрі бар: күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарлары.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда тақырыптарды сабақтарға б-ліп жазу керек, онда жоспарланатын негізгі сабақтар мен бірге жаппай орындалатын лабораториялық жүмыстар, есептер шығару сабақтары, білімді тексеру сабақтары, экскурсиялар, қайталау сабақтары т.б. қамтылуы тиіс. Жоспарда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері нақты формаларға келтіріліп жазылады. Сабаққа дайындықтың соңғы кезеңі – сабақ жоспарын түзу, яғни өтілетін әр сабақты бөлек жоспарлау.
Мұндай жоспарлар мұғалімге сабақтың барлық элементтерін қөз алдына нақты келтіруге көмектеседі: мазмұнын, ретін, сабақ элементтеріне бөлінген уақытты (хронометраж), сабақтың бөлшектерін т.б. Сабақ үстінде жасайтын, айтатын, ұйымдастыратын нәрселерді ойластыру мен жазуға мұғалім өте көп күш және уақыт жұмсайды, басқа айтқанда, оның барлық еңбекпен өткен өмірі кетеді. Сондықтан, оқытушылық іс-әрекетті бастағаннан ақ сабақтарды жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеріп алған дұрыс болады. Практиканттар мен жас мұғалімдерге сабақтың жоспар-конспектін түзген пайдалы, кейіннен оны екіге бөлуге болады: сабақ жоспары және конспекті. Біріншісі жыл сайын басынан жазылады, ал екіншісі нақты сабаққа қатысты жаңа әдістемелік нұсқаулармен, ғылым және техниканың жетістіктері жайлы материалдармен, қызықты есептермен, жаңа электрондық нұсқадағы материалдармен т.б. толықтырып отырады.
Сабақ жоспарының бірыңғай жазу формасы жоқ, бірақ онда келесі мәселелер орын алуы тиіс: сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, үй тапсырмасының орындалуын тексереру, оқушылардың алған білімдерін актуалдандыру құралдары мен әдістері, жаңа материалды өту реті мен әдістері, өтілген жаңа тақырыптарды бекіту және оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру, үй тапсырмасы және оған түсіндірмелер, қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдар, сладтар, видеофильмдер, компьютерлік бағдарламалар т.б. Түрлі типті сабақтарды өткізу жоспарлары өзгеше болады.
Түзілген жоспар мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеттерін шектемеуі керек, жағдайға байланысты жорпардан кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Сабақтар кейін жоспардың жетілген жерлері мен кемшіліктерін талдап берілген жаңа ақпараттар қөлемінің, қолданылған әдіс-тәлісдер тиімділігінің, көрсетілімдердің, виртуалды оқу материалдарының оптималды түрін таңдау жайлы өз ескертпелерін жазып қойған жөн болады. Бұл әрекеттер келешекте жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге, осы тақырыптағы сабақтарға дайындық уақытын үнемдеуге көмектеседі.
3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары.
Физикадан оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру екі өзара байланысқан мендеттерді атқаруға бағытталуы керек:
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін өз беттерінше оқып-үйрену арқылы дамыту, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету.
Алған білімдерін өздігінен оқуда және практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білуді үйрету.
Өз бетенше жұмыс істеуге дағдыланған оқушы оқу материалын белсенділікпен және терңірек меңгереді, шығармашылық еңбекке, өздігінен білім алуға дайын болады.
Физика пәнін оқуда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының келесі түрлері бар:
- Оқулықпен, анықтамалық, ғылыми-көпшілік кітаптармен, мерзімдік басылымдармен және интернет-ресурстармен жұмыс жасау, конспекттер түзу;
- Есептер шығару және жаттығулар орындау;
- Лабораториялық жұмыстар және фронтал эксперимент жасау;
- үлестірмелі материалдармен жұмыс;
- Сыныптастарының жауаптары мен баяндамаларына сын пікір ауту, оларды толықтыру;
- Рефераттар мен мәлімдемелер дайындау;
- Үй жағдайында кейбір қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу.
Параграфтардың немесе тараудың соңында берілетін сұрақтар жүйесінің және жаттығулардағы есептердің, практикалық тапсырмалардың, мәтіндердегі суреттер мен кестелердің, зертханалық жұмыстарды орындауға берілген нұсқалардың білімдік салмағы бар. Олардың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделген, оқыту процесінде оларды тиімді пайдалану қажет.
Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да орындалуы тиіс. Оқушылар үй жұмысын орындау барысында, үйірме сабақтарында, ғылыми жобалар дайындағанда, интернетте жұмыс істегенде, олимпиадаға дайындық кезінде т.б. кездерде өз бетінше жұмыс істейді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше сабақта және сбақтан тыс уақытта орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды мәселе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет