Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Бастауыш, оның жасалу жолдары мен тұлғасы



бет92/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Бастауыш, оның жасалу жолдары мен тұлғасы. Бастауыш – сөйлемде бастауышпен грамматикалық байланыста тұрып, негізгі ойдың иесі білдіретін сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің бастауышына тән негізгі белгілер:
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі;
Сөйлемде кім? не? деген сұрақтарға жауап береді, зат есімнен басқа сөз таптары да субстантивтеніп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалғанда осы сұраққа жауап береді.
Бастауыштың грамматикалық көрсеткіші – атау септігі.
Баяндауыш арқылы іс – әрекеттің кімге, неге қатыстылығы айқындалады.
Бастауыш сөйлемдегі басқа сөздермен (баяндауыш, анықтауыш) синтаксистік қатынасқа түсіп жұмсалады.
Бастауыш негізінен зат есім, есімдіктерден жасалады, сондай – ақ басқа сөз таптарынан да жасалады.

  1. Заттық мағынада қолданылып, субстантивтенген сын есім сөздер атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Мысалы: Жақсы жүрген жеріне кент, жаман жүрген жеріне өрт.

  2. Заттық мағынада қолданылып тұрған сан есімдер де бастауыш болады. Мысалы: Үшінші бүгін алда келеді.

  3. Затттық мағынада атау тұлғада тұрған есімше тұлғалы етістіктер бастауыш болады. Мысалы: Бұйырған кетпен, жүгірген жетпес.

  4. Сөйлемдегі орнына қарай бастауыштың сұрағына жауап беріп, заттық ұғымда жұмсалған үстеулер, одағайлар да бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас. Інімнің алақайы үйді басына көтерді.

Қазақ тілінде бастауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып жіктеледі.
Дара бастауыштар тек бір сөзден болады. Мысалы: Қатты жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр.
Күрделі не үйірлі бастауыштар екі не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бірнеше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өзара синтаксистік тығыз байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркесіндегі сөздермен байланысқан болуы керек. Мысалы: Жолдасы екеуі сабаққа дайындалды.
Үйірлі бастауыштар да бірнеше сөзден құралады. Оның күрделі бастауыштан айырмашылығы бар. Егер күрделі бастауыштың құрамы бастауыш – баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады. Мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Бүгін сенің туған күнің екені тарс есімнен шығып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет