Лекция мазмұны:
1. Етістік категориялары: етіс, рай
Семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты, жай күйді білдіретін сөз табын етістік дейміз.
Етіс категориясы. Етіс – қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы. Мысалы: Ол баласына хат жазды. Бұл хат кеше жазылды. Баласына хатты маған жаздырды.
Өздік етіс- қимыл, іс-әрекеттің орындаушыға, субьектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке –ын,-ін,-н қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: көр-ін-ді, шеш-ін-ді, тара-н-ды.
Ырықсыз етіс – қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп қимыл, іс-әрекеттің тура обьектіге оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл,-іл,-л қосымшасы, түбір құрамында –л- дыбысы болса, -ын,-ін,-н қосымшасы арқылы жасалатын етістік түрі. Мысалы: Кітап оқылды. Үй тазаланды.Сөз сөйленді. Хат жазылды.
Өзгелік етіс – қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьект арқылы істелінетіні білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс түрі. Етістікке 1)-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір: 2)-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: 3)-т: 4)-сет жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз-дыр, ас-ыр, айт-қыз, жаса-т, көр-сет.
Ортақ етіс – қимыл, іс-әрекетті бір емес, біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді. Түбір етістікке –ыс,-іс,-с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы: жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты.
Рай категориясы. Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетіне көзқарасын, қимылдың іс-әрекетке шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғаларжүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |