Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет58/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Зат есім. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, тағам, дауыл, жел, жылқы, терек, жол, у-шу, айқай, жейде т.б) бастап, адамның тек ақыл–ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, нарық, мінез-құлық, ырым, пікір, ырыс) аттарын да білдіре алады.
Зат есімнің лексикалық-семантикалық өрісінің кең екендігін оның құрамына енетін сөз топтары арқылы анықтауға болады.
1.Күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, қасық, табақ, кереге, жүген);
2.Тағам аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, нан, тұз, ет, шұжық, сүт, өрік, мейіз)
3.Жан-жануар аттары (жылқы, түйе, ақбөкен, киік, ит, қасқыр)
4.Өсімдік атаулары (бидайық, тобылғы, қайың)
5.Табиғат денелері мен құбылыстары (ай, жұлдыз, жауын, боран, аяз)
6.Адамның кәсібі, тегі, мамандығы, қабілеті, қоныс-тұрағы (мұғалім, тілші, диқан, қызметкер, саятшы, керей, найман, қазақ, орыс, саудагер)
7.Тұрмыс-салт, әдет-ғұрып сөздері (айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу)
Тұлғасы жағынан зат есімдер түбір тұлғасы да (бас, қол, су, жол), туынды да (басшы, бағбан, егін) бірігуі арқылы да (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп) қос сөз тұлғасы да (ер-тұрман, бала-шаға, қыз-келіншек) тіркесті де (темір жол, сары шатыр) түрінде қолданыла береді.
Адамға қатысты есімдерге кісінің аты-жөнінен бастап оның барлық әлеуметтік, қоғамдық, жай-күйін, хал-ахуалын білдіретін атаулар (ағайын, жекжат, қарындас, құдаша, дәрігер, көрші-қолаң, жарлы, бай т.б) адамзат атаулары деп аталады да, адамнан өзге өлі және тірі табиғат біткеннің бәріне қатысты атаулар (жартас, төбе, шыбын-шіркей, үміт, тілек) ғаламзат есімдері деп аталады. Адамзат атауларына кім? Деген сұрақ қояды. Адамзат есімдерінің жіктелу үлгісі арқылы ерекшелік танылады. Мысалы:
Мен Нұрланмын
Сен құдамсың
Сіз жекжатымсыз
Ол дәрігер, - ал ғаламзат есімдері болса жіктелмейді.
Қазақ тіліндегі зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы және жалқы есімдер деп бөлінеді. Жалпы есімдер деп – бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді, ал жалқы есім деп – жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға, яғни біркелкі заттар мен құбылыстардың жеке атауларын айтамыз.
Жалпы есімдер әлдеқайда мол әрі әр алуан. Тіпті грамматикалық ерекшеліктері де бар. Мәселен: жалқы есімдер көптелмейді, жалпы есімдер көптеледі, жалпы есімдер көптелгенде көптік мағынадан басқа мағына береді. Мысалы: Абайлар ауылдан ұзап барады – мағына топтық. Жалқы есім болатын сөздер тобы:
1.Кісінің аты-жөні мен лақап аты – Абай, Мағжан, Балуан Шолақ, Қожанасыр, Мәке, Сәке.
2.Географиялық және әкімшілік территориялық атаулар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық ұйымдар атауы. Ұлытау, Шымкент т.б.
3.Әдебиет, өнер және ғылым шығармалар және газет журнал аясындағы атаулар. «Абай жолы», «Саржайлау», «Жас алаш», «Жұлдыз» т.б.
4.Тарихи оқиғалар атаулары. Ақтабан шұбырынды, Ұлы Отан соғысы.
5.Лауазым, мадақтау иегерлері, мадақтау белгілері атаулары. Совет Одағының Батыры, ҚР Президенті, Парасат ордені.
6.Аспан, ғарыш әлеміндегі денелердің жеке аты. Ай, күн.
7.Үй жануарларына қатысты атаулар. Тайбурыл, Құлагер.
Есімдердің көптік мәнде болуы синтаксистік тәсіл арқылы ажыратылатындықтан, ешқандай да көптік жалғауынсыз көптік мағына беру бірқатар зат есімдерге тән. Мысалы: Шашымды осы сусабынмен жуамын. Құмның үстінде су шашып ойнауда. Етік аяғыма шап-шақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет