Одағайлар. Түрлері Одағай сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында қолданылады. Олар 3 топқа бөлінеді:
1. Көңіл-күй одағайлары.
2. Императивті одағайлар.
3. Тұрмыс-салт одағайлары.
Олардың жеке–дара лексикалық мағынасы болмайды, нақты ұғымдық мәні жоқ, сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспейді. Сондықтан олар оқшау сөздерге жатады. Дегенмен сөйлеушінің көңіл-күйін, императивті мәнін білдіреді.
1. Көңіл-күй одағайы. –Алақай! Бәрекелді! Оһо! Һа! Паһ-паһ!
2. Императивті ишара одағайы. – адамға байланысты айтылатын түрі: Айда!Тәйт! Сап-сап! Жә! Тек! Әлди-әлди! – малға, үй хайуанттарына байланысты айтылатын түрлері: Айтақ! Моһ-моһ! Шөре-шөре!
3. Тұрмыс-салт одағайы. – Хош! Хайыр! Рақмет! Ассалаумағалейкум! Құп! Ләббай! Кеш жарық!
Тұлғасына қарай одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.