Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Сөйлемнің мақсатына қарай түрлері



бет89/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Сөйлемнің мақсатына қарай түрлері. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып бөлінеді.
Бір нәрсенің немесе іс – әрекеттің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Баяндауыштың тұлғалық ерекшеліктерімен қарайтын болсақ, хабарлы сөйлем болымды, болымсыз, қалаулы, болжамды болып бөлінеді, ал баяндауыштың қай сөз табынан екендігіне байланысты етістікті және есімді болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлай мақсатында және баяу екпінмен айтылады. Бір сөйлемнен екінші сөйлем пауза арқылы айырылып тұрады. Мысалдар: Жаңбыр жауады (болымды), Жаңбыр жаумайды (болымсыз), Бүгін үйге қайтайықшы (қалаулы), Ертең келетін шығармын (болжамды), Бала жаурап қалды (етістікті), аспан ашық (есімді).
Басқа біреуден жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдер сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемдер сұраулық интонациямен айтылады да, дауыс сөйлемнің соңына қарай күшейе түсіп тұрады. Мысалы: Сен қазір қайда келдің? Сабаққа бардың ба? Сұраулы сөйлемдер негізінен ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулары арқылы жасалады. Мысалы: Бүгін келемсің бе? Сабақ оқыдың ба?

  1. Кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді сұрау есімдіктерін айту арқылы да сұраулы сөйлем жасалады. Мысалы: мені кім көрді?

  2. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыш құрамына еніп, сұраулық интонациямен айтылады. Мысалы: Сен түскен шығарсың? Мен барсам қайтеді?

  3. Баяндауыштың құрамында – ау, - ғой шылаулары мен ә одағайы айтылып та сұраулы сөйлем жасалады. Мысалы: Ол сұлу еді, ә? Ол барды ғой, ә?

  4. Ше демеулігі арқылы. Ол ше? Барсам ше?

  5. Интонация арқылы. Мысалы: Ертең болады? Ертең.

  6. Мазмұнына қарай ашық сұрақ, қарсы, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ болады.

Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, өтінішті білдіреді. Бұйрықты сөйлемдер интонация және баяндауыштың грамматикалық тұлғасымен ажыратылады. Дауыс қарқыны бұл сөйлемде негізінен баяндауышқа түсуі себепті бұйрықты сөйлем болады, өйткені белгілі бір іс әрекетті істеуді бұйырып, ерекше интонатциямен айтылады. Мысалы:Әй, Бақтығұл, жөніңе келсеңші! (М.Әуезов). Сен жөніңді айтшы! т.б.
Лепті сөйлем сөйлеушінің әр түрлі эмоциясын (көңіл – күйін, қорқынышын, қуанышын, аянышын, ызасын, т.б.) білдіру қызметін атқарады. Эмоцияны білдіру комуникативтік қызметтің басты элементі болып табылады. Мысалы: Жаздың ыстығы –ай! Қап, мына қыздың қорлығы-ай! Адам болып сөйлеуін! – деген сөйлемдер атаулы сөйлемдердің құрамының эмоцияны білдіруге жақсы бейімділік табиғатынан лепті сөйлем болып тұрса, ал мына сөйлемдер баяндауышының құрамы жағынан сұраулы сөйлем тәріздес, сөйткенімен осы сөйлем арқылы сөйлеушінің таңырқауы, таңдануы, реніші сезіледі. Мысалы, Қасқырдан бөлтірік тамасын ба? Сенің түбіңе жетпесем бе! Даусы мұнша зор болар ма!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет